Лекция тақырыбы: Электростатика. Биоэлектрлік потенциал



бет2/4
Дата15.03.2023
өлшемі77,67 Kb.
#74598
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
DUEYJXNLPHZJ14032023125430

Биоэлектрлік потенциал. Биоэлектрлік потенциал (биоток) – деп жануарлардың, адамдардың клеткаларында пайда болатын потенциалдардар айырмасын айтамыз. Тірі организмдегі потенциалдар айырмасының қалай пайда болатынын түсіну үшін ерітінділердегі потенциалдардың қалай пайда болатынын қарастыра кетейік. Ерітінділерде пайда болатын потенциалдар электронды және ионды болып екіге белінеді. Айталық, ерітіндіге мыс және мырыш салынған делік. Мыс еріген кезде бос электронды және ионды бөліп шығарып , өзі оң зарядталса, мырыш ол электрондарды қабылдайды да теріс зарядталады. Сөйтіп ерітіндіде потенциалдар айырымы пайда болады. Ерітінділердегі иондардың әсерінен пайда болатын потенциалдарды ион типті потенциалдар депа тайды. Биоэлектрлік потенциал ұғымы алғаш рет 18 ғасырдың үшінші жартысында пайда болды. Ол кезде биоэлектрлік потенциалдың ашылуына үлесін қосқан Италия физиологы және дәрігері Л . Гальвани мен Италия физигі А. Вольт арасында «жануартоғы» табиғаты туралы ғылыми дау жанжал болған болатын. Бұл жанжал үлкен жаңалықтың ашылуымен аяқталды, яғни тірі ағзаларда биоэлектрлік потенциалдың бар екендігі және электрлік токты әртүрлі - Галвиндік элемент пайда болды. Ол гальванометр құралы көмегімен жүзеге асырылады. Алғаш тәжірибені Италиян физигі К. Маттеуччи жасады, ал биоэлектрлік потенциалды системалық үйрену неміс физиологы Э.Дюбуа–Рейманмен басталды. Ол биоэлектрлік потенциалдардың нервтерде және бұлшықетте тыныштық және әрекет кезінде болатынын дәлелдеді. Одан кейін де көптеген ғалымдар биоэлектрлік потенциал дамуына көп үлес қосты. Соңғы рет мембраналық қозу теориясы ағылшын физиологы А. Хакси мен Б.Катсу ашты.
Биологиялық мембрананың ең негізгі атқаратын функциясының бірі – биопотенциалдарды генерациялау мен оларды жеткізіп беру болып табылады. Бұл құбылыс клеткалардың қозу негізінде жүзеге асады, оларға клетка ішінде өтетін процестердің реттелуі, нерв жүйесінің жұмысы, бұлшық еттер жиырылуы мен рецепция жатады. Медицинада органдар мен (ткань) ұлпалардың биопотенциалының пайда болуы нәтижесінде олардың электр өрістерін зерттеу емдеу (диагностика) әдістерінің негізі болып табылады. Оларға электрокардиография, электроэнцефалография, электромиография және т.б. жатады. Ұлпалар мен мұшелерге емдік әсер ету электростимуляция кезінде сыртқы электримпульстары арқылы жүзеге асады. Өмір сұру процесі кезінде жасуша мен ұлпаларда электрпотенциалдарының айрымы пайда болуы мүмкін. Олар 2 жолмен өтеді.

  1. Бір молекуладан – 2 ші бір молекулаға электрондардың тасымалдануы нәтижесінде тотығу – тұрақтану потенциалы жүреді (окислительно – востановительная).

  2. Мембрана арқылы иондардың тасымалдануы яғни иондардың концентрация градиентінің пайда болуы нәтижесінде мембрандық потенциал пайда болады. Организмде тіркелген биопотенциалдар – бұлар негізінен мембрандық потенциалдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет