Лекция тақырыбы: Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері



Дата06.01.2022
өлшемі55,76 Kb.
#14474
түріЛекция

Лекция тақырыбы: Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері

Жоспар:

1.Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу.

2.Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынақ жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру.

Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:

- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.

- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.

- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.

1. Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу.

Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:

- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;

- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;

- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.

- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:

- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;

- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;

- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:

- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.

Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.

Психологиялық-педагогикалық экспериментэксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.

Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек.

Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды.

Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Балалар психологиясы ғылымы қандай мәселелермен шұғылданады?

2. Балалар психологиясы ғылымы нені зерттейді?

3. Балалар психологиясы ғылымы қандай пәндермен байланысты?



4.Балалар психологиясы ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіз?

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет