Барлық ағзаны нығайту, оның қорғаныс қасиеттерін күшейту.
Дене белсенділігі, шынықтыру процедуралары, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту - мұның бәрі кез келген ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Бұл жалпы ұсынымдар бронх, өкпе және басқа да тыныс алу органдарының ауруларын болдырмау бойынша нұсқаулықтар болып табылады.
Таза ауада серуендеу, үй-жайларды дер кезінде желдету, шыныққан иммундық жүйе - бұл бронхит пен өкпенің қабынуын болдырмаудың бір жолы.
Ата-аналар балаларды шынықтыруға, суық тиюді дер кезінде емдеуге және баланы медициналық тексеруге апаруға, дәрігерлер берген ұсынымдарды орындауға; ойындар кезінде көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге тиіс. Ересектерге жылыту маусымында көмірде аз күл мен күкірт бар жоғары сапалы отынды қолданған жөн. Күлді шығарғанда оны ылғалдап, маска киген жөн. Ауылдық елді мекендер үшін - көмірді сақтау үшін аулаға орын бөлу, жылыту маусымының аяқталуына қарай алып тастау. Су тасқыны кезінде қож бен күлді бөгегіш материал ретінде қолданбау керек.