Лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері Лекция жоспары


Әдеби шығарма - көркемдік әлемі. Көркемдік ұғымы, көркемдік шарттары, оның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы



бет6/22
Дата13.02.2023
өлшемі202,46 Kb.
#67495
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Әдеби шығарма - көркемдік әлемі. Көркемдік ұғымы, көркемдік шарттары, оның мазмұн мен пішін мәселесіне тікелей қатыстылығы

  • Өнер туындысының мазмұны мен пішіні, олардың өзара бірлігі

  • Мазмұн мен пішін элементтері.

    Лекция тезисі
    Әдеби шығарманы талдағанда оның мазмұны мен түрі деп, ішкі сипат қасиетін және сыртқы көрінісін бөліп қараймыз. Сонда мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналығы деуге болады. Әдетте шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді, бұлай деуге толық негіз бар. Шығарманың мазмұны баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмірлік құбылыстардың тікелей өзі емес, соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген сурет. Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгаршілік, азаматтық мұрат идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға пішініне, өрнек-кестесіне, өн-бойына қан жүгіртіп, жан бітіретін, өң-нұр беретін идеялық мазмұн, мағына жазушының биік қоғамдық мақсаттары, идеалдары. Мазмұн мен көркем түр тығыз байланысты, шығармада не айтылғанын, оқушы ой сезімінің қалай жеткізіліп, уақиғаның, жағдайдың қалай айтылғаны, қандай тәсілдер, қандай көркемдік құралдармен бейнеленгеніне сәйкес сезініп, қабылдап түсінеді. Шығарманың көркемдік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланысты.
    Мазмұн мен түр - көркем әдебиеттің міндеті мен мақсатына тікелей қатысы бар маңызды мәселелер. Мазмұн – белгілі бір жазушы бейнелеген өмір шындығын, түр - әдеби тек арқылы мазмұнның түрліше суреттелінуі. Қаламгердің таңдаған тақырыбы және айтпақ болған идеясы мазмұнды құраса, түр - сюжет, композициямен бірге, негізгі көркем құралы - тілді қамтиды. Көркем сөз шеберлері әдеби қаҺармандарды бейнелей отырып, сол арқылы шығармада суреттейтін құбылысты, алға тартатын идеясын байқатады. Бұл, біріншіден түрдің ішкі мазмұндағы өзгерісін танытса, екіншіден түрдің мазмұнға айналу процесін көрсетеді. Жекелеген әдеби бейнелердің түгелдей шығарма мазмұнына әсер ететін жайларын әдебиет тарихынан жиі кездестіруге болады («Ботагөз», «Ақбілек», «Абай жолы» т.б.).
    Мазмұн мен түр бірлігі, тұтастығы жайында сөз болғанда қаламгерлердің бейнелі сөздерді орнымен жұмсау қабілеті де ескеріліп отырады. Мысалы, Тайбурылдың шабысымен қазіргі той-думандағы ат жарысын суреттеу құралы бірдей емес, сондай-ақ, Қамбар батырдың ерлігі мен кешегі Ұлы Отан соғысындағы батыр жауынгерлердің сырын да, оны бейнелеуде де алуан-алуан айырма бар екені мәлім.
    Мазмұн мен форма (пішін) - даму процесін түсінудегі материалистік диалектика категориялары. Мазмұн – белгілі - бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал, форма мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен форма қандай құбылысқа болмасын іштей тән, сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан белгілі - бір формасы бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз форма деген де болмайды. Форма әрқашан да мазмұнды, ал мазмұн формалы болып келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты рольді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Сондықтан да мазмұнға сәйкес форма да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн форманы белгілейді, бірақ форма да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді. Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін форма оның дамуына, ілгері басуына жәрдем етеді. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі форма оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен форма арасындағы сәйкессіздік ескі форманың орнын жаңа форманың басылуымен шешіледі.
    Сылдырап өңкей келісім,
    Тас бұлақтың суындай...
    Абайдың осы сөзінде аса терең мағына жатыр. Шын мәнісіндегі өнер туындысының айрықша асыл қасиетін, сыртқы түрі мен ішкі сырының тамаша үндестігін осыдан артық дәл тауып айту қиын. Әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеннің өзі де осы - көркем шығарманың шынайы сұлулығы, яки «тас бұлақтың суындай сылдырлаған өңкей келісім».
    Мазмұн мен пішін ең алдымен бір-бірімен айырылмас байланыста, бірлікте, бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Мазмұн пішіннің іщкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Қандай жағдайда болсын әуелі мазмұн туады да өзін айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы болады деп ұққан жөн.
    Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Бұл арада біз сөз өнерінің қоғамдық сынға қатысын әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі - адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны - сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін - осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаҺармандар өмірі.
    Мәселен, «Ботагөз» романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған шындық – қазан төңкерісінің арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Кеңес Өкіметінің орын алуы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні - С.Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби қаҺармандардың, дәлірек айтқанда Асқардың, Ботагөздің, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Итбайдың, Кулаковтың, Кошкиннің, т.б. қым-қиғаш күреспен тартысқа тән қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осы айтылған кейіпкерлердің шытырман өмірі, өзара қарым-қатынасы, іс-әрекеті, бірін-бірі жақсы көру, не жек көру сезімдері арқылы төңкеріс алдындағы қазақ ауылының хал-күйін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мақсат-мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалай келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққанын, ақыр аяғында жаңа өмірге қайтіп жеткенін аңғарамыз. Романдағы әр қаҺарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз.
    Мазмұн мен пішін жайын сөз еткендегі ескеретін нәрсе - бір мазмұнның бірнеше пішіні болатыны. Өмірде де, өнерде солай. Өмірдегі көрініс - пролетариаттық тап күресі әр алуан пішіні бар. Мысалы, байкөт, саботаж, манифестация, демонстрация т.б.
    Сол сияқты өнердегі көрінісі Ұлы Отан соғысының ғылым мен әдебиеттегі пішіндердің әр алуандығын да аңғаруға болады. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңызы» мен Х.Ерғалиевтің «Әке сырындағы», яки поэзиядағы пішін бір бөлек. Б.Момышұлының «Москва үшін шайқасы» мен Т.Ахтановтың «ҚаҺарлы күндеріндегі» сол сияқты М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясындағы», яғни проза мен драматургиядағы пішін бір бөлек. Мұның бәрі пішіннен мазмұнның басымдығын аңғартады. Алайда пішін әдейі мазмұнға тәуелді, бейтарап нәрсе деуге болмайды. Пішіннің атқарар ролі - белсенді роль. Шығарма мазмұнның ұтымдылығы оның пішіні тығыз байланысты, дәлірек айтқанда пішіннің әсемдігі - суреткер шеберлігі.
    Мазмұн мен пішіннің келесі бір екінші ерекшелігі - мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Мысалы, қазіргі махаббатты баяғы Ләйлі мен Мәжнүннің, немесе Қыз Жібек пен Төлегеннің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның әр дәуірге лайық өз пішіні болады.
    Мазмұн мен пішіннің үшінші ерекшелігі - мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, өз мазмұнын ала қоймайды. Мысалы, ХХ ғасырда қазақ даласында темір жол салынды, поезд жүйіткіді. Бұл мазмұнды әдебиетте пішіндеу қалам қайраткерлерін жаңа ізденуге шақырды. Даладағы бұл құбылысты өткендегі тайбурыл шабысынша суреттеуге болмайды. Мысалы,
    Ол төбе мен бұл төбе,
    Бауыры шұбар көп төбе,
    Онан да өтіп жөнелді...т.б.
    Жаңа өмірдегі жаңа шындық өнерге тың мазмұн болып еніп, ол өзінің соны пішін іздейді. Осы мазмұнға С.Сеуфуллин өзінің «Советстан» поэмасында мынадай пішін береді:
    Советстан, біздің стан,
    Советстан, Экспресс,
    Талма екпінді шабыстан...
    Түйіндей келгенде, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін қажет болып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі -оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
    Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді: шығарманың мазмұны - оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаҺармандардың өзара қарым-қатынасына тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы - суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет