Лекция. Тақырыбы: Бернияз Күлеев (1899-1923) Қаралатын мәселелер



бет1/6
Дата14.09.2022
өлшемі68,77 Kb.
#39059
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№ 15 лекция. Б.Күлеев. Ұлт-азаттық көтерілістур жырлар.


15 лекция. Тақырыбы: Бернияз Күлеев (1899-1923)
Қаралатын мәселелер:

  1. Бернияз Күлеевтің өмірі мен шығармашылық өнері, әдебиет әлемінен алар орны. Бернияз Күлеев поэзиясындағы өзіндік ерекшелік, қазақ лирикасына қосқан үлесі.

  2. Бернияз Күлеевтің қазақ поэма жанрын дамытуға қосқан үлесі, поэмаларының көтерген тақырыбы.

  3. Бернияз Күлеевтің шығармаларының көркемдік сипаты, мәні мен маңызы.

4. ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи әлеуметтік жағдай, қазақ елінің басынан өткен саяси оқиғалар мен төңкерістер.

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы өлең-жырлардың тарихи маңызы.

  2. Ұлт-азаттық көтерілісі туралы жырлардың тақырыбы мен мазмұны туралы түсінік.

  3. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы. Амангелді Иманов туралы жырлар, О.Шипиннің «Амангелді» дастаны.

Лекция мақсаты: Бернияз Күлеев поэзиясындағы өзіндік ерекшелік, қазақ лирикасына қосқан үлесі, қазақ поэма жанрын дамытуға қосқан үлесі, поэмаларының көтерген тақырыбы, шығармаларының көркемдік сипаты, мәні мен маңызы. Ақындық өнерінің бағалануы, зерттеу обьектісіне айналуы, орнын айқындау - лекция мақсатын құрайды.
Ойланамын да өкінемін ақылдылығыңа,
Жаным сенімді еді жақындығына.
Жастай сезген жалын жанды жеткіншек
Күнәңді ауыр кештім ақындығыңа.
Мағжан Жұмабаев


Лекция тезисі:
Қазақ әдебиетінің тарихында замана теперішін көріп, көп уақыт бойы аты аталмай, шығармашылық мұрасы зерттелмей келген тарихи тұлғалар көп. Олардың алғашқы легінде аты аталып, өмірі мен өнері зерттеле бастаған Ш.Құдайберді, А.Байтұрсынов, М.Жұмабасв т.б айтуға болады. Осындай ұлы тұлғалар секілді анда - санда ғана аты-жөні кейбір деректердс, жинақтарда, хрестоматияда аталып, ондаған жылдар бойы түбегейлі зерттеу обьектісіне айналмаған қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары жетерлік. Солардың алғы шебінде тұрған — Н.Орманбетұлы, Б.Күлеев, Б.Өтетілеуов т.б.
Осы айтылған тұлғалардың ішіндегі құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан көзге ыстық, жүрекке жылы тиетін асыл ұлдардың бірі — Бернияз Күлеев. Ол қазіргі Ресей елі, Орынбор облысының Бөрте ауданында, бұрынғы Ақтөбе губерниясы, Бөрте болысынан 5 ауылында 1899 (97) жылы дүниеге келген. Ол қос ғасыр тоғысында ғұмыр кешкен, табиғатқа тіл бітірген, тамылжыған лирик, махаббат отын маздатып жаға да білген, махаббат отына өртеніп жана да білген ғажайып сұлулық, іңкәрлік жыршысы. Махаббат — сүйіспеншілік дүниесін бар жан-тәнімен жырлаған ақын махаббат драмасына ұшырап 1923 жылдан 29 қаңтар күні кенеттен қаза тапты. Алғашында туған елінде сауатын ашқан Б.Күлеев 1917-18 жылдары Орынбор қаласындагы қазақтың учительдік семинариясында оқып білім алады. Сол семинарияда оқып жүрген кезінде-ақ бірқыдыру өлең және бір драма жазады. Көп ұзамай оқуын тастап, Б.Күлеев Торғай облысы жағында түрлі совет қызметін атқарады және сол жылдары шығып тұрған "Қазақ мұңы", "Ұшқын" газеттеріндс көп қызмет етеді. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақ республикасы Халық ағарту комиссариятының жолдауы бойынша Қазан қаласында қазақ кітаптарын бастырып шығару ісін басқарады.
Бериияз Күлеев аз өмірінің ішінде әдебиет майданында жақсы еңбек етіп, бірсыпыра әдеби мұра қалдырды. Көптеген өлеңдерімсн бірге екі-үш поэма жазды. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов т.б. орыс ақындарынан аудармалар жасады. Ол негізінен алғанда лирик ақын, көбінесе көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін, қайғысы мен қасіретін зор шабытпен жырлайды. Кей сәтте жас ақын күйреушілікке, таза сыршылдыққа бой ұрады.
Сыршыл да нәзік лирикалы, әсем баллада поэмаларымен XX
ғасырдың басында жарқ етіп, бірден көзге түсксн аса талант иесі. Ақын Б.Күлеевтің есімі де көп уақытқа дейін ұмытылып, жөнді аталмай, қазақ
поэмасына қосқан оның елеулі үлесі ескерілмей келеді. Бұған бірнеше
себептер бар. Ең алдымен ақын ғұмыры қысқа болып, шорт үзілді де, өз
бойындағы зор дарынын сарқа көрсетуіне мүмкіндігі болмады. Сонымен
қатар Бернияздың әдебист майданына араласа бастаған шағы тым күрделі
заман болатын-ды.
Соның өзінде жас ақын аз жылдың ішінде-ақ талантының негізгі сипаттарын айқын таныта алды: сондықтан да ол екі жүзге тарта өлең, үлкенді-кішілі өлең-толғаулар, үш поэма, бір баллада жазып үлгерді.
Осындай кезеңді тұста қандай ақын-жазушыларының болсын шығармаларына бірден әділ баға беріп, оның тұтқан сара жолын дәл тани қою үнемі оңайға түсе бермейді. Өйткені бұл әрі күрдслі, әрі толқымалы процесс.
Байыптап карағанда Б.Күлеев творчествосында ерсі көрінерлік яки жат саналарлык нәрсенің жоқтығын бірден байқауға болады. Керісінше оның нәр алған ортасын, өнеге еткен үлгісі, арқа тұтқан негізін тану оншалықты қиын емес секілді. Түйіндей айтқанда, ақынның сүйенгені мен сиынғаны, ұғынғаны мен үйренгені: туған халқының аса бай ауыз әдебиеті үлгілері, сондай-ақ, Абай поэмасының құнарлы әсері және А.С.Пушкин сияқты орыс әдебиетінің мектептсрі.
Б.Күлеев негізінен алғанда лирик ақын. Табиғат көркін суреттесін, махаббат сырын ашсын, көңіл күйін шертсін жас ақын терең тебіреніп, нәзік сезімін ақтара біледі.
Ол қазақ поэмасындағы нық дәстүрге айналған түр-тәсілдсріді емін-еркін меңгере білген. Соның өзінде жас ақын көбінесе Абай шеберлігіне бой ұрады және ескі эпос өрнектерін, Махамбет толғауларын да ескеріп, пайдаланып отырады. Алайда шын талант иесі қашан да тыңнан жол салып, туған халқының мәдениет қорына өз үлесін қосатындығы да бұлжымас шарттың бірі.
Бұл ретте Бернияз ақынның қазақ лирикасын мазмұн мен түр жағынан байыта түсуде елеулі еңбек сіңіргенін, әсіресе жеке бастың толғанысын әрі нәзік, әрі терең бере білуде мол табысқа жеткенін айтуға болады.
Ежелден келе жатқан ескі дәстүрді бұзбай он төрт жасар Бернияз өзінің ақындық тұңғыш қадамын айтыстан бастайды. ("Тар уақыттағы айтыс").
Жас талапкердің алғашқы кезде жазған өлеңдерін атап айтқанда: "Қыздың мінажаты" (1914), "Қызықты жаз" (1916), "Өзім" (1916), "Қазақ қызы" (1916), "Түн" (1917), "1917 жылға", "Бостандық күнінде", "Әйелдер сөзі", "Әкеме" (1917) т.б. Бұл шығармалардағы қозғалған мәселелср сан алуан. Жас ақын бірде дүрбеленді 1917 жылда шын жүректен құтықтап, оған үлкен үміт артса, келесі бір сәтте тамылжыған жазғы түннің тыныштыққа бөленгенін бұлжытпай береді.
Келесі жылдары (1918, 1919, 1920) ақынның шеберлігі жетіле, шыңдала түсумен қатар тақырыбы да әр алуан болады, енді ол жеке бастың көңіл күйін біріңғай машықтауда қанағат етпей, әлеуметтік мәні зор мәселелерге де назар аударатын болады.
Рас, ақынның кейініректе жазған өлеңдерінде торығу ("Жас жүрегімен , "Неге", "Ғашығыма", "От жалын ой өртеп шықты", "Жанталасты"), мұңаюдың қамығудың сарыны сезіліп жатады. Өз уақытының озып шыққан ұлына теке осы шығармалары арқылы ғана баға беруге болмайтыны ақиқат нәрсе.
Қазақ әдсбиеті тарихында ән мен күйді арнайы сөз еткен ақын-жазушылар аз емес. Ұлы Абайдың өзі ән мен күйге арнап бірнеше өлең жазғаны аян. Бернияз өлеңдерін оқығанда да оның музыканы терең түсінетіні және ерекше сүйетіні сезіледі. "Ән-күй" деген аталатын шағын өлеңдерінде ол Абайша толғап кетеді. Ақын түсінігінде ән мен күй биік үні, адам жанын нұрға бөлейтін сиқырлы күш, оған бағынбасқа, табынбасқа ешбір шара жоқ.
Орыс, европа әдебиетінде ежелден қалыптасқан дәстүрдің бірі жеке адамның басына арналған альбомдық өлеңдер, сурет сыртына жазылған қысқа шумақтар жиі кездеседі. Қазақ поэзиясында бұл дәстүр мықтап қалыптаса қоймаған. Ал Бернияз осы салаға көңіл бөліп, қырыққа тарта ұсақ өлеңдер жазған. Көлемі шағын, көркемдігі аса мықты емес, жұпыны шумақтардан да өмір лебін сезініп, оның өз басының кейбір сыр-мінезін танығандай боласың. Сүйікті анасына сурет сыртына жазып өлең арнасын, татар тоташтарының альбомдарына өлең жазсын, башқұрт қызы София қарындасына сәлем жолдасын, немесе өзбек жігіті Ахмеровқа ағалық ақылын айтсын Б.Күлесв адамгершілік ізгі жолдан таймайды; кейінгі жастардың ер жеткенін, бақытқа ие болуын шын жүрекпен тілеп отырады. Бауыр елдің ұл-қызына дсген сүйіспеншілігін аямайды.
Ақынның қалған әдеби мұраның ішінде төрт шығармасы оқшау тұр: "Жердің жүзі жаз"(1919), "Қайда екен?" (1922), "Жорық" (1922), "Жындымын ғой кейде қаным таситын" (жылы белгісіз). Ақынның өзі "Қайда екенді" қияли поэма, "Жорықты" поэма деп атаса, соңғы шығармасын "Қияли поэма ма, баллада ма өзім де білмеймін" тәрізді екіүшты ұғым айтады.
318 жолдан тұратын "Жердің жүзі жаз едіні" ақын поэма деп атамаған, өйткені мұнда көбінесе лирикалық толғаулар, белгілі бір сюжеті жоқ болуы себеп болса керек. Көлемді (444 жол) "Қайда екен " поэмасы алты бөлімнен тұрады, автор кіріспе тарауында ескі дәстүрді тірілткендей қазақ даласын қаймағы бұзылмаған қаз қалпында көреді де, сол бір кезді қол жетпес арман, қайғы айналмас қайран шақ, тұрақ-тұрлауы жоқ, сиқырлы түс ретінде бейнелеп ақырында өзі таң ғажайып суреттерге өзі сенбей былайша түйеді:
Тағы,тағы
Тағы, тағы....
Айтып айтпай кетейін.
Айтсаң айттық
Айтып қайттық?!
Қайтып айтып жетейін ?!
Қалған бөлімдеріндс ақын шындық болмысты шебер бейнелейді. "Жорық" поэмасын белгілі бір түрге жатқызу өте қиын. Ақын ауыз әдебиеті дәстүрін тиімді пайдаланып, онысын әрдайым өзі ескертіп отырады. Ақын көбінесе өз атынан сөйлейді: жалынды ер жүрек жастық, төрт құбылысы тең, нағыз кемеліне келген шағы. Онын бар қызығы ит жүгіртіп, құс салу, сұлуды құшып, ойын-сауыққа берілу, қысқасы шат-шадымен өтіп жатқан алаңсыз әсем күндер, уайым мен қайғыға мүлде орын қалмағандай.
Аяқталмай қалған "Гүл" атты көлемді шығармасында да табиғат көріністсрін толғана жырлайтын әсем жолдар аз емес. Б.Күлеев ұзақ кіріспе арқылы баяндамақ болған негізгі сырлы оқиғаны, ақын мен сиқырлы қыз арасындағы қарым-қатынас, арбау-арпалыс баян етіледі.
Талас сөз, арпалыстан кейін жұмбақ қыз өзінің кім екенін білдіреді: сиқырлы сұлу бейнесінде жүрген "баяны жоқ бақ" болып шығады. Сөйтіп автордың түп мақсаты "бақыт" секілді аз күндік алдамыш нәрсені әшкерелеу, адам өмірінде оның құбылмалы, опасыз боп келетінін дәлелдеу. Автор бұл поэмасында өзекті зор мәселелерді қоюмен бірге, өзінің ой өрісі кең, дүние танудағы көзқарасы едәуір терең, ақындық шеберлігі дс жетіле түскенін айқын дәлелдей білді.
Қорыта айтқанда, халық тағдырын ойлаған үлкен жүректі, азаматтық ой айта білген парасатты ақынның творчествосының басым көпшілігі - махаббат лирикасы. Тіпті дүниені, тіршілік бағасын бәрі-бәрін ол махаббат көзімен де қарайтын сәттері бар. Б.Күлесвтің творчествосын жанашырлықпен зерттеуші ғалым Б.Кенжебаев былай дейді: "Ол үшін махаббат - бар тіршіліктің мәні. Бұл тақырыпты ол интимдік лирикаға да, интимдікті обьективтік сарынға ұластырып интелектуалдық лирикаға да барды" (Б.Кенжебаев. Әдебиет белестері, А. "Жазушы ", 1996 ж. 259-бет).
Бернияздың өлер алдындағы өлеңі:
Жүрегім өлейін,
Дегенінде көнейін.
Аз-көп тұрған жалғанға,
Келіп едім демейін.
Өлер жерің осы деп,
Дәл жүректің тұсы дсп,
Қорғасын оқ өткізіп.
Өз қанынды өзіңе
Қарық қылып мәңгі бөлейін, - дейтін Б.Күлеев қазақ әдебиеті тарихынан келелі орын алатын үлкен дарын иесі. Әр түрлі жағдайға қарай оның творчествасында кездесетін торығушылық, күйреуіктік сарындар болғанмен ол реалистік мектептің өкілі, кезінде демократтық идеяны қолдаған, осы жолда жемісті еңбек еткен таланты ақын. Мағжанның Бернияз өлгенде айтқан өлеңі:
Ойланамын да өкінемін ақылдылығыңа,
Жаным сенімді еді жақындығына.
Жастай сезген жалын жанды жеткіншек
Күнәңді ауыр кештім ақындығыңа, - деп ұлы Мағжан айтқандай
ақын қателігіне, күнәсіне кешіріммен қарауға әбден болады.

15 Тақырыпқа байланысты практикалық сабақтың сұрақтары мен өздік жұмыс тапсырмалары:



  1. Бернияз Күлеевтің өмірі мен шығармашылық өнері, әдебиет әлемінен алар орны, поэзиясындағы өзіндік ерекшелік, қазақ лирикасына қосқан үлесі.

  2. Бернияз Күлеевтің қазақ поэма жанрын дамытуға қосқан үлесі, поэмаларының көтерген тақырыбы.

  3. Бернияз Күлеевтің шығармаларының көркемдік сипаты, мәні мен маңызы.

  4. Бернияз Күлеев шығармаларының, ақындық өнерінің бағалануы, зерттеу обьектісіне айналуы.

  5. М.Жұмабаевтың «Берниязға» атты өлеңін мәнерлеп жатқа оқу, талдау жүргізу.

  6. Бағдарламадағы барлық ақындар шығармашылығы бойынша әр ақынның 2-3 өлеңін жаттау, мәнерлеп оқу, көркемдік, идеялық, мазмұндық талдау жасау.

  7. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті пәні және Бернияз Күлеевтің шығармашылығы бойынша 8-10 тест сұрақтарын дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет