Лекция табиғат пайдалану жағдайлары Табиғат пайдалану деп



бет2/4
Дата03.05.2023
өлшемі187 Kb.
#89430
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 10

Табиғат пайдаланушылар:

  • Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);

  • бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап калатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының кұқықтары мен міндеттері болады. Табиғат пайдаланушылардың: заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; өзінің шаруашылық және өзге де кызмет әдісін дербес таңдап алуға; жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар.
Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Табиғат пайдаланушылар: табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялықталаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға; берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге; қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға міндетті.


Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ресурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады. Табиғат объектілеріне карай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді: жер пайдалану құқығы; су пайдалану құқығы; орман пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; жануарлар дүниесін пайдалану құқығы; атмосфералық ауаны пайдалану немесеатмсфералықауаныластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет