Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар



бет6/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан .Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882-1945 ). Үйірме құрамында Б. Гавранек, Б.Трнка, В. Скаличка, орыс эмигранттары С. Карцевский, Р. Якобсон, Н. Трубецкой т.б. болған.
Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері»деген жинақ шығарып тұрды . Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага лингвистикалық үиірмесінің тезисі»деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланды.
Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты .
Копенгаген структуралық мектебі . Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссиматиктер деп атады . Осы атау арқылы олар өздеріне тек біліміне ғана тәнмәселелермен айналысатын , тілдің ғылымдараралық нысандарына жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді .
Глоссоматикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессор Луи Ельмслев (1899-1965) . Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматикалық негіздері» атты кітабы.Глоссиматиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп , «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған .Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды.
Дескриптивтік мектеп . 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан . Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939) ,Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес . Сондықтан бұл екеуі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық , структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады .
Америка структуралистеріне бірден – бір материал болған және сол әдістің дүниеге келуіне себепші болған үндістер тілдерін ең алғаш зерттеген адам – Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858 – 1942).
Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика , микролингвистика деп екі салаға бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет