Лекция тақырыбы: 5-блок. ТӘуелсіз қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/11
Дата03.12.2023
өлшемі96,34 Kb.
#132865
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13 Лекция тақырыбы: 5-БЛОК. ТӘУЕЛСІЗ Қазақстан
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы


Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;


2. Заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;
3. Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.

Лекция мазмұны.


1.Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай
2.Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі.
3.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру
4.ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері. және Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.
5.Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту
6.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
1.Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. 
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.
Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы таңдаған «алдымен - экономика, содан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп келе жатырмыз.
Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап республика басшылығы ұллтық валюта енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. Онсыз шынайы дербес егеменді мемлекет болу мүмкін емес еді. 1992 жылы Қазақстанда аса құпия жағдайда ұлттық валюта дайындалып жатқанда, Қазақстан рубльдік аймақтағы орны туралы Ресеймен өте қиын келісімдер жүргізуді жалғастырды. Өз жағынан Ресей ақша-валюта жүйесіндегі мәселелерді біздің республикамен келісіп шешетіні туралы уәделерін берді. Осы кездегі жағдайды Елбасы Н.Назарбаев былай түсіндіреді: «Мен рубль аймағын сақтауға тырыстым. Оның екі себебі бар еді. Біріншіден, ол аймақтың бұзылуы ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Екіншіден, расын айтсақ, біз әзір емес едік». ТМД басшылары елдерінде өз валюталарын енгізер алдында 3 ай бұрын хабардар ету міндеті туралы келісімге қол қойды. Бірақ 1993 жылы шілде айында Ресей келісімді бұзып өз валютасын енгізді. Ресей 1993 жылғы жаңа рубль негізінде бірігей рубльдік аймақты құруды ұсынды. Қазақстанға 3 күн бұрын ғана хабар берілді. Ресей Қазақстан үшін қажетті мөлшерде арнайы ақша бастырып беретіні туралы тағыда сендірді да жаңа рубльді жібермей қойды. Гиперинфляция жағдайда баға шарықтай түсті. Ресей және басқа республикалардан Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап келді. Дүкендердің сөрелерінен азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар жоқ болып кетті. Қазақстанға едәуір экономикалық шығын әкелді. Елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Ескі рубльдің девальвациясы басталды. Сондықтан Қазақстан ұлттық валюта енгізуді асығыс кірісті. Дер кезінде қамданып үлгерген Қазақстан өзінің экономикалық та, саяси тәуелсіздігін сақтап қала алды.
Алғашқы ұлттық ақша Ұлыбританияда басылды. Мемлекет басшысы тенге дизайн жасауда тікелей өзі қатысты. Ақша номиналдарында Ш.Уәлиханов, А.Құнанбайұлы, Әл Фараби, т.б. тарихи тұлғалар суреттері бедерленді. Ұлттық валюта Алматыға арнайы рейспен ұшақпен тасылды.
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – тенге енгізілді. Елдегі инфляция өрісін ырықтандыруда «ҚР Ұлттық банк туралы» Заң ықпал етті, соған сәйкес Ұлттық банк Президентке ғана есеп береді және өзіне белгіленген өкілеттік шегінде өз қызметінде тәуелсіз. Қазақстан бұрыңғы КСРО орталық құқықтарын иемденуші көрші Ресей мемлекетінен ақша-қаржы саясатында толық тәуелсіз болуға қол жеткізді. Ұллтық валюта енгізуі зор тарихи маңызы бар. Ол Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. Н.Назарбаев дәл айтқандай: «Біздің ұлттық валюта – тенге – ел тәуелсіздігінің символы». Шынайы егемендікке қол жеткізген қазақстандықтардың патриоттық рух деңгейі өсті. Ұллтық валюта енгізуі терең әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге жол ашты. Халықаралық валюталық операциялар жүргізуге мүмкіндіктер кеңейді. Елімізде 200 жаңа банктер құрылды, соның ішінде шетелдіктердің де қатысуымен. 1993 жылдан бастап Қазақстанда шетелдік банктер ашыла бастады. Жаңа жағдайда мемлекет басшылығы зейнеткерлер, студенттер, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау іс-шаралар жүргізуге белсенді кірісті.
Мемлекеттік стратегияны талдауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері маңызды болып табылады. Өйткені, Елбасы еңбектерінде мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар туралы, тәуелсіздіктің қалыптасу үрдісіндегі мәселелер, табыстар мен қиыншылықтар туралы толық ақпарат беріледі.
Төуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы евінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Айгап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет белуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Казақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой кетерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған "Қазақстанның болашағы - қоғамдық идеялық бірлігінде" -деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақ-тастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993-ші 1995 жылдардағы Конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттарындың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған «Қазақстанның болашағы – қоғамдық идеялық бірлігінде» - деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюына қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.
Жалпы тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында Республика басты үш кезеңді өтті.
Біріншісі (1991-1995 жылдар), бұл кезде еліміз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналысты. Елде бірпартиялық өктемдіктен саяси плюрализмге көшуге, демократиялық даму негіздерін құруға назар аударылды.
Екінші кезең (1996-2000 жылдар) экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды. 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру орын алды.
Үшінші кезең (2001-2007 жылдар) – экономикалық өсу уақыты. Бұл кезде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайды серпінді дамытуға қолы жетті.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырылы, құқықты, әлеуметтiк мемлекет деген анықтама берiлген. Құқықтық мемлекет дегенiмiз өзiнiң заңы бар, ел басынан бастап қарапайым азаматтарға дейiн түгел заңға бағынатын, мемлекеттiң iшiнде барлық ұйымдар, партиялар, қоғамдар өз iс әрекетiн заңдық негiзде жүргiзетiн мемлекеттi айтады. Бүгiнгi таңда Қазақстанда қоғамдық өмiрдiң барлық саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заң, ережелер бекiтiлiп iске асырылуда. Құқықты мемлекет қалыптастырудың негiзi Қазақстан Республикасының конституциясында тұжырымдалған. Конституция бойынша Республикада билiк бөлiсу жүйесi демократиялық принциптер негiзiнде жүзеге асуда. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы президенттiк мемлекет. Сондықтан да Конституция Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiң басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам, мемлекеттiң iшкi, сыртқы саясатының негiзiгi бағытын анықтайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкiлдiгi бар деген анықтама берiлген.
Конституция бойынша Қазақстанда мемлекет билiгiн бөлiсу демократиялық принциптер негiзiнде жүзеге асып отыр. Республикада заң қабылдау билiгi парламент, орындаушы билiктi үкiмет, сот билiгiн әр түрлi сатыдағы соттар жүзеге асырып отыр.
Қазақстан республикасында құқықты мемлекет құру мақсатын шешуде республикада жүрiлiп жатқан сот реформасы маңызды роль атқарады.
Қазақстан тәуелсiздiгiн жариялаған соң саяси өмiрдiң тұрақтылығы артты. Саяси өмiрде демократия, жариялылық принциптері жүзеге асып халықтың саяси белсендiлiгi арта түстi.
Демократия және жариялылық принциптерi Қазақстанның 1993 және1995 жылғы Конституцияларынан көрiнiс тапты.
Кеңес дәуiрiнде қалыптасқан социалистiк демократияның орнына дүниежүзiнiң өркениеттi елдерiнiң озық тәжiрибесiне негiзделген толық қанды демократиялық принциптер қалыптасып отыр. Қазақстан халқы ел өмiрiнiң маңызды мәселелерiн референдумда дауыс беру арқылы шешiп отырды. Бұл ел билеу iсiне халық бұқараның тiкелей қатысып отырғанына дәлел. Ел басы, парламент баламалы түрде сайланады.
Қазақстанда үкiмет билiгiн бөлiсу конституцияда демократиялық жолмен шешiлген. Заң, ереже қабылдау функциясын парламент, атқарушы билiктi үкiмет, сот билiгiн барлық дәрежедегi соттар жүзеге асырады.
Қазақстанда көп партиялық жүйенiң қалыптасуы демократияның негiзгi көрiнiстерiнiң бiрi. Партиялар ел басының, парламенттiң сайлауына еркiн қатысады. Мәжiлiсте партиялардың фракциясы бар.
Конституцияда азаматтарға толық құқық және бостандық берiлiп, оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн үкiмет өз мойынына алып отыр. Конституцияда көрсетiлген сөз, баспаға жазу бостандығын жүзеге асыруда Кеңес дәуiрiнде енгiзiлген цензураның жойылуы, еркiн бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы маңызды роль атқарады.
Қазақстанда саяси және идеологиялық әртүрлiлiк қалыптасты. Саяси әртүрлiлiк әр түрлi саяси партиялардың өмiр сүруi, идеологиялық әртүрлiлiк әртүрлi идеологиялық пiкiр ағымдардың болуына жол беру арқылы қамтамасыз етiлiп отыр.
Тәуелсiз, еркiн бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы жариялылық принципiн жүзеге асырудың негiзгi құралы.
Қазақстанда демократияның өрiстедi, саяси әртүрлiлiктiң қалыптасуының негiзгi нәтижелерiнiң бiрi көп партиялық жүйенiң қалыптасуы. Қазақстанда бiр партияның үстемдiгi жойылып, халықтың әртүрлi әлеуметтiк топтарының саяси еркiн айқындау мақсатымен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар құрылды. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды құру тәртiбi, олардың құқықтың мәртебесi Қазақстан республикасының конституциясы мен арнаулы заңда көрсетiлген. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңi басталғанда елде жүзден астам саяси партия, қоғамдық ұйымдар болды.
Қоституцияда және саяси партия туралы заңда саяси партиялардың тәуелсiздiгi, мемлекеттiң олардың iсiне араласпайтыны, саяси партиялардың заң алдында тең құқықтығы, саяси партияларды мемлекет қаржыландыруға тыйым салынатындығы, республиканың конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, елдiң қауыпсіздігіне нұқсан келтiру, ұлттық, расалық, дiни, рулық қақтығысты насихаттаушы партиялардың құрылуына тыйым салынатыны, Қазақстанда басқа елдердiң саяси партиясының құрылуына, iс әрекет жүргiзуiне тыйым салынатыны заңдастырылған. 1996 жылы қабылданған саяси партиялар туралы заңда саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерi, олардың құқығы мен мiндеттерi, iс әрекетiне берiлетiн кепiлдiктер, партиялар мен мемлекет органдарының ара байланысы сияқты мәселелер көрсетiлдi.
Заңда саяси партияларға кең құқық берiлдi. Олар өз iс әрекетi туралы мәлiмет таратуға, өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға, сайлауға қатысып, президентке, мәжiлiске, маслихаттарға кандидаттар ұсынуға мәжiлiсте партия фракциясын құруға, бұқаралық ақпарат құралдарын орнатуға, баспа қызметiн жүргiзуге, жиналыс, митинг, шеру жүргiзуге құқылы. Бүгiнгi таңда саяси партиялар аталмыш құқықтармен еркiн пайдаланып отыр.
Алайда, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжірибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда дәрменсіздік көрсеткен С. Терещенко басқарған (1992 ж. бастап) Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оньщ орнына Ә. Қажыгелдин бастаған жас саясаткерлерден тұратын жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып жатқан реформаларды іске асырудың жаңа б»-дарламасын белгіледі, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә. Қажыгеддиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған себеп, аддымен, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің салдары болда^ содан соң елімізде әлеуметтік әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады.
Ә. Қажыгелдин Үкіметінің орнына Н. Балғымбаев басқарған төртінші үкімет келіп екі жыл (1997-1999 жж.) қызмет етті. Бұл үкіметте қиын кезедде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығары латын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсер» көзінде жұмыс істеуге тура келді.
Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ак, бұрынғы заемдарды төлеуде,мемлекеттің ішкі жөне сыртқы міңцеттемелерін орындауды Н. Балғымбаев басқарған үкімет бірқатар айтуға тұрарлыкқ қызмет атқарды.
1999 жылы караша айында Қазақстан үкіметі басына Қ. Токаев басқарған бесінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет Республика Парламентінде өзінің 2000-2002 жыддарга арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен "Қазақстан ­­- 2030" стратегиялық бағдарламадан туындағанды.
Бірінші. Еліміздегі қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер болып жатса, оны түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни қаржы көзін, оны қолданудың әдістәсілдерін жете пайдалану. Екінші. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.
Үшінші. Елге инвестицияның кажеттілігін ескеріп, белгілі және салиқалы инвесторларды іздеп табу, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын арттыру.
Төртінші. Сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту.
Бесінші. Өндірісті жандандыру, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.
Алтыншы. 2000-шы жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан құтылу.
1999 жылдың қараша айынан 2002 ж. қаңтар айына дейін қызмет істеген Қ. Тоқаевтың үкіметі өзінің алдына қойған іс-кимыл бағдарламасын орындауда бірқатар әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын жүр-гізді. Олардың бірсыпырасы жүзеге асты, дегенмен кейбір мәселелер аяғына дейін орындалмады.
2002 жылы қаңтар айында Қазақстан Үкіметі басына И. Тасмағамбетов басқарған алтыншы үкімет келді. Жана үкіметтің алдына бірқатар күрделі міндеттер қойылды:

  • біріншіден, экономикалык диверсификацияға қол жеткізу арқылы өнеркәсіптік саясатты жүзеге асыру;

  • екіншіден, қор рыногын дамыту;

  • үшіншіден, аграрлық сектордағы реформаларды одан әрі жалғастыру;

  • төртіншіден, биліктің әр деңгейіндегі өкілеттіктің ара жігін айқындау.

И.Тасмағамбетов басқарған үкімет өзінің қызметінде еліміздің экономикасын дамытуға айырықша кеңіл бөлуді одан әрі жалғастырды. Осы бағытта 2002 ж. мемлекеттің бюджетін бірнеше рет талқылап, еліміздегі экономикалық және кейбір күрделенген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін шара қолдануды қолға алды. Үкімет Ел басының тапсырмасымен 2003 ж. бюджеттен бөлінетін қаржыны білім беру саласына 33 пайызға, денсаулық саласына - 38, мәдениетті қаржыландыруға — 27 пайызға көбейтті. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жалақы деңгейі 12 пайызға есірілді. Сондай-ақ, азаматтардың бұрынғы КСРО жинақ банкісіндегі "жоғалған" салымдары қайтарылу жөнінде шешім қабылдап, жүзеге асырыла бастады.
Алайда, 2003 жылғы 11 маусьш күні И. Тасмағанбетов өз өтінішімен үкімет басынан кетті. Бір жыл бес ай уақыт ішінде жұмыс істеген бұл үкімет тұсында республикада экономикалық реформаларды дамыту барысында бірсыпыра істер атқарылды. Әлеуметтік даму мәселесіне де ерекше назар аударылып, халықтың әл-ауқат деңгейі өсті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын Стратегиялық бағдарламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған елдін индустрия-лық-инновациялық даму бағдарламалары қабылданды.
2003 жылғы 13 маусым күні Президенттің жарлығымен И. Тасмағамбетовтың орнына жетінші Премьер-министр болып Д. К. Ахметов тағайындалды.
1991 және 2003 жыдцар аралығында Егемен Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы — Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12-ші шақырылумен сайланған Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады.
Одан кейін 13-ші шақырылумен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасынын 1993 жылғы желтоқсанда бекіткен сайлау Кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша сол жылдың желтоқсан айында жаңа парламент сайлауы өткізілді. Ал 1997 жылдың қазан айында Парламенттің жоғары палатасына сайланған депутаттардың құрамының жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді.
Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне алып келді. Бұларда егемендік алған кезден бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен Кеңестерді қосып, оларды бір адам — Кеңес терағасы басқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін -әкімдер, өкілдік органдарды - Мәслихат басқаратын болды.
Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық Үкімет қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жерлердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың дамуындағы рөлі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілеттілігінің органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары қүрылтайында қабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі органының баламасы бола алмайды - деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға тиісті емес еді. Ұзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің, этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарының пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесінде ол өз қызметінің жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның беделін өсірді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының Сессияларында біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен үлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық зандарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейтесті маңызды мәселелер талқыланады.
Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі, Демократиялық партияның -12, Шаруалар одағының - 7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы парламент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады. 1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә. Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 пайызы өз дауыстарын берді.
1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау етті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға Республика бойынша 4833 тандау-шының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл тавдаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің
Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат депутат болып сайланды.
Қазақстан Конституциясының талабына сай 2002 жылы 8 қазанда Республика парламентінің жоғарғы палатасы -Сенаттың босаған орындарына қосымша сайлау жүргізілді. Оның барысында жоғарғы палата құрылымының үштен бірі жаңартылды. Барлық бос орындарға 30-дан астам кандидаттар дауысқа түсті, олардың 16-сы Сенат депутаты болып сайланды.
1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау елімізде бірінші рет тек кдна бір мандатты округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тізімдер бойынша да етті. Сайлау көзінде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тізімін тіркеді. Дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіммен Отан партиясының төрт өкілі, Қазақстан Аграрлық, Қазақстан Азаматтық және Қазақстан Ком-мунистік партиясынан екі-екіден өкілдері депутат болып сайланды.
Мұның өзі Парламентте саяси партиялардың депутаттары да ресми әрі жеткілікті түрде болатындығын білдіреді. Бұл Қазақстандағы нақты көппартиялы демократияның қалып-тасу кезеңінің жаңа бір қадамын көрсетеді. Мұндай өзгеріске басқа мемлекеттер мен елдер және халықаралық демократия-лық ұйымдар өздерінің оң көзқарастарын білдірді.
Бұл жағдай еліміздің дамуына, өркендеуіне, қоғамы-мыздың одан әрі демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономикамыздың, әл-ауқатымыздың, тұрмыстіршілігіміздің жақсаруына игіықпал тигізетініне сенімімізді күшейтеді.
Атап айтқанда, еліміздің экономикасы мен мемлекеттік құрылыстағы жетістіктері қоғамды одан әрі демократияландыру процесін терендете түсуге жағдай жасауда. Қазіргі кезде мемлекет бұл саланы одан әрі реформалаудың қалай болатынын қалыптастырды. Демократиялық өзекті мәселелер бойынша саяси партиялардың рөлін күшейту, сайлау заңнамасын жетілдіру, жергілікті жерлерге өзін-өзі басқару, үкіметтік емес ұйымдардың және тұтастай алғанда азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру, баспасөз бостан дығын нығайту т.б. институттар өздерінің тиісті мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасы жанында алдағы уақыттағы демократияландыру мен азаматтық қоғамды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Тұрақты Кенес 2003 жылдан бастап қызмет істеп жатыр. 2003 жылдың бірінші жартысында біздің елімізде Ұлттық кеңес, Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет