Тайыр Жомартбаев (1884-1937)
Ғасыр басындағы әдебиетiнiң өсiп- өркендеуiне өз шығармалары арқылы үлес қосқан, халықты оқуға, өнерге, ғылымға, мәдениетке шақырып, үлес қосқан жазушылардың бiрi Т.Жомартбаев. Ол 1884 жылы бұрыңғы Семей облысынан Абай ауданында туған.
Ұлы Абай туып өскен елде тұрып, балалық шағы сонда өткендiктен Тайыр Абай шығармаларымен жасынан-ақ таныс болады. Болашақ ақынға зор әсер бередi. Жасында ауыл молдасында сауат ашқан. Ол 16-17 жасында Семейге келедi. Жақия деген атты медiресесiнен бiлiм алады. Кейiн Уфадағы Ғалия медресесiн бiтiредi.
1910-11 жылдарда Тайыр Семей қаласына келiп татар медресесiнде мұғалiм болады. Бұл кезде Абай, Ыбырай, Ғ.Тоқай шығармаларымен танысады. Л.Толстой, И.Крылов шығармаларын аударумен әуестенедi.
Т.Жомартбаевтың 1912 ж. Семейде “Жәрдем” баспасынан екi кiтабы- “Балаларға жемiс” және “Қыз көрелiк” басылып шығады. Озат ойлы, жаңалыққа жаны құмар Тайырдың бұл әрекеттерi Медресе басшыларына, дiндарларға ұнамай, амалсыз Зайсан жаққа қоқыс аударуға мәжбүр болады. Ол жерде әйелi екеуi де мектепте мұғалiм болады. Олар 1920 ж Зайсанда интернат ашуды ұйымдастырады. 1923-28 ж мектеп меңгерушiсi, мұғалiмi болады.
1928ж Семейге ауысып № 14 мектеп меңгерушiсi болады. 1933-37 жылдарда Семейде ауыл шаруашылық, педагогкалық техникумдарды әдиебет және математика пәнiнде сабақ бередi. 1937 жылы жалған айыпқа душар болып мезгiлсiз мерт болады.
Ақынның 1912 ж жарық көрген “ Балаларға жемiс” атты өлеңдер жинағында негiзгiнен балаларға арнайы шығармалары енген. Дегенмен бiршама өлеңдерiнде атап айтқанда “ Замандастарға қарап” , “Бiздiң хал” сияқты өлендерде замана жайын қазақ елiнiң оқудан, өнерден кенжелер қалған халiн сөз етедi. Халықты жаңа өмірге шақырғанда Абай ұстазы секiлдi адам еңбек өнер ғылым жолын ұсынады. Елiн оқуға, өнерге, мәдениетке шақырады:
Қылғанға еңбек,
Ақылға көбенек
Әркiмдерге ләзiм iс ,
Ғылымнан үйрен
Залымнан жирен,
Iс қылмаңыз жолдан тыс.
Надан болып бүтiн ел
Жалғыз бiлме, түп-түгел-дейдi ақынның ұсынар жолы, көпке айтар үлгі-еңбек, бiлiм ғылым өнер жолы.
Басқа жұртқа таң атты
Бiздiң қазақ тек жатты,
Байқалықты бiз-дағы
Ғылым дәнiн кiм тапты
Бiз де ұлт баласы,
Жетiлсiн ғылым шаласы
Ғылымменен нұрланған
Орыс ноғай қаласы
Тайыр шығармаларында адам тәрбиесi тақырыбының басы бiр саласы- қайрымдылық , аталық, аналық, жолдастық, достық, қамқорлық, “жетiм баланын мұңы”, “Рақымды кемпiр”, “Рақымды жолдас”, “Үлкен әже және немере” атты өлеңдерi адамгершлiк адал достық, шынайы қамқорлық мөселесiне арналған.
Т.Жомартбаевтың бұл дәуiрде жазған көлемдi шығармасы-“Қыз көрелiк” (1912). Бұл автордың роман деп атаған ұзақ өңгiмесi . Тақырыбы - төңкерiске дейiнгi қазақ қыздарының тағдыры, ескi әдеттi сынау, жастарды, қыздарды оқуға , өнерге , мәдениетке шақырады.
Автор осы мәселелердi өмірге өз көзқарасы шығарманың геройы Ғайникамалда ұсынды. Ол - өз дәуiрiнiң жанашыр қызы. Сондықтан Қаникамал сыртқы сұлулығымен ғана емес, iшкi сұлулығымен де, ақыл ойымен де, жаншыл қасиетерiмен де оқушы үшін әсерлi бейне. Ол өзiнiң күнделiктi өмірiн қара басынан жеке бақытылығынан ойлаудан аулақ.
Құрбылар, замандастар, ұл мен қыз .
Тырысып жас күндерде оқылық бiз.
Алданып ойыменен қалсақ надан.
Өткен соң бармақ тiстеп өкiнерсiз –дейдi. Шығарманың басты бiр ерекшiлiгi, қазақ қыздарын оқып бiлiм алысып, еркiн iзденiп өнер танысын десе, екiншi жағынан, өмірде, тұрмысты ерiктi болсан, өмірлiк жарды өзi iздеп танысын дейдi.
Өзi ешкiмнен алысып арпалысып жүрiп теңiн тапқан Қайникамал қалын малдың дертi бастап қазақ қыздарының өткен өмірдегi ауыр қайғысына шын аянышын бiлдiрiп, ескiлiктен арқыл алмаған ата-аналарға.
Қыз туса, мал туды деп қуанбақ,
Балаңды малға сатып қылмаңдар пұл, -деп ақыл кеңес бередi.
Рас Қаникамал образын жасауда автордың қиялынан туған кейбiр сенiмсiз жасампаздықтар бар. Ол – Қаникамалдың өзiне ғашық болған 3 жiгiттi Европалық Лондон, Берлин, Париж сияқты қалаларын аралатуы олардың ертегiлерде ғана кездесетiн қиялдарға бой ұруы т.б. Шығармада әкесi Қайсы перзенттi жолында бар дәулеттiн аямаған қамқор әке ретiнде көрiнедi. Ал Әдiлхан, Мұхаш, Сейiтхан оқусыз, өнерсiз ата-дәулетiне сенiп өскен бай балалары. Мұхаметали оқыған ғылымы бар, Қаникамал соған тұрмысқа шығады.
“Қыз көрелiк” қазақ көркем прозасының ревлюцияға дейiнгi тарихындағы әйел теңсiздiгi, қыздардың бас бостандығы сияқты өмірлiк маңызы бар күрделi мәселеге үн қосқан, ағартушылық бағытта жазылған алғашқы романдардың бiрi. Бұл роман туралы белгiлi ғылым Әнуар Дербисалин былай деп баға бередi: “Қазақ қызының тамаша қабiлетiн бейнелеуде оған өнер-бiлiм мен махаббат бостандығын беру мәселесiн көрсетуде бұл шығарма сәттi талаптардың бiрі болды.”
Қорыта келгенде балалар әдебиетiнiң дамуына ұстазы Ыбырай үлгісiмен өлшеусiз үлес қосқан, қазақ романның дүниеге келуiне қарлығаштай қанаттымен су сепкен Т.Жомартбаев те өзге ақын жазушылар секiлдi қазақ әдиебетiнiң тарихын өзiне лайықты орнын алуға тиiстi азаматтың бiрi.
№ 15. Тақырыпқа байланысты практикалық сабақтың сұрақтары мен өздік жұмыс тапсырмалары:
ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи әлеуметтік жағдай, қазақ елінің басынан өткен саяси оқиғалар мен төңкерістер.
Ы.Шөрекұлы, Т.Жомартбайұлының әдеби мұралары, өмірі мен шығармашылығы.
3. ХХ ғасырдың бас кезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы өлең-жырлардың тарихи маңызы.
4. Ұлт-азаттық көтерілісі туралы жырлардың тақырыбы мен мазмұны туралы түсінік.
5. Иса Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасы. Амангелді Иманов туралы жырлар, О.Шипиннің «Амангелді» дастаны.
6. Ұлт-азаттық көтеріліс және қазақ әдебиетіндегі азаттық ұраны.
Бағдарламадағы барлық ақындар шығармашылығы бойынша әр ақынның 2-3 өлеңін жаттау, мәнерлеп оқу, көркемдік, идеялық, мазмұндық талдау.
8. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті пәні бойынша 8-10 тест сұрақтарын дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |