Пайдаланылатын әдебиеттер: А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989
З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., Мектеп. 1973. -212 б.
Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969.
З.Қабдолов «Сөз өнері» А., Санат. 2002. -360 б.
Әдебиеттану. Хрестоматия құрастырған С.Мақпыров А., 1991. Қосымша
З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995
М.Атымов «Көркем шығарманың композициясы туралы» А., 1969
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. - Алматы, Ана тілі, 1995.
Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алматы, 1964.
Атымов М. Көркем шығарма композициясы туралы. - Алматы, 1969.
10. Белинский В.Г. Шығармалары. Сын мақалалары. - Алматы, 1987.
11. Добролюбов Н.А. Әдебиет туралы мақалалары. - Алматы, 1955.
12. Дәстүр және жаңашылдық. Екі томдық. - Алматы, Ғылым, 1980-1981.
13. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. — Алматы, 1966.
14. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1954; 1984.
15. Қабдолов 3. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. - Алматы,1996.
16. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құрастырған З.Ахметов, Т.Шаңбаев. - Алматы, Ана тілі. 1998. -384 б.
21, 22 - лекция тақырыбы: Көркемдік әдіс Лекция жоспары: Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі
Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
Көркемдік әдістер арасындағы байланыс сабақтастық
Лекция тезисі: Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиетте, сондай-ақ көркем өнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествасы идеялық нысанасы жағынан да өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жаңалық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат – белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған, яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі - осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырып дәлелдеді. Бұл тұжырымды құптасақ, көркем әдебиет пен өнердің бүкіл даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мен реализм деуге болады.
Орыс әдебиетінде және дүние жүзі әдебиетінде, көркем өнердің әр түрлі салаларында соңғы ғасырларда мол тараған әдіс – романтизм орыстың декабрист ақындарының (К.Ф.Рылеев, А.И.Раевский) творчествосында орын алса, екінші жағынан Н.В.Жуковский секілді ақындардың шығармашылығынан мол көрінеді.
Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзімен қарау, шарқ ұрып іздену, қиялға берілу болса, революционер жазушылар творчествосында ол жаңашылықпен, алға ұмтылумен ұштасты. Романтизмнің озат, өршіл қасиеттері Лермонтов поэзиясынан, Пушкиннің өлең-дастандарынан айқын аңғарылады. Бұл көркем әдістің ұтымды, өнімді жақтарын А.М.Горький өз шығармаларында жаңа сипат - белгілерімен толықтырады.
Әрине романтизмның өзіне тән ерекшеліктері көп, суреттеліп шыққан қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтыкі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі памфлет жатады, автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
Дегенмен осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына шек қоя беруге болмайды. Романтизм мен реализм кей ретте, Белинскийше айтқанда «бір-біріне кереғар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас» әдістер. Оның үстіне әр суреткер не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деуге болмайды. Керісінше әрбір «ірі суреткерде» - дейді М.Горький - реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жататын сияқты. Бальзак - реалист, бірақ ол «Шегрен былғары» тәрізді реализмнен өте-мөте тұрған романдар жазды. Тургенов те романтикалық рухтағы дүниелер жазған. Гогольден бермен қарай Чехов пен Бунинге дейінгі ірі жазушылардың бәрі сөйткен. Реализм мен романтизмнің бұлайша бірігуі - біздің үлкен әдебиетімізге әсері тән сипат.
Қай кезде жасамасын, бәрібір барлық қазақ жазушылары (Махамбет пен Абай, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов пен Аймауытов, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафин мен Х.Есенжанов т.б.) жайлы да дәл осыны айтуға болады. Бәрінің шығармашылығында да реализм мен романтизм қат-қабат араласып жүр.
Орыс әдебиетінде А.С.Пушкин творчествосында, қазақ әдебиетінде Абай прозасында кең өріс алған көркем әдіс – реализм болды. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру - бұл реализм әдісінің бағалы жағы. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты.
Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қанатын кең жайды. Реализмге тән бейнелеу тәсілдері де қазақ әдебиетінде көптеген ақын, жазушылардың шығармаларында орын алып келеді. Алайда романтизмді қазақ әдебиетінде белгілі бір тарихи дәуірде берік орын тепкен ағым деуден гөрі бейнелеу әдіс-тәсілдері түрінде көбірек кездеседі деп қарау дұрыс шықты. Романтизм әдісі бірыңғай қолданылмай, көбіне реалистік әдіспен жалғас, аралас келетіні де осыдан болса керек. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын танылады.
Реализм (латынша realis - затты, нақты) – шындықты шынайылау әдісі. Адамның өзін-өзі таныту, сайып келгенде одан да әрі тереңдеп барып, алдымен халықтың өзін-өзіне таныту жолы. Адам мен қоғам, қоғам мен заман ара қатынасын барлық бірлігімен және қарама-қарсылығымен жан- жақты суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, сом тұлғалар жасау тәсілі.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер әр алуан. Қалай болғанда да бір нәрсе айқын: реализм атауының бүкіл дүниежүздігін әдебиеттегі озық үлгілері - ХІХ ғасырда Толстой мен Достоевский шығармалары да, ХХ ғасырда Әуезов шығармалары.
Әдеби әдіс - қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік концепциясы. Демек, сол сияқты социалистік реализм де - қолдан құрастырыла салған әлде бір ережелер жинағы емес, өмірдің обьективтік даму заңына сай, кеңес дәуірінің өзі туғызған құбылыс.
Қазіргі дәуірде әдебиетте жазушылардың творчестволық еркіндігіне, жаңашылдық ізденістеріне мол мүмкіндік туып отыр. Өмір шындығын жан-жақты, терең ашып көрсету үшін әдебиет тақырыбы, идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктері жағынан мейлінше толығып, үнемі әр алуан сипат-белгілерімен байи беруі қажет.
Әдеби ағымдар – дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыт-бағдары, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы идеологиялық, суреткерлік концепсиясы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Дж.Байрон, А.Мицкевичтер қоғамдық құрылысты түбегейлі түрде өзгертуді ұстанса, А.Ламартин, В.А.Жуковский дінді, Э.Т.Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилінің өзіндік ерекшелігінен туындайды. Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп өкілдерінің де болатыны осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды. Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымды қайта өрлеу, барокко, классицизм, ағартушылық әдебиет, сентиментализм, романтизм, реализм, символизм деп бөлуге болады. (қайта өрлеу-ХҮ-ХҮІ ғ Барокко –ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр, ХІХ ғасыр Испания Италия сентиментализм-французша –сезім, сезімталдық, ХҮІІІ-ХІХ ғасыр ағылшын Европа)
Суреткердің үлкен топтарын біріктіріп, әлемдік әдебиеттің дамуында алатын өз орны болса да, имперессионизм, экспрессионизм, модернизм т.б. әдеби ағымдар дәрежесіне көтеріле алмады. (Модернизм - французша - жаңа, қазіргі 20 ғасыр әдебиет пен өнер)
Қазақ әдебиетіндегі жырау мен поэзия өкілдерінің көпшілігі романтикалық бағытты ұстанды. Халықты қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заманға жеткізуді армандаған Асанқайғы, «боз сазаны тоқтыдай, балығы тайдай тулаған» өлкені аңсаған Қазтуған, Еділдің бойын елге толтыруды армандаған Доспамбет, ізгілікке, мейірімділікке шақырып, патриоттық-романтикалық сарындағы терең мәнді толғаулар жазған Шалкиіз бен Ақтамберді, жырау т.б. 15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясындағы романтикалық бағыттың негізін салды. Махамбет Өтемісұлы патриоттық романтизм бағытында тұңғыш сапалы шығармалар жазды. Біржан сал, Ақан сері өлеңдерінде адамгершілік, абзал қасиетті, махаббат пен достықты насихаттаған романтикалық сарын басым болды. Ы.Алтынсариннің мұрасында ағартушылық реализм көрініс тапты. Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев творчествосында Пушкин дәстүріндегі романтизм мен реализм астасып, біртұтас көркемдік шешім тапты. Дегенмен Абай мектебінен шыққан Ш.Құдайбердиев, Ақылбай, Мағауия Құнанбаевтардың шығармаларында романтикалық сипат басым түсті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілдері С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Т.Жомартбаевтар ағартушылық және сыншыл реализм бағытында болды. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Б.Майлиннің алғашқы шығармаларында сыншыл реализм тұрғысынан жазылды.