Билiктiң тармақтарға бөлiнуi. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.
Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау жасайды.
Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.
Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшін жояды.
3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.