Лекция тақырыбы: Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Лектор: ф.ғ. к., доцент Қошанова Н. Д. Түркістан



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі27,88 Kb.
#35060
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-2


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пәні
2 лекция.
Лекция тақырыбы: Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.
Лектор: ф.ғ.к., доцент Қошанова Н.Д.

Түркістан
2 лекция.
Лекция тақырыбы: Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар.
Лекцияның оқыту нәтижелері: 1. Тіл дыбыстары және олардың түрлер, үндесу заңдылықтары, орфоэпиялық және орфографиялық ерекшеліктер, буын түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайды.
2. Тілдің қоғамдық мәні және оның ойлаумен байланысы туралы қорыта алады, әрбір сабақта теорияны практикамен ұштастыруда балалар мен жасөспірімдерге тәрбиелік мәні зор көркем шығармалармен жұмыс жасай алады.
3. Өзінің зияткерлік дамуы, мәдени дамуы, кәсіби құзыреттілігі, денсаулығы, адамгершілік және физикалық өзін-өзі жетілдіру үшін таным, жаттығу және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Лекция мазмұны.
Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.
Дауысты дыбыстар
Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.
Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол - э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.
Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшының ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.
2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.
3. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып бөлінеді.
Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.
Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет