Лекция. Сезім және эмоция. Лекцияның жоспары: Сезім мен эмоция туралы түсінік. Сезім мен эмоцияның ұқсастықтары мен айырмашылығы. Эмоция мен сезім теориялары



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі51,91 Kb.
#15528
түріЛекция
1   2   3   4   5
Стрестің физиологиялық негізі- американдық физиолог У.Кеннонның гомеостазис туралы ілімі мен Канада ғалымы Г.Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндегі зерттеуі

Санамыздан мықтап орын алған әлеуметік – экономикалық және психологиялық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкесті проблемаларымызбен бірге ХХІ ғасырда еніп барамыз. Өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, сексуалдық революция, зорлық – зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы бәрі – бәрі қоғамның жүйесін тоздырып, адамдар арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде стрестік жағдайды үдете түсуде.

Иә, көптеген адам үшін стресс деген ұғымның құбыжықтай көрінетіндігі рас. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «кернеу қысым» дегенді аңғартады. Алғаш рет стресті ғылыми тұрғыдан сипаттаған канадалық ғалым Ганс Селье болатын. Оның 1936 жылы тапқан осы жаңалығы сол кезге дейін беймәлім болып келген ғалымның атын бүкіл әлемге паш еткен.

Ғалымның пайымдауынша, стресс – кез – келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни, стресс – тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беру үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.

Ғалымның айтуынша, стрестің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:


  • бүйрек үсті бездері белсенділігінің артуы және соның салдарынан қанға кортикойтарының бөлінуі;

  • айырықша бездің жиырылуы және соның салдарынан лимфатикалық бездердің семуі немесе кішіреюі, қоздырғыш әсерден тежелуі және қанттың бөлініп шығуы;

  • асқазан шырышты қабырғада нүктелі қан кету және қанталаған кішкене жаралардың пайда болуы;

5. Ганс Селье стрестің дамуының мынандай 3 сатысын атап көрсеткен:

  1. Үрей сатысы – бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы, бұдан

былайғы тағдарыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс, бұл кезеңде стрестік салмаққа бейімделмеу процесі өтіп жатады, егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз , өліп кетуіңіз мүмкін. Шығыстың ұлы ғұлама дәрігері Әбу Әли Ибн Сина тарапынан да сипатталған. Ол мынандай қызық жайтты баяндайды. Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады. Жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой шектен тыс қорқыныштан көп ұзамай өліп кетеді, ал қасқырдың тасасында оны көрмей қалған қой аман қалады.

  1. Стрестің жүзеге асуы – ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсу

арқылы орындалады. Ұзақ стресс және үрейлі жағдай ауруға алып келеді, ол қысқа мерзімді стресс керісінше, тәннің белсенділігін арттырып, ширата түседі. Мәселен спортшы жарысқа қатысу, артист сахнаға шығу кезінде қорқыныш не толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.

  1. Постресс – діңкенің құру кезеңі – стресті жайттардың ұзақ уақытқа

созылуы, үздіксіз қысым жасалуы, жүйкенің әбден діңкелетіп, денсаулықты бұзады. Қазіргі күнде белгілі болғандай көптеген аурулар тәндегі гоместаздың бұзылуына алып келетін срестік жағдайлардан тұрады. Стрестен тек жүрек талмасы, қан қысымы, невроз, жүйке аурулары ғана емес, асқазанның ойық жарасыда туындайды.

Осыған орай орта ғасырдың ұлы ойшылы Әл Фарабидің мынадай пікірін келтіргеніміз жөн: «Денсаулықты сақтау үшін барлық нәрседе де қалыпты өлшемді сақтау керек. Өйткені шектен тыс жеген тамақ қарынға салмақ түсіріп, семіздікке алып келсе, толық тамақтанбау әлсіздікке алып келеді де денсаулықты бұзады».



Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен, өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым-тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына қарай өрістейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет