Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



бет9/17
Дата14.09.2023
өлшемі133,69 Kb.
#107297
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
лекция жинағы

8 -лекция. Тақырыбы: Сабақ типтері

Лекция мақсаты: сабақ типтері туралы ұғым, және олардың түрлері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Жоспары:
1. Аралас сабақты өткізу әдістемесі
2.Зертханалық-практикалық сабақтар.
З.Экскурсия және семинар сабақтары .
Лекция мәтіні:
1. Аралас сабақты басқаша жалпы сабақ деп те атайды.Ол сабақтардың ең жиі кездесетін түрі. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыладың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақ тақырыбын таныстыру, мақсатын анықтау. Бұл бөліснің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу.
  1. Үй тапсырмасын тексеру әртүрлі түрде орындалады. Кейде оқушылардың жұмысын көріп шығу да жеткілікті болады. Кейде ішінара тексеру жүргіземіз немесе оқушылардың өзара тексеруін өткіздіреміз.


  2. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін ауызша тексеру жүргізілуі мүмкін. Ол жеке дара, жаппай сұрау арқылы жүргізіледі.


  3. Жаңа білімді баяндау, жаңа материалды талдау.


  4. Өтілген тақырыпты бекіту. Ол әртүрлі формада жүргізілуі мүмкін (жаттығу, пысықтау, практикалық жұмыс т.б.) Жаттығу жұмыстарында оқушыға мұғалім көмектесуі мүмкін.


  5. Өтілген материал бойынша оқушылар білімін анықтау (өзіндік жұмыс) 5-6 минут.


  6. Үйге тапсырма беру.



Озат мұғалімдер В.Шаталовтың, В.Давыдовтың, Л.Зориннің ұсынған нұсқаларын аралас сабақтарда қолданып, уақытты үнемдей отырып жаңа материалды терең игеруге негізделген. Олар: ақпаратты ірілеп беру, структуралық схеманы жетілдіру, ақпаратты модельдеу, тірек схемаларын пайдалану, сабақ үстінде оқушылармен кері байланысты жетілдіру, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру т.б.
Оқушылардың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру керек: сыныптың белсенді оқушылар тобын құру, ауыспалы жұптық, өзара жарыса оқитын топтық ұжымдар өзіндік жұмыстар орындау керек.
Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:

  1. Жаңа материал бойынша 4-5 минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізіп жаңа материалды бекітіп алу.

  2. Өтілген материал бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.

Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:



    1. Оқушылаа аяқталмаған, бекітілмеген материал бойынша үй тапсырмасын беруге болмайды.

    2. Үй жұмысы негізінен келесі жаңа материалға дайындық түрінде болғаны жөн.

Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады.


2. Зертханалық-практикалық сабақтар

Зертханалық, практикалық сабақтар оқушылардың жаңа білім алуы мақсатында немесе теориялық білімді бекіту мақсатында жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым сапалы түрде және берік игеруге жәрдемдеседі. Бұл сабақтардың құрылымы шамамен мынадый:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мұғалімнің түсіндіруі және тапсырма беруі

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беруі

  4. Оқушылардың тапсырманы орындауы

  5. Орындалған жұмыстың жазбаша есебін өткізу

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Сабақтың аяқталуы

Эксперимент, зертханалық және практикалық жұмыстардың орындалу барысы немесе қорытындысы жазылып, оны мұғалім тексереді.
Танымжорық ол орыс тілінде экскурсия ( лат excursion- сапар, серуен)-ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылатын коллективтік сапар және жорық.
Танымжоықтың мазмұны зерттеу обьектісіне байланысты ( табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар орны) тақырыбы бойынша мәдени-тарихи , ғылыми, жаратылыстану, өндірістік, өлкетану т.б танымжорықтар болады. Танымжорық оқушылардың жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда танымжорық оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімделген оқу программалық және мектептен тыс танымжорық болып бөлінеді.
3. Сыныптарда мынандай танымжорықтар болуы мүмкін:
Күзде,тақырыбы “Өсімдіктердің гүлдері мен жалпы танысу.” Орманда, жазық далада. Бұл жерде оқушылар әр түрлі өсімдіктерді көреді. Олармен танысады, тіршілік ету мекенін көреді. Олардың көбеюі, өмір сүру ұзақтығы, көбінесе гүлді өсімдіктерге назар аударады. Күздің келгенін байқайды.
Қыста, бұл кезде де танымжорыққа шығуға болады “ Қысқы өсімдіктер”.
Тақырыбы: “ Өркен”. Оқушылар әр түрлі ағаштармен танысады, өркені, ұзындығы, бұталары, талшықтары, сабақтары т.б бұл танымжорықты сквер, саябақта жүргізіледі.
Көктем айындағы танымжорықтар парниктерге, теплицаға жүргізіледі. Бұл жерде адамдар өсімдіктерді қалай өсіріп баптайтынын айтып береді. Олар ботаникалық бақшалар және гүл өсірушілер болуы мүмкін.
Семинар сабақ.Семинар сабақтарда курстың бір тарауы немесе оқу материалының бір үлкен блогы бойынша алдын ала берілген сұрақтар талқыланады.
Семинар сабақтың ойдағыдай өтуі екі жағдайға:
талқыланатын мәселелер шеңберінің айқындығына

  1. оқушылардың дайындық деңгейіне – байланысты болады.

Семинар сабағын жеке оқушылар баяндама және хабарламалар жасайтын, ал өзгелері сұрақтар қойып, пікір алмасып бұларды толықтыратындай етіп құруға болады.
Мұндай семинарда ең маңыздысы – оқылатын баяндаманың мазмұны мен формасы, сондай-ақ мұғалімнің бағыт беруші ролі, оның айтыс пен талқылауды ұйымдастыра білу қабілеті болып табылады. Мұғалім талқылауды қажетті арнаға бұра отырып айтыс пікір таласын туғызатындай проблемалық сұрақтар қоя білуі керек. Осылай өткізілген сабақ оқушылардың ойлауын жандандырады. Семинар дұрыс өткізілмесе ол әдеттегі сұрау сабағына айналады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сабақ типтері дегеніміз не?

  2. Кіріспе, қорытынды сабақ құрылымын түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет