Лекция тақырыбы. Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұҒалім әрекетінің объектісі ретінде



бет4/4
Дата01.05.2023
өлшемі64 Kb.
#88664
түріЛекция
1   2   3   4
Қарама-қайшылықтар





Объективті
қарама-қайшылықтар

Субъективті
қарама-қайшылықтар


Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:

    • тәрбиеленушілердің реалды мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);

    • баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы);

    • қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;

    • ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;

    • қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т.б.

Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:

    • тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процестің біржақтылығы арасында (яғни педагогикалық процестің оқытушылық сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету керек);

    • тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық процесті бұқаралық-репродуктивті ұйымдастырылуы арасындағы қайшылық;

    • тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және т.б.

4. Педагогикалық өзара әрекеттесу педагогикалық процестің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол «субъект-субъектілік қатынастармен» сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.


Педагогикалық өзара әрекеттесу, «субъект-объектілік қатынастармен» сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді қамтиды: «оқушы - оқушы», «оқушы - ұжым», «оқушы - мұғалім», «оқушы – меңгеру объектісі». Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол «педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті». Осы процестің нәтижесін анықтайтын негізгі қатынас «оқушы – меңгеру обектісі». «оқушы – мұғалім қатынасы» мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады, оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.


Педагогикалық
өзара әрекеттесу

Педагогикалық әсер ету Тәрбиеленуші


тура және жанама бола реакциясы:
алады. белсенді қабылдау,
ақпаратты талдау,
елемеу немесе
қарсылық көрсету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет