Лекция тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі. Лекция жоспары: 19 ғ. Тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдар


Натуралистік немесе биологиялық бағыт



бет3/9
Дата08.11.2022
өлшемі28,13 Kb.
#48323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№12

Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. А.Шлейхер – салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19 ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф.Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шығарған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.
Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19 ғасырдың 70-80-жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психологизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулеріне әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп жағдайда психологизм принципіне негізделді.
Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде 20 ғасырдың отызыншы жылдарына дейін , Н.Я.Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет