Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация



бет80/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Саясаттану оқулықтарында саяси жаңғыртудың түрлерін атап көрсетіледі, олар:
1. классикалық спонтанды үлгі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының жүйелі жаңғыруы негізінде қазіргі қоғамның басты құрылымдарының пайда болуы;
2. жаңғыртудың кешіккен және негізгі емес үлгісі, (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) жаңғыртудың кейбір алғышарттарының (нарықтық қатынас, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, өзгерістер синхронды емес, авторитарлы сипатқа негізделінеді;
3. кешігу жаңғырту үлгісінде (Испания, Португалия) бірінші саясат екінші экономика деген қағида ұсталынады. Дамыған қоғамға өту саяси мәселелерді шешуден, мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Ал, экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта келеді.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында (1992 ж.) саяси жаңғыртудың стратегиялық жоспары мен тактикалық әрекеттері белгіленген болатын. Бұл стратегиялық бағдарламада күшті президенттік республиканы қалыптастыру, көппартиялық жүйені құру, тұрақтылықты қалыптастыру, әрбiр азаматтың құқығы мен еркiндiгiн қорғауға бет бұру, қолайлы геосаяси жағдайға ие болу міндеттері қойылды. Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихын­дағы тұңғыш рет қарулы күштер, дипло­матиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар қалыптастырылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды.
«Қазақстан - 2030» Президенттік стратегиясы ұлттық бірлік пен әлеуметтік әділеттілік орнаған, халқының экономикалық әл-ауқаты жетілген, тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнатудың теориялық-әдіснамалық базасын және оған жетудiң жолдары мен әдiстерiн айқындаған құжат. «Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің саяси жүйесінің дамуына, саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келді. Еліміздегі саяси дамудың мақсаты саяси институттар және ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады. «Қазақстан-2030» стратегиясы жалпы ұзақмерзімдік мақсат пен ірі көлемді міндеттерге бағытталынған, мемлекет, партия және т.б. саяси институттардың саяси қызметті атқару бағыттары мен тәсілдерін анықтайтын басты құжат болып табылады.
2007 жылы 16-мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамның жеделдетілген дамуы» атты бірлескен мәжілісінде Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар назарын қазақстандық қоғамды әрі қарай саяси дамыту мен жаңғырту міндеттеріне аударды. Стратегиялық маңызды «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында билік өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін қайта бөлу, саяси партиялардың рөлін нығайту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту сияқты жеті негізгі бағыт бекітілген болатын.
Н.Ә. Назарбаев елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану міндетін ұсынды, дегенмен, қоғам өмірінің барлық саласында жүргізілетін реформалар тиімділігі саяси тұрақтылық пен демократиялық қағидалардың қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси санаға саяси құндылық ретінде енуіне тәуелді. Мәселен, Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа елдің іргесін қалау міндеттін үш бірдей жаңғырту негізінде шешілді деп атап көрсетілген болатын, олар:

  • мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау;

  • әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау;

  • қоғамдық сананы қайта өзгерту.

Қазақстанда саяси тұрақтылықтың сақталынуы, бұл мемлекеттіміздің даму кезеңдерінде саяси реформаларға басымдық мән беруінің нәтижесі деп санаймыз. Қазақстан - 2050 Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жетістіктері атап көрсетілді, олар мыналар:
1. қуатты да табысты мемлекет;
2. демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі;
3. түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен татулығы;
4. ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
5. қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен әлеуметтік саясат;
6. әлемдік қауымдастық таныған ел;
7. ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев бұл жетістіктеріміз қазақстандық дамудың үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс деп атап көрсетті.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, ол үшін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру міндеті ұсынылды. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастырудың негізгі саяси бағыты мыналар:

  1. мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу;

  2. басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізу,

  3. кәсіпқой мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

  4. мемлекеттік аппарат пен бизнес- қауымдастықтың жаңа өзара іс-қимыл

жүйесін құру;

  1. мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс;

  2. мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс;

  3. құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру 2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет