Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар



бет3/11
Дата19.10.2023
өлшемі44,35 Kb.
#119754
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 лекция

Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;

  • Тура, әділ шешімге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қысқа жолды біржолата айқындау;

  • Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;

  • Дұрыс істер. Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;

  • Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге, тұрарлық өмір сүру;

  • Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;

  • Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;

  • Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оны тереңдету қабілетін шыңдау.

    Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады:

    1. Ойды төрт ақиқатты түсініп, пайымдауға бағытау.

    2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықты және қуанышта болуына мүмкіндік береді.

    3. Қуаныш – қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу.

    4. Толық сабырлылық және толғаусыздық жағдайға жету.

    Соңғы сатыны Будда «нирвана» деп атайды ( адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат ету). Нирвана жағдайына өткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. bНирвана – ең жоғарғы ләззат. Кейіннен, нирвана ұғымы адамның бойынана бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті қызықтан алшақ адам танып біле алады.
    Сонымен, Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі
    Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.
    Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға – әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.
    Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет