Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар



бет7/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кеңестік тіл білімі. Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан-жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.
20ғасырдың 30-шы жылдарында Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.
Мәселен, Маррдың тұжырымдауынша: таптық қоғамдағы тіл де таптық болады; тіл – қоғамдық қондырма, ол қоғамдық базиспен бірге өзгеріп отырады; дүние жүзіндегі тілдердің барлығының шығу төркіні, глоттогониялық процесі бір, олардың бәрі де о бастағы сал, бер, ион, рош деген төрт элементтен тараған, бұл элементтердің қалдығын қазіргі тілдерден де табуға болады; қоғамдық формациялар дамуына лайық тіл сатылап дамиды; тіл дамудың бір сатысынан екінші сатысына өткенде революциялық секіру жолымен дамиды, бұл процесте тілдер тоғысуы шешуші рөл атқарады; тіл дамуының негізгі көрсеткіші тіл семантикасынан көрінеді, сондықтан тіл білімінің негізгі нысаны семантика болуы керек.
«Тіл туралы жаңа ілімнің» негізгі бағдарламалық концепциялары болып есептелетін бұл тұжырымдардың қай-қайсысы да қоғам жөніндегі ілімнің мәніне жете түсінбей, оны тіл мәселелеріне теріс қолданудан туған жаңсақ қорытындылар еді. Бірақ осы қате тұжырымдар 1950 жылға дейін Кеңес тіл білімінде үстем болып келді. Кеңес тіл ғалымдары өз зерттеулерінде оларды басшылыққа алуға міндетті саналды.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.
Тіл біліміндегі айтыстан кейін Кеңес тіл білімінің ерекше назар аударған мәселесі «Тіл туралы жаңа ілімнің» қателіктерін, оның тигізген зиянды зардаптарын жан-жақты ашып көрсету болады.
Сөйтіп, 1950 жылғы тіл жайындағы айтыстың Кеңес тіл білімі тарихында жағымды мәні болды, «Тіл туралы жаңа ілімге» тыйым салды, салыстырмалы-тарихи тіл білімінің құқын қайта қалпына келтірді, Кеңес тіл мамандарының жалпы теориялық проблемаларды зерттеуіне дем берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет