Лекция тақырыбы : Спорттық құрылғылар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Лекция тақырыптары: Спорттық-педагогикалық шеберлік. Қозғалыс білік дағдылары


Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері



бет7/8
Дата05.02.2023
өлшемі91,97 Kb.
#65262
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4 daris 2

Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері.
Дене тәрбиесі ұжымының секцияларында дене жаттығулары мен спорттық машықтануға үйрету процесі ұйымдастырылады. Егер оқушы спорттың сол түрінің техникасын үйренуге алғаш кіріссе, онда спорттық жаттығуларға үйрету процесі анық байқалады. Сөйте тұра, секцияға мүше болған оқушы сол спорт түрінің негізімен бұрыннан таныс болғанның өзінде де спорт жаттығуларына үйрету жалғаса береді. Үйрету дегеніміз - мұғалім әр түрлі әдістер мен үйрету тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларға дене тәрбиесі саласындағы білімдерді хабарлау және оларға бұрыннан ойластырылған қоғамдық маңызы бар білімдер мен дағдыларды сіңіру. Бұл білім, білік, дағдылардың аумағы мен тереңдігі мектеп дене тәрбиесі ұжымының секциясына арналған сол спорт түрінін бағдарламасымен анықталады. Дене жаттығуларына үйрету оқушылардың дербестігі мен қызығушылығы, белсенділігі, үйретудің мазмұны мен әдістері, мұғалімнің жеке басы мен беретін тәрбиесі бір-бірімен өзара үйлесіп жататын ете күрделі педагогикалық процесті қарастырады. Үйрету ешбір жағдайда да дене жаттығуларының шағын келемін оқушының орындауында «үстірт үйренуге» әкелмеуі керек, қайта, арнайы жаттығулардағы жетістіктерді арттыру үшін қажетті негіз есебінде оқушылардың жан-жақты дене дайындығын қалыптастыруды мақсат етуге тиіс.
Үйрету тәрбиелеушілік сипатта болуы қажет, яғни оқушыларды патриоттық жөне Отанға берілгендік рухында тәрбиелеуге идеялық жағынан бағытталуы керек.
Жекелеген спорттың жаттығулардың түрінде «үстірттіктен» қаша отырып, мұғалім оқыту мен машықтандырудың педагогикалық процесін қалыптастыру және оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оларды бірінші кезекте спортпен айналысудың қоғамдық-тәрбиелік маңызы алға шығатындай, ұйымшыл ұжым құратындай және адамгершілікке тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Осы бір күрделі тәрбие жұмысы спортпен айналысудың техникалық жағымен тығыз байланыста болуы керек.
Үйретудің тәрбиелік сипатына дене жаттығуларына үйретудің дұрыс әдістері арқылы жетуге болады. Оқушыларды дене жаттығуларына үйрете отырып, мұғалім олардың дене жөніндегі білімін арттырады, организмін жан-жақты жетілдіре отырып дамытады және оқушыларды отан сүйгіштік рухта тәрбиелейді.
Спорттық жаттығуларға және машықтануға үйрету педагогикалық процесс бола отырып, адамның жоғары нерв қызметі туралы И. П. Павлов адам организмін жекелеген органдар мен органдар жүйесінің механикалық жиынтығы емес, нерв жүйесімен басқарылатын және барлық органдардың кызметі өзара бірігетін тұтас организм түрінде қарастырады.
Сыртқы күштердің кез келген тітіркенулері, сонымен бірге ішкі органда орналасқан сезімтал соңғы нүктелерден алынатын тітіркеністер өткізгіш нерв жолдары арқылы бас миының үлкен жарты шарының қабығына беріледі. Адамның бас миының қабығында қабылданған тітіркеністі түйсіну (кабылдау) және онын бойға тарау процесі (жоғары нерв қызметі жөніндегі Павлов заңдары бойынша: қозу және тежелу, әсер ету көлемінің үлкеюі және жинақталуы, өзара ықпал етуі жөне т. б.) жүреді. Ми қабығының қозған орталығынан алынған тітіркеністерге организмнің қайсыбір реакциясын туғызатын импульстер нерв жолдары арқылы шетке шығарылады. Осы процесті И. П. Павлов былай деп жазады: «Қайсыбір дайындайтын нерв аспабына сыртқы дүниеден немесе организмнің ішкі дүниесінен белгі беріледі. Бұл белгі нерв процесіне, жүйке қозу құбылысына ауысады. Қозу нерв талшықтары арқылы (сымның бойы секілді) орталық нерв жүйесіне жетеді және адам белгіленген байланыс жүйесі арқылы өзге жүйелермен жұмыс органына келеді де, өз кезегінде осы органның клеткасындағы ерекше процеске айналады. Сөйтіп, сол немесе екінші бір белгі нәтиженің себебі есебінде организмнің сондай немесе екінші біраз қызметімен байланыс жасайды». И. П. Павлов үлкен жартышар қабығының қызметі негізінде шартты рефлекс жатқандығын, қабықтардың жеке орталықтар арасында уақытша байланыс орнайтынын дәлелдеп берді.
Дене жаттығулары мен машықтануға үйрету кезінде қозғаушы рефлекстің қалыптасуын, жоқ болып кетуін, күйзеліске ұшырауын басқаратын заңдылықтарды есепке алу қажет. Қайсыбір қозғалыс дағдысын қалыптастыру сол жаттығуды жеткілікті қайталауды қажет етеді.
Жаттығуды қайталауда бас миының қабығындағы қозғаушы мен басқа орталықтардың арасында байланыс орнайды, осы орталықтардың қозуы мен тежелуінің арасында дұрыс қатынас орнығады және жаттығуды орындау техникасы динамикалык көшірмеге (стереотипке) айналады. Динамикалық стереотип берік орныққан жағдайда дене жаттығуы тұтас, түйінді сипатка ие болады. Жаттығудың жеке бөліктері немқұрайдылықпен өзінен-өзі (автоматты түрде) орындалуы мүмкін, дегенмен, ол мидың үлкен жарты шарының бақылауында болады. Мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйренгенде, үйретудің басында жаңадан үйренуші үшін бұл жаттығудың әрбір бөлігі барынша зейін коюды және бақылауды қажет етеді: жүгіру, тақтайшадан серпілу, әуеде ұшу және жерге түсу бір-бірімен онша байланыссыз және тұтастығы жеткіліксіз күйде орындалады. Ұзақ уақыт қайталау арқылы секіруді тұтастай орындау және оның жеке бөліктерін қайталау нәтижесінде тиісті байланыс, дәлдік, жылдамдық, қозғалыс күші орталық нерв жүйесінде «даңғыл жол» принципімен тұтастық ізін қалдырады. Барлық жаттығулар жалпы біртас функционалды құрылым түріне енеді және әрбір келесі қимыл алдыңғы қимылдың дұрыс орындалуымен анықталатын тұтас бірыңғай жаттығатын қимыл есебінде қарастырыла бастайды. Қимылдың автоматтандырылған элементтері пайда болады. Белгіленген автоматтануды немесе секіру техникасының жеке бөліктерін азғантай болса да бұзу сол бойда яғни берілген қателерді түзету жөнінде үлкен жарты шар қабығына белгі беріледі.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі қажет. Осыдан кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара саналы түрде қайталауды ұсынады. Және де дұрыс жасалмаған қимылдың тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл құрылымының орнығуына қол жеткізуі керек.
Кез келген жаттығудын техникасын үйренуде оқушы әр уақытта таныс, өзіне белгілі қозғалыс дағдылары мен үйлесімді қимылдарды пайдаланады. Мысалы, жоғарыда біз айтып өткен ұзындыққа секіру үшін жүгіру кезінде оқушы шапшаң жүгірудің өзінде бұрыннан бар дағдыларды міндетті түрде пайдаланады. Жүгіру кезінде жүгіру дәл қалыптасқан кең адыммен екпіндей жүгіру арқылы орындалады. Егер оқушыда дұрыс үйретілмеу салдарынан қысқа, қалыпты емес адыммен баяу жүгіру түрі қалыптасса, мұғалімнің алдында екпін алу элементтерін (адымның онтайлы ұзындығын, жүгіру жылдамдығын т. б. қалыптастыру) үйретуді ұйымдастыру мен дұрыс емес екпін техникасын түзету (тежеу) мақсатында арнайы жұмыс жүргізу міндеті туындайды. Осының өзінен жаттығуды бұрыс техникамен оқушылардын орындауындағы, әсіресе сол берілген спорт түріндегі жаттығуларда шешуші болып табылатын негізгі қозғалыс үйлесімділігіндегі барлық кемшілік түсінікті болуы керек, мысалы, жеңіл атлеттер үшін ол спорттық жүзудің негізгі тәсілдерінде, қимылды орындау техникасыны және т. б. кездеседі.
Нерв жүйесінің жетекшілік маңызы үйрету мен жаттығу барысында ішкі органдардың қызметі мен қимылдарының арасындағы функционалды байланыстың орнығуын да әсер етеді. Стартқа тұрғанның өзінде, спортшы тыныс алу, қан тамыры соғысының жиілегенін және маңызды ішкі органдардың қызметі жағдайында басқа да өзгерістер болғандығын сезеді. Жаттығуды орындау кезінде қозғалыс пен ішкі органдар қызметінін; арасында белгілі бір байланыс болуы қажет. Бұлардан түйіндейтініміз, дене жаттығуларына үйрету оқушы организмінің ішкі органдарының қызметін осы жұмысқа дағдыландырумен тығыз байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет