ҚР сыртқы саясаты: Егемендiк алған соң Қазақстан республикасы тәуелсiз мемлекет ретiнде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күнi Қазақстан Бiрiккен ұлттар ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкi, халықарылық банк, дүниежүзiлiк денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiз Қазақстанды бүгiнгi таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мен елшiлiктер, өкiлеттiктер дәрежесiнде дипломатиялық қатнас орнатты. Қазақстан шет елдiң 55, шет елде Қазақстанның 30 елшiлiгi бар.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбiт және өзара тиiмдi қарым қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан өз территориясындағы ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының нәтижесiнде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа iрi державалар Қазақстанның тәуелсiздiгiне кепiлдiк берiп отыр.
Қазақстан Республикасы Азияда бейбiтшiлiктi сақтау, осы құрлық елдерiнiң арасына сенiмдiлiк қатнас орнату, Орта Азия республикаларымен, ТМД елдерiмен саяи, экономика саласындағы қатнасты нығайтуға ерекше көңiл бөлiп отыр.
Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айырықша көңiл бөлуде. Бұл саладағы неiзгi мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестиöиясын тарту болыр отыр. Бұған мысал ретiнде бiрлескен «Тенгизшевройл» өндiрiсiн айтуға болады. Бұл келiсiм 40 жылға жасалған. Кәсiпорынның барлық табысының 80%-i Қазақстанға, 20%-i Шевройлға тиесiлi болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестиöиясына сенiм туғызып отыр. Экономикаға енгiзiлген инвестицияның көлемi жөнiнен Қазақстан ТМД елдерiнiң алдыңғы қатарында отырғаны бұған дәлел.
Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы, барлық облыстарда құрылған Қазақстанды мекендеген ұлтаралық мәдени орталықтары, аталған ұйымдардың ұлтаралық тұтастықты қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырып отырған шаралары Қазақстанда ұлт-аралық ынтымақтастықтың негiзгi факторы болып отыр. Қазақстанда ұлттардың оқшаулануы, этникалық негiздегi қақтығыс сияқты көрiнiстер жоқ. Осы айтылғандар елдiң iшкi саяси тұрақтылығын нығайтып, бұл тұрақтылық өз кезегiнде ел экономикасын шет ел инвестициясын көптеп тартуға мүмкiндiк берiп отыр. Экономика саласына тартылып отырған шет ел инвестициясының мөлшерi жөнiнен Қазақстан тәуелсiз елдер достастығында алдыңғы орында отырғанының негiзгi себептерiнiң бiрi осы тұрақтылыққа тiкелей байланысты. Бұрыңғы Кеңес одағының құлауы, Қазақстанның тәуелсiздiк алуы қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң атамекенге оралу мүмкiндiгiн туғызды. Қазақстан Республикасы, оның ел басы атамекенге оралмақ ниетi бар қандастарды қабылдауға дайын екенiн мәлiмдедi. Аталмыш жағдайлар 1991 жылдан қазақ диаспорасының өкiлдерiнiң Қазақстанға қоныс аудару процессi басталуына мүмкiндiк бердi. Осындай жағдайда қазақ диаспорасы мен Қазақстан республикасының арасындағы қарым қатынасты реттеу, атамекенге оралған қазақ диаспорасының көкейтестi мәселелерi төңiрегiнде маслихат құру мақсатымен дүниежүзi қазақтарының құрылтайы шақырылып, аталмыш мәселелердi талқылады. Құрылтайдан дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы құрылды. Қауымдастық президентiне бiрауаздан Назарбаев сайланды. Атамекенге оралған қандастардың әлеуметтiк мәселелерiне байланысты 1992 жылы күзде Қазақстан Республикасының үкiметi көлемдi қаулы қабылдады. Парламент көшi-қон заңын бекiттi. үкiметтiң жанынан көшi-қон агенттiгi құрылды. Бұл шаралар шетелде өмiр сүрiп отырған қандастармен байланыс жасау, атамекенге оралғандардың әлеуметтiк мәселесiн шешуге бағытталып отыр.
Ел басына түскен қайғы-қасiреттiң салдарынан қазақ халқының сан жағынан азаюы, басқа ұлт өкiлдерiнiң Қазақстанға қоныс аударуының салдары Республикаға ат берiп отырған қазақ халқының өз республикасында азшылық болуына әкеп соқты. Қазақстан тәуелсiздiк алған оншақты жылдың iшiнде жүрiлген миграöиялық процестiң нәтижесiнде қазақтар республика халқының тең жартысынан астамын құрап отыр. Қазақстан Конституциясы қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл деп жариялап оның мәртебесiн көтеруге байланысты шаралар жүзеге асырылды.