Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар



бет5/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№12

Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Мектептің социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады.
Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы. Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф.де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды.
Ф.де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі – «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек Ф.де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916-жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933-жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
1977жылы Ф.де Соссюр еңбектері «Труды по языкознанию» деген атпен 2-рет орыс тілінде жарияланды.
Ф.де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі «Жалпы принциптер», 2-бөлімі «Синхрондық лингвистика», 3-бөлімі «Диахрондық лингвистика», 4-бөлімі «Географиялық лингвистика», 5-бөлімі «Ретроспективтік лингвистика мәселелері» деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.
Ф.де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906-1912 жылдар арасында, ол бағытынан қол үзген.
Структуралық тіл білімі. 20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандардың бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасады .
Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. 19 ғасыр ғылымының негізгі сипатыы тәжірбие арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін , ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады .
Структурализм бірден пайда болған жоқ . Оның алғашқы соқпағы В.Гумбольдт, Ф .де Соссюр, И . А .Бодуен де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғалымдардың әсіресе Ф . де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді.
Структуралдық бағыттың көпшілік танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет