Пән бойынша глоссарий Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән;
зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады;
морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым;
онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі;
омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар;
палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді;
симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші;
таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы;
тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі;
ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары;
ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы;
филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы;
физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым;
экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы;
протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы
организмдерді зерттейтін ғылым;
гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым;
энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым;
малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым;
ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым;
герпетология – қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым;
орнитология – құстарды зерттейтін ғылым;