Лекция тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет12/15
Дата08.10.2023
өлшемі322,25 Kb.
#113419
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1 lektsiya bagalaud n olshemdik tehnologiyalar kurmanova a.k

Жиынтық бағалауды өткізу
Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады. Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою кестесін қолданып балл қояды. Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс жазылғанына көз жеткізеді.
Негізгі әдебиеттер: 2-5; 11
Қосымша әдебиеттер: 14, 16, 18.

6 Лекция тақырыбы. Портфолио - оқушының оқу жетістігін бағалау құралы


Портфолио – білім алушының жыл (тоқсан, семестр) бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио білім алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода білім алушы өзінің жыл (тоқсан, семестр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.
Портфолио - білім алушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:
• Титулдық парағы.
• Пән бойынша бөлгіштер.
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл қою кестелері
• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.
• Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.
• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы: АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін (кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта сақталады (дискте).
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6, 8,9.
Қосымша әдебиеттер: 11, 14, 16,18, 19.

7 Лекция тақырыбы. Оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - білім сапасын басқарудағы негізгі критерий. 
Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.
Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.
Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ)
Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік құзыреттіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді.
Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.
Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады.
Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б.
Оқытудың әрбір сатысы бойынша анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік оқу жетістіктерін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырылып, бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет