Лекция. Тақырыбы: Бернияз Күлеев (1899-1923) Қаралатын мәселелер



бет3/6
Дата14.09.2022
өлшемі68,77 Kb.
#39059
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 15 лекция. Б.Күлеев. Ұлт-азаттық көтерілістур жырлар.

Лекция тезисі:
Ұлт-азаттық көтеріліс туралы өлең жырлар. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде айырықша із қалдырған оқиға - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Бұл көтерілістің тұтанып кетуіне түрткі болған күш майданның қара жұмысына қазақтан жігіт алу туралы патша өкіметінің жарлығы еді. Сол себепті де отарлық езгіден әбден титықтап, ызалы отырған халық малын емес, жанын, намысын қорғауға аттанды. Аманкелді, Бекболат сияқты халық батырлары бастаған көтерілісшілер патшаның үкіміне қарсы шығып, оның жергілікті өкілдерін жазалады, тіпті өлтіруге дейін барды. Бірақ ұйымдасқан негізі жоқ, әр жерде өз бетінше көтерілген халық қарсылығы тез басылды, жазалаушы отряд көтеріліске шыққандарды аяусыз жазалады. Халық әдебиеті осы көтеріліс туралы көптеген шығармалар тудырды. Ол шығармаларда патшаның қыспағы астында отырған халықтың ауыр тұрмысы, олардың азаттық жолындағы күрес оқиғалары жырланды. Көтеріліс басшыларының ерлік істері жан-жақты суреттеледі. Мұндай жырларды шығарушылардың қатарында өздері осы шайқасқа қатынасып, оның әр алуан қиыншылығын көрген, сол ұрыстарды басынан өткізген Сәт Есенбаев, Омар Шипин, Төлеу Көбдіков, Иса Дәукебаев, Күдері, Бұзаубақ сияқты ақындар болды.
Омар мен Күдері ақын Амангелді Иманов туралы жырлар шығарды, Иса Дәукебаев "Бекболат" атты поэма жазды. Бұл шығармалардың қай-қайсысы болса да, халық батырларының жаңа бейнесін жасаған, нақты оқиғаға құрылған жаңа мазмұнды ерлікті паш еткен туындылар қатарынан орын алды. Бұл жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. Біржан Берденовтің "Прием" дастанында майданға қара жұмысқа алынған жігіттердің жат жерде, үйреншікті емес кәсіп үстіндегі халі мен ел-жұрттың, халықтың империалистік соғысқа деген наразылығы, сол майданның өзінде патшаға қарсы идеясының тарай бастауы, ақыры патшаның тақтан түсу оқиғалары суреттеледі. Сол сияқты кейбір жырларда жігіттердің майданнан жазған хаттары, ел адамдарының жауабы түрінде жазылған. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған халық поэзиясы XX ғасырдың басындағы әдебиеттің демократтық-халықтық бағытын дамытып, толықтырып, оны жаңа күрес мазмұнымен байыта түсті.
Осы жылдары туған ел, өскен жермен қоштасу түріндегі жырлар енді әдеби жанр ретінде тарихи және жаңа жағдайға сәйкес тереңдеп, саяси сипат алды. Бұл жырлар қоғамдағы ірі-ірі оқиғаларды жан-жақты сипаттап кең ауқымда тәрбиелік, үгіттік мәні бар үлгі көрсетті.
Ұлт-азаттық көтеріліске қатысты туған жырларды тақырыбы мен мазмұнына қарай төрт топқа бөлуге болады:

  1. үндеу-үгіт жырлары

  2. жоқтау-қоштасу жырлары

  3. майдан өмірін бейнелейтін жырлар

  4. майданнан жазылған сәлем хаттар

І-топқа Бұзаубақ ақынның "Құты қашты патшаның", Омар Шипиннің "Амангелдінің айбаты", "Губернатор келгенде", Баттал ақынның "Туар ма екен бізге күн", "Кеңесу" т.б. өлеңдерді қосуға болады.
П-топқа Бөлтірік ақынның "Ел жарыла көшкенде", Жәнекеевтің "Босқын", Сартайдың "Тар заман", Төлеудің "Сарыарқаның зары", А.Ұлтарақовтың "Қош аман бол", Б.Имановтың "Аманкелдінің анасымен қоштасқаны" сол сияқты ел аузында айтылып жүрген "Қоштасу", "Жұбату", "Амангелдінің өліміне", "Балымның жоқтауы" секілді жырлар.
Ш-топқа Б.Берденовтің "Он алтыншы жыл", Есқайырдың "Зарлы заман кезінде", Ғ.Өмірбаевтың "Жатқан жерім казарма", М.Жаңабаевтың "Ұзақ жолға аттандық", Ж.Қалымбетовтың "Қайғының жылы туғанда", Ә.Аманжолов пен Б.Қарамолдаевтың "Еріксіз кетіп елімнен" сияқты жырлары майдан өмірін бейнелейді.
ІV-топқа Есқайыр ақынның толғауы, Ақбастың "Нұржанға хаты", Нұржанның "Жауап хаты", З.Әбдірахмановтың "Окоптан хат", С.Бегімбетовтің "Туған елге хаты", ел аузындағы "Ауылдан хат" т.б. жырлар.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған эпикалық жырлардың қатарына Иса Дәукебаевтың "Бекболат", Әлтай Сүйіншәлиевтің "Қалаба", Бөлтірік ақынның "Ел жарыла көшкенде", Қуандық Бозаевтьң "Қарақойын көтерілісі", Күдері Жолдыбаевтыц "Амангелдінің Торғайды алғаны", Омар Шипиннің "Амангелді" дастандарын айтуға болады.
И.Дәукебаевтың "Бекболат" атты жырында қазіргі Қаскелең жерінде болған оқиға суреттеледі. Халық патша жарлығына бірден қарсы шығып:
Баланы қолдан бергенше,
Қасірет-қайғы көргенше
Патшаға қарсы тұрамыз,
Өлсек шейіт боламыз, - дейді.
Қарсы соғысқа әзірленіп, Бекболатты хан сайлайды, мылтық, найза, қару-жарақ жинауға кіріседі. Осы сәтте жазалаушы отряд келіп халықты қырғынға ұшыратады, халық сарбаздары жайлаудағы көп жылқыны әскерге қарсы айдап қарсылық көрсетеді. Соғыста көптеген адам өліп, Бекболаттың өзі тұтқынға түседі.
Ел-жұртым, аман болғын айтар сөзім.
Құрбандық бәрің үшін жалғыз өзім, - деп кете береді.
Жырда одан әрі жендеттердің Бекболатты тергеуі, батырдың жауаптары, дарға асуы, оның дар алдындағы ақтық сөзі айтылып өтеді. Күрес үстінде күн сайын өсіп, саяси санасы оянған батыр патша үкіметін айыптап, былай дейді:
Әуелде солдат қылып ойнатпадың.
Орысша тіл үйретіп сайратпадың.
Көзін ашып бұл қазақ оянар деп,
Қазнаның аяп едің қара нанын.
Бас кейіпкер Бекболат Әшекеев /1843-1916/ бүл көтеріліске інісі Сармамбет, баласы Әбділдалармен бірге қатысуы, түтқынға түскен жетпіс кісінің ішінен ерекше көзге түсіп, Верный қаласының отряд сотында 1916 жылғы 7 қыркүйсктс батырды, дарғы асу туралы үкім шығарылады.
Кейбір тарихи дерек көздеріне қарағанда көтерілісшілер подполковник Базалевский мен Малышев бастаған жазалаушы отрядпен екі рет кездесіп қатты соғысқан. Алайда кейін шегінген көтеріліс басшыларын ел ішінен шыққан опасыздар /Күнтубаев, Сүлейменов/ батырды Шамалған жерінде алдап қолға түсіреді.
Тұңғыш рет 1936 жылы шыққан "1916 жыл" атты жинақта жарияланған поэманың композициясын ақын күнделік іспетті құрып, өрбіткен. Атап айтқанда, "Июн жарлығы", "Елдің қамдануы", "Елге әскер шығуы", "Бекболаттың жауабы", "Соттың жауабы мен үкімі", "Бекболат дарға бара жатқанда" тағы басқа тараулар бір-бімен тығыз байланысқан.
Автордың негізгі айтқан ойы, идеялық нысанасы азаттық үшін күреске шығып, жеңіліске ұшараған елдің ауыр азабын көрсету. Бекболат сынды батырдың қазаға ұшыраса да ерлік рухты асқақ ұстап қалуын аңдату. Бұл поэма осы жылдары туған сан алуан жырлардың ішінде көркемдік шешімі жоғары, тартымды сюжет, композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен де көзге түсіп, дара тұрған туынды. (Иса Дәукебаев аты Жетісу жерінде кездеспейді. Мұхамедрахым Жармұхамедов қолжазба қорында "жинаушы Жүніс" дегеннің қолы қойылған дейді. Бұл жырларды алғаш зерттеген ғалым Е.Ысмайылов өңдеткен болуы керек. - Иса Байзақов? Есағаң Бекболат атын сақтап қалу үшін айлаға барды).
Омар, Күдері, Сәт ақындардың көптеген өлең, жырлары Амангелді және оның ұрыстары туралы болып келеді. Осылардың ішінде Омар Шипиннің 1942 жылы шыққан "Амангелді" дастанының да ерекше орны бар.
Дастанның алғашқы бөлімінде - батыр Амангелдінің ата-анасы, балалық шағы, ер жеткен кезі суреттеледі. Жаратылысында күшті, мерген, әділеттілікті жақтайтын, әлдіні ауыздықтап, халықтың ар, намысын жақтап өскен жігіт туралы:
Осылай халық сүйген Амангелді,
Жігіт боп ел ішіңде өсе берді - дейді.
Екінші бөлімі түгелге жуық Амангелді Имановтың 1916 жылғы
қаһармандық істері, қазақ халқының патша өкіметіне, жергілікті билеуші
топтарға қарсы күресі баяндалады.
Он алтыншы жыл келді...
Аспанды қара бұлт жауьш,
Күн қабағы түйілді,
Қара бүлтты қақ жарып
Шатырлады нажағай
Оқ жыландай ысқырып,
Ел ішіне түсті жай
Ел басына күн туды.
Басшы болған Амангелді сарбаз жинап, сап түзеп жазалаушы отрядқа қарсы қаһармандық, жанқиярлық соғыс жүргізді; қолбасшы болды. Соңғы бөлімде - батырдың төңкеріс жылдарындағы, азамат соғысы кезіндегі ерлік істері туралы жырланады.
Әйелі күң, өзі құл
Байларға жүріп неше жыл
Жаншылып саздай езілді
Теңесең менің сөзім жоқ
Ықтияр беріп басына
Еңбекші қалың елімді – дейді
Осылай күрес майданда жүрген батыр қапылыста мсрт болды. Амангелді туралы халық әдебиетінің үлгілері өте мол. Амангелдінің тарихтағы, көтеріліс кезіндегі, революциялық күрес дәуіріндегі қаһармандық істері жайында талай жыр, өлең толғаулар айтылып, ел аузына таралды. Амангелдінің өлімі туралы жырларда ақындар бір жағынан еркіндік күнге жеткенге қуанса, екінші жағынан сүйікті батырдың қаза тапқанына қатты күйінеді, жұбату, қоштасу түріндегі жырын айтады
Амангелдінің әйелі Балымның атынан шығарылған жоқтау жырда халық әдебиетіндегі жоқтаудың үлгісі сақталған.
Солқылдағым, сүйрігім.
Қанатым, жалым, құйрығым
Кемеңгерім, келбеттім
Кермиығым, мүлігім
Ұсынғанда қол жеткісіз
Үстімдегі түндігім, деп сыйпаттап, батыр Амангелдінің халық сүйген бейнесін жасады. Күдері Жолдыбайүлының "Амангелдінің Торғайды алғаны" деген шағын толғауы батыр өмірінің аса бір маңызды кезеңін елестетеді. Ақын июнь жарлығынан кейінгі ел басына түскен ауырлықты, патшаның, болыстардың халыққа істеген зұлымдықтары кіріспе бөлімде айтылады, поэманың негізгі бөлімінде Амангелді бастаған сарбаздардың жорығын, жаумен араласқан соғысын суреттейді. Соғыста батыр жауды жеңіп шығады.
Оқжыландай ысқырған,
Жалын шашқан ышқырған,
Үңірейген мылтық аузына
Ат қойып көп іркілмей,
Шашақты найза желкілдеп,
Ақ сойылдар сартылдап,
Амангелді алдында
Атылған оққа жарқындап
Қарамастан айқайлай,
Ермеген оған жан болмай
Көп көшені шаңдатып
Қалаға кірді аңыратып /"1916 жыл" 30-бет./ деп Амангелді соғысы туралы ақиқат суретті көз алдымызға әкеледі. Шынында да сарбаздардың ерлігі осындай жауған оқ, құрулы зеңбірек, пулеметке қарсы қорықпай шабуыл жасауда көрініп отырған.
Осы жылдары дүниеге келген көптеген өлең, жырларда халықтың көтерілісте жеңіліп, майданға еріксіз адам беруге көнгенін айтады, онан соң әкімдердің, бай-феодалдардың майданға адам алу үстіндегі пара алып, пара берулерін, яғни адам басын саудаға салуларын, өз адамдарын қалдырып басқаны жалдап жіберулерін, майданға тек қана кедей балаларыныц алынғанын баяндайды.
Бұл жағдайлар Біржан Берденовтің "1916 жыл" деген ұзақ поэмасында түтас, толық жағдайда жан-жақты суреттелгсн. Поэма "Прием", "Қызылжар казармасының тамағы", "Ұзақ жол", "Алғашқы әскер", "Майданда", "Аэроплан", "Дүрлігу", "Қайрат", "Елде қалғандарға сәлем" т.б. бөлімдерден тұрады.
Поэма автордың көзімен көргені, басынан өткені, көңіл күйі, ізгі тілегі түрінде баяндалады. Ақын әрі автор, әрі бас кейіпкер ретінде бірте-бірте ширап, өсіп, оның ой-санасы, саяси білімі жетеледі. Ол өз шығармасының соңында үлкен тарихи, саяси мәселелерді тілге-тиек етеді.
Құрымақ бұдан былай ескі режим,
Жасалмақ халыққа тынышты жаңа жизнь.
Екі партия екі тарау жолға түсті
Аттары: большевизм, меньшевизм
Дүниеге бұл екеуі қанат жайды.
Бастауға бірі жалшы, бірі байды.
"Қуған ауру алады деген дейтін"
Тақыттан құлатты әуел Николайды,- деп жырлаған ақын қазақ халқына енді бостандық, теңдік келді деп қуанды.
Қорыта келгенде, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі туралы
жазылған өлең-жырлары сол көтерілістің барлық оқиғаларын, саяси-
әлеуметтік мәнін, елді бастаған ер азаматтардың ерлігін, жалпы халықтың
ерлігін дәл, айқын түрде суреттейді. Сонымен бірге елін сатқан опасыздардың
да бет-бейнесін ашып көрсетеді.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы туған өлең, жырлар қазақ халқының XX ғасыр басындағы әдебиетінің мол бір саласы, құнды қазынасы, туған халқымыздың тарихи істерінің тарихы, көркем шежіресі, айқын құжаттары болып ел жадында мәңгі қала береді.
"Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген". Ақан Нұрманов -
"Құланның ажалы". Құлан мергеннің протатипі – Кейкі батыр. Бас сүйегі Санкт-Петербургтың Кунст камерасындағы антропологиялық қорында
жатыр.
Амангелді Имановты 1919 жылы Кеңес өкіметінің адамдарымыз деп жүрген комиссарлар атып тастады.
Кейкі батыр Көкембаев 1922 жылдың 29 наурызында қызылдар отрядымен болған соғыста мерт болды.
Қызылдар батырдың басын, екі қолын кесіп алды, екіқабат әйслі
Ақжанды, інісі Түскенді қылыштап шауып өлтіреді.
Хан Әбдіғаппар, Сардар Амангелді, Мыңбасы Кейкі. Зиябек Рүстемов. 1940 жылы «Кейкі батыр» дастаны. Ол 1929 жылы Қостанайдағы «Ауыл» газетінде істеген, өзі Шымкент, Келестен.
Кейкі емес көктен түскен, жерден шыққан,
Кейкі осы қазақ деген елден шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет