Лекция тақырыбы: 5-блок. ТӘуелсіз қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы Лекцияның оқыту нәтижелері



бет6/11
Дата03.12.2023
өлшемі96,34 Kb.
#132865
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Географиялық және геосаяси тұрғыда еуразия кеңістігінің қақ ортасында, әлемнің жетекші державаларымен көршілес орналасу, мемлекеттің сыртқы саясатына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Сол себепті тәуелсіздіктің алғаш­қы күнінен бастап, Қазақстан Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен екіжақты қарым-қытынастарға стратегиялық басымдық беріп, үнемі дамыту үстінде. Ресей Федерациясымен одақтастық қатынас­тар­ды дамыту – Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағытының сөзсіз жетістігі. Бүгін РФ-мен өза­ра ынтымақтастықтың басты жетіс­тіктері өңірлік интеграцияда, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту кеңістігінде жатыр. ҚР және РФ тандемі зор Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен дамудың берік факторына айналып, Еуразиялық Одақ шең­бе­рінде қарқынды дамуда. Екі мемлекеттің саяси-экономикалық және мәдени салаларда терең ын­тымақтастық жағдайында бай­ланыстар орнатып, түрлі қарама-қайшылықтарға ортақ көзқарас қалыптастырулары, ТМД елдері арасындағы көптеген күрмеуі қиын мәселелерді нәтижелі шешуге мүмкіндіктер беруде.
Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен барлық бағытты қамтитын страте­гиялық ынтымақтастық қатынас­тарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығы­ның айға­ғы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз әріптес­тік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.
Стратегиялық әріптестік дәне­керлері Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен бай­ланыс­­тыруда. Бұл факт екі ел пре­зидент­терінің 2006 және 2010 жылдарғы Біріккен мәлімде­меле­рінде көрініс тапқан. Өзара қыз­меттестіктің қол жеткізілген дең­гейі өңірлік жә­не жаһандық қа­уіп­сіздікті қам­тамасыз ету, яд­ро­лық қаруды тарат­пау режимін бекіту, халықа­ра­лық терроризм мен экст­ре­мизм­ге қарсы тұру, энергетикалық тепе-теңдікті сақ­тау мәселелерін­дегі өзара тиімді және тең құқылы ынтымақ­тас­тық­қа негізделуде.
Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде Еуроодақпен белсенді саяси үнқатысу сақталуда. «Еуро­па­ға жол» Мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру нәтижесінде Қазақстан негізгі Еуропа мемле­кет­терімен ынтымақтас­тықты әріптестіктің аса жоғары деңге­йі­не шығара алды. Еуроодақ елдері бүгін Қазақстанның әлемдегі бас­ты сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында ЕО елдерінен озық техниканы және технологияларды тарту Қазақстанның сөзсіз жетіс­ті­гіне айналды.
Қазақстан ЕО-ның берік және жауапты энергетикалық әріптесі болып қалуда. Қазақстан Еуропаға қуат көздерін жеткізуде ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Ресей мен Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Еуропалық әріптестерге көпжақты немесе екіжақты пішін­де «Қазақстан – ЕО: 2020» Энер­гети­калық хартиясын дайындау және қабылдау жөнінде ұсыныс жасалды. Біздің Еуропа елдерімен көпқырлы ынтымақтастығымыз ҚР мен ЕО арасындағы жаңа ар­қаулық келісімде көрініс табуы қажет.
Еуропалық бағытта қол жет­кі­зілген табыстар Қазақстан сыртқы саясатының азиялық векторын күшейту туралы шешім алуына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы өз ұстанымдарын ны­ғайт­­ты. Отанымыз өңірлік экономиканы белсенді инвестициялау мен қазіргі кездегі сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру бойынша саясат жүргізуде. Қауіпсіздік, су-энерге­ти­калық ресурстарды тиімді пайдалану, еңбек миграциясы проб­лемалары мен өңір өмірінің басқа да өзекті мәселелері назарымыздан тыс қалмақ емес.
Қазақстан аумағынан халы­қ­ара­лық терроризм, есірткі трафи­гі, діни экстремизм қатерлері шы­­ға­тын Ауғанстанның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі. Елімізде ауған жастарын оқыту үшін 50 млн. доллар бөлу жөніндегі бастаманы қоса алғанда, Қазақ­-
с­тан­ның ИРА-ға гуманитарлық кө­мек көрсету туралы шешімі де әлемдік қоғамдастық тарапынан қанағатпен атап өтілді. ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында ұйымға мүше елдердің назарын Ауғанстан мәселесіне бұрып, оның тек аймақ мемлекеттеріне қатысты емес екендігін түсіндіріп, ортақ проб­леманы бірге шешуге қатысты нақты ұсыныстар жасады.
Сыртқы саясат және дипломатия әрқашан да елдің әлеуеті мен қуатының көрсеткіші ретінде қала береді. Біз қарқынды дамып келе жатқан көпұлтты еліміздің мүдделеріне халықаралық аренада табысты өкілдік етудеміз.
Еліміздің жаһандық және өңір­лік деңгейлердегі көпжақты құрылымдар жұмысына белсенді қатысуы халықаралық беделіміз­дің күшеюіне мүмкіндік беруде. Бұл ретте Қазақстан қызметі БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қа­ғидаларына сәйкес келетін ха­лы­қаралық ұйымдарда ғана кө­рініп отыр.
БҰҰ мүшесі ретінде, өткен жылдар ішінде Қазақстан осы бе­делді көпжақты ұйымда көрнекті орын­ға ие бола алды. Қазақс­тан­дық бастамалардың бірқатарын әлем­дік қоғамдастық қолдады, бұл еліміздің жағымды халық­-
а­ралық беделінің қалыптасуына жәрдемдесті. Кейбіреулері ілгері­лету кезеңінде тұр. Сөйтіп, Қазақ­с­­тан БҰҰ Бітімгерлік күш-жігер қорын құруды, Жаһандық энерге­тикалық-экологиялық стратегияны қабылдауды ұсынды, «Жасыл көпір» кең ауқымды экологиялық бастаманы және бірқатар басқа идеяларды алға шығарды. Еліміз­дің жаһандық мәселелерді шешу­дегі нақты қадамдары мен сыртқы саясатының жетістіктерінің нәти­жесінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдас­тық алдындағы саяси салмағының өсуі мен ширек ғасырдағы дипло­ма­тиясының жеңісі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақтағы қауіпсіздік проб­лемаларын шешу БҰҰ Бас Ассамблеясында Азиядағы өзара келісім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы бастама көтеріп, аймақтағы жетекші 16 мемлекеттің басшыларын жинап, оның Алма­ты­дағы алғашқы саммитінде, со­ғыс алдында тұрған Үндістан мен Пәкістан басшыларын дөңгелек үстел басына отырғызып, қақты­ғыстық жағдайды алдын алуға мүм­­кіндік берді. Қазақстан сол кезде ұйымның жұмысына қар­қын беруінің арқасында бүгінде ауыз толтырып айтарлық табыс­тарға қол жеткізуде. Бүгінгі таңда әлем­дік қоғамдастық еліміздің бұл бастамасын Азиядағы қауіп­сіз­дік проблемалары бойынша үнқатысу мен консультациялар өткізу, пәтуа негізінде шешімдер қабылдау және нақты шараларды іске асыру үшін бірегей мемлекет­аралық алаң ретінде қабылдауда.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық және 2010 жылы Астанада осы ұйымның Саммитін өт­кізу қазақстандық дипло­матия­ның ең ірі жетістіктерінің бірі бол­­ды. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық Отанымыздың жылнамасына жарқын тармақ болып мәңгілікке енді, ал Астана саммиті XXI ға­сыр­дың бірінші онжылды­ғын­дағы ең ірі халықаралық оқиға­лар­дың біріне айналды. ЕҚ­ЫҰ-­ның құл­дырап бара жатқан қызметін жаңа сатыға көтерді. Қазақстан ЕҚЫҰ-да посткеңестік елдердің ішінен және Орталық Азия респуб­лика­лары арасынан алғаш төраға болған ел болған­дықтан, ұйымның жұмы­сын же­тіл­діріп қана қоймай, оның және мүше мемлекеттердің көңі­лін аймақ мәселелеріне бұрып, өңірде көптен бері қордаланып қалған, күр­меуі қиын, барлығына ортақ сұ­рақтарды шешуге бұрғаны белгілі.
Қазақстаның 2010-2011 жыл­дар­дағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы табысты болды. 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы елімізді шырқау биікке көтерді. Саммит қорытындылары сыртқы саясат­тың жаһандық және өңірлік мәсе­лелерін шешудегі Қазақста­ның ролі мен орнын одан әрі жоға­рылата түсті.
2011 жылғы Ислам Ынтымақ­тас­тығы Ұйымындағы төрағалы­ғы аса үлкен табыспен өткені баршамызға белгілі. Қазақстан ұйымның жұмысына жаңа серпін беріп, ЕҚЫҰ-дағы табысты төра­ғалығының жеңістерін пайдалана отырып, ислам әлемі елдеріндегі қордаланған мәселелерді орнынан қозғауға барынша атсалысқаны белгілі. ШЫҰ-на мүше мемлекет­тер­дің Астанадағы кездесуі мұ­сыл­­ман қоғамдастығы үшін сол кезең­дегі ең ірі саяси оқиға қата­рын­да есте қалды. Төрағалық барысында ислам әлемі мен Батыс арасындағы үнқатысуды кеңейтуді қоса алған­да, бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүм­кіндік бергені белгілі.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыла­рының құрылтайын шақыру халықаралық қақтығыстарды шешу және қазіргі кездегі қатерлерге қарсы тұру үшін әлемдік діндердің рухани және адамгершілік әлеуетін біріктірудегі Қазақстанның нақты үлесіне айналды. Елімізде осыған дейін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес құрылтайы болып өтті. Қазіргі уақытта 2018 жылы алтыншы құ­рылтайды өткізуге дайындық бо­йынша ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанның сыртқы саясатында түркі әлемі халықтарының рухани мұрасын біріктіру және қайта құру мәселесіне елеулі мән берілуде. 2009 жылы қазанда Нах­чыван қаласында (Әзербайжан) қол қойылған түркітілдес мемле­кеттердің ынтымақтастық кеңесін (ТМЫК) құру туралы бастама көтерушілердің бірі де Қазақстан болды. Түркі академиясын құру сол мақсатқа қызмет етуде, оның ресми ашылуы 2010 жылы мамырда Астанада өтті. 2011 жылдың қазанында Алматыда ТМЫК-ның алғашқы саммиті ұйымдас­ты­рыл­ды. Оның жұмысының қоры­тын­дылары бойынша қатысушылар түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған Алматы декларациясын қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет