Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар



бет10/11
Дата19.10.2023
өлшемі44,35 Kb.
#119754
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аристотель. Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал екінші жағынан Аристотель көзқарасы орта ғасырмен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан – жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель – Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты.
Енді Аристотельдің «метафизика» деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі проблема болып отырған жоқ, Сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады,
Аристотель Платон сияқты ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы болмыссыз, табиғатсыз бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарының түрлері, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір – біріне қарама – қарсы қойса, Аристотель бұған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені, Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты «идеяларды» өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде сезімдік заттармен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн және форманы бір – бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір – біріне қарама – қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында «Платон идеялар дүниесін жеке бөліп, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді» деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға бір шама «қатысы» бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды.
Аристотель адамның ішкі рухани сапаларын жетілдірудегі пайда болатын диалектикалық қайшылықтарға да жан – жақты тоқталды. Мұнда екі жақа кететін ұшқарылық, сыңаржақтықтар бар. Аристотель бұл қарама – қарсылықтарды «аралық» және «орташалық» деп бөліп қарады. Егер осы екеуінің диалектикалық бірлігі болмаса, адамның қабілеті өз қасиетінен айырылған батпақ сияқты ортаға түседі, - деді. Бірақ, практикалық ақылды Аристотель тым асыра бағалаудан аулақ. . Ол практикалықты қайырымды кеңеспен, көрегендікпен, зерделілікпен, ойлап тапқыштықпен ұштастыра қарайды.
Аристотельдің қоғамдық – саяси көзқарасы оның «Саясат» деп аталатын еңбегінде айқын көрініс тапты. Оның осы шығармасы «Этикамен» сабақтаса келіп, біртұтас ілім құрайды. Өйткені, оның «Саясат» деген шығармасындаға адам алдымен өзінің адамгершлік қасиеттерімен ғана айрықша даралануға тиіс. Ізгі ниетсіз адам нағыз бұзылған әрі дөрекі жан. Сондай – ақ, ол жыныстық қатынас пен тамаққа деген құмарлық жағынан хайуаннан ешпір айырмашылығы жоқ жануар болып шығады.
Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдарының арасынан қолдау тауып, шығармашылық пен дамытылды. Бұл жерде шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы философия саласында «екінші Аристотель» атанған әл – Фарабидің еңбектерін атап өтсе жеткілікті. Оның «Философиялық трактаттары», «Әлеуметтік – этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары» тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көз қарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сәйкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.
Қорыта келгенде түйіндеген ойымыз-көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады. Ал одан кейінгі дәуірорта ғасыр адамға тікелей назар аударып, оны ендігі жерде ғарышпен, табиғатпен, заттармен шатастырмай, оны құдайдың сүйген құлы, тірі жан деп есептеді. Сөйтіп, жаңа дәуірде адамды сезімдік материалдық зат деп қараудан арыла бастады. Бірақ адамды затпен, табиғатпен, ғарышпен шатастырған теріс көзқарастан толық арылуға әлі де көп уақыт бар еді. Ол үшін алдағы сан ғасырларды бастан кешіру керек болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет