ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан – 2050» Стратегиясын әрі қарай тарата түсетін Жолдау болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасы негізінде ұсынған ұзақмерзімді басымдылықтың жетіншісі – мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, мына міндеттерді ұсынды:
1. адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, жоғары құқықтық мәдениет ахуалын қалыптастыру;
2. мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдерін қалыптастыру;
3. сот жүйесі ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс;
4. мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуі;
5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру;
6. жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру .
«Қазақстан-2050» Стратегиясы еліміздің мемлекеттік институттарының саяси дамуына, мемлекеттің өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiнiң жетілуіне және талап-қолдау мен саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiнiң қалыптасуына алып келеді. Еліміздегі саяси жаңғыртудың мақсаты мемлекеттік институттар және ашық түрдегi саяси билік арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу болып табылады.
Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей саяси жүйені жаңғыртудағы маңыздысы құрылымын өзгертуде емес, оның іс-әрекеті мен қызметін жетілдіруде. Сондықтан, саяси жүйені жаңғырту мыналарға:
саяси институттардың жаңа проблемаларды шеше бiлу қабiлетiн арттыруға;
қоғаммен ашық сипаттағы қатынасын жетілдіруге;
саяси жүйенiң өзгерушi әлеуметтiк жағдайға икемдi бейiмделу қабiлетiн көтеруге;
талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мемлекеттің болашақ даму міндеттері мен саяси бағытын айқындайтын кешендік және жүйелілік сипатқа ие тарихи құнды құжат.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық уақыт бойынша тұрақты және өзгеріссіз болмайды. Бұл объективті және субъективті факторлар ықпал ететін қолдан жасалған процесс. Қазақстанның 22 жылдан аса әлеуметтік күйзеліссіз және этноконфессиялық шиеленіссіз болуы – бұл сөзсіз ел Президенті Н.Ә. Назарбаев пен оның командасының зор еңбегінің, өздерінің саяси шешімдерінде саясатта маңызы зор саяси көрегендік қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ саяси дамудың болжамдық нұсқаларын құрастыру мен жағымды және жағымсыз сәттерді қатал есептеуге негізделген салауатты прагматизмге де сүйенулері болып табылады.
Лекция-14. Саясаттағы шиеленістік және дағдарыстык жағдайлар Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі. Саяси шиеленістер, олардың қоғамдық өмірдегі орны. Саяси шиеленіснің құрылымы. Саяси шиеленістердің жіктелуі және қызметі.
Саяси шиеленістердің жіктелуі және қызметтері. Саяси шиеленістің динамикасы. Саяси шиеленістердің алдын алу амалдары мен көздері. Қазақстанда саяси шиеленістің алдын алу амалдары мен көздері