Биоэлектрлік потенциалдарды өлшеу. Клетканың ішкі және сыртқы беттеріндегі потенциалдарды өлшеу үшін өте нәзік әдіс қолданылды, ол микроэлектродтық әдіс. Шыныдан жасалынған диаметрі 0,5 – 1 мкм (10-6м) пипетканың іші Хлорлы калий ертіндісімен толтырылады. Клетканың ішінде калий иондары болатын ертінді алынады - 2-ші жағынан бұл ертінді өте аз мөлшерде электродтың өз потенциалын туғызады. Пипетканың ұшының диаметрі 0,5 мкм болса, онда оның өз кедергісі 10-30 мОм болады. Микроэлектродтың өз потенциалы болады, бірақ ол потенциал тірі жүйенің потенциалдар айырмасын дәл өлшеуге онша кедерг іжасамайды. Микроэлектродтарды жануарлар тканіне енгізу үшін ММ –1- Микро манипуляторын пайдаланады, ол 3 шприцтен тұрады. Оның біреуіне (1)-микроэлектрод жалғанады, (3) – винт макровинт, ал (2) – винт арқылы микроэлектрод жайлап денеге ендіріледі. 2- ші электрод клетканың сыртқы бетіне жапсырылады. Сөйтіп дененің ішкі және сыртқы бетіндегі потенциалдар айырмы өлшенеді. (1.-сурет) Организмдегі әртүрлі клеткалармен тканьдардің электрактивитілігі электр өрісін туғызады. Олардың потенциалдар айрымын жоғарыда айтылған әдіспен өлшейді. Осы потенциалдар айырмасының уақыты бойынша өзгеруін электрограмма дейді. Бұл электрограмманы дененің қай органы шығарып туруына байланысты әртүрлі атайды.
1.Жүректің биопотенциалдарының уақыт бойынша өзгеруін электрокардиограмма (ЭКТ) дейді.
2.Бұлшық ет биопотенцииалының уақыт бойынша өзгеруін электромиограмма (ЭМГ) дейді.
3.Ми-қабығының биопотенциалының уақыт бойынша өзгеруін электроэнцефолограма (ЭЭГ) дейді.
4.Көз торы -ЭРГ- электроритинограмма
5.Тері -КГР-терігольваникалық реакция