Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет


-лекция. Тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі



бет11/17
Дата14.09.2023
өлшемі133,69 Kb.
#107297
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
лекция жинағы

10-лекция. Тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі.
Лекция мақсаты: мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру.
Жоспары: 1. Ойын сабақ туралы түсінік.
2. Ойын сабақты ұйымдастыру жолдары.
Лекцияның мәтіні :
1. Қазіргі кездегі мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жаңдайынад білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына ойын, пікірталас, сайыс, конференция т.б. сабақтарын жатқызуға болады.
Дүниетану пәнінде ойын сабағын өткізудің маңызы зор. Өйткені оқушылардлың пәнге деген қызығұшылығы артып, ой-өрісі дамиды, танымдық іс-әрекеттері артады.Ойын түрлері қолданылатын сабақты ойын сабағы деп аталады.
Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарда біліп, орындап отыруы тиіс:
  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.


  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртәбә оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.


  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.


  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың тез шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.


Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығұшылығын арттырады.

2. Дүниетану сабақтарында мынадый ойын түрлерін пайдалануға болады.
1.“Әр әріптен бір сөз” ойыны оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді:
1-оқушы 2-оқушы 3-оқушы
р а а ы д р у ы а л р ы д а р
а л қ н ы м ы л н д а ы з а р
қ а ы с а р д а м й с т
в т н ш п а
Ойын тәртібі: сынып 3 топқа бөлінеді, әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбәр әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп, соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.
2.“Ойлан, тап” ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады.
“Ойын тәртібі: мұғалім бір сөзді ақырын айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім “ұзын” десе, оқушы “қысқа” дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім “Отан” десе, оқушы “туған жер”, “ел”, “атамекен” дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.
3.”Топтай біл” ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады.
Сәбіз, қияр картоп – көкөністер.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ойын сабақ қалай ұйымдастыруға болады?

  2. Ойын сабақтың құрылымы қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет