Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар



бет1/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№12


12 Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі.
Лекция жоспары:

  1. 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар.

  2. 20 ғ. Лингвистика. Оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып дамығаны. Көрнекті қайраткерлер.

Лекция мазмұны:
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жайт 19 ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің қалыптасуы – ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. 18 ғасырдың соңғы жартысы мен 19 ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылар деп аталатын ғалымдар қатарына неміс ғалымы Франц Бопптың және Расмус Кристиан Раск, Якоб Гриммнің еңбектерін атауға тұрарлық.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшіліктері. Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл туралы ғылымды қалыптастырып, дамытуда зор рөл атқарды, лингвистикалық жаңа дәуірдің басы болды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Біріншіден, ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім, жорамалдан туған ататіл (праязык) дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермейді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуден айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің бір-біріне жақын, ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды. Анықталып, түпкі төркіні табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде қалай болғанын тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасалды, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмеді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлердегі фактілер салыстырылды. Алтыншыдан, тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердің иесі болып табылатын қауым тарихына жеткілікті мән берілмейді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады. Ең ақырында, салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептелетін, оның аты ғылым атына (салыстырмалы-тарихи тіл білімі) айналды. Бірақ салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен оның зерттеу әдісі – салыстырмалы-тарихи әдіс тепе-тең емес. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі – туыстас тілдерді зерттейтін, туыстық жақындықтарына қарай оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын айқындайтын ғылым. Бұл ғылым мен ол қолданатын әдістің проблемалары бір емес. Алдыңғысының өрісі әдіске қарағанда әлдеқайда кең.
Тіл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға сай келмейтін осындай олқылықтар зерттеудің жаңа амал тәсілдеріне көшуге мәжбүр етті. Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи әдіс қолданудан біржола шығып қалған, қажетсіз тәсіл екен деп ойлауға болмайды. Ол – тіл білімінің даму тарихында елеулі рөл атқарған, орынды пайдалана білсе, әлі де берері көп, қазір де зерттеудің басты бір тәсілі ретінде қолданылып жүрген әдіс.19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1761-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет