Лекция. Сезім және эмоция. Лекцияның жоспары: Сезім мен эмоция туралы түсінік. Сезім мен эмоцияның ұқсастықтары мен айырмашылығы. Эмоция мен сезім теориялары


Адам өмірінде эмоциялардың орны аса маңызды



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі51,91 Kb.
#15528
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1599052282357

3. Адам өмірінде эмоциялардың орны аса маңызды. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Эмоция теориялары: В.К.Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырады. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.

Эмоциялардың теориялық мәселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субьектінің сезімдік –заттық іс әрекетімен байланысының ішкіпсихологиялық механизмі ретінде қарастырады.Олар ағзаның енжар күйі емес, оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен қатынасын оятады және реттейді.



П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй, аффектілермен эмоцияларсияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады.

А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім –тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер-нақты жағдайлардың жалпылау нәтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғарғы нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет