Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері


Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы



бет4/8
Дата08.12.2023
өлшемі47,33 Kb.
#135334
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лекция

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы
ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі – техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Кузанский (1401-1464), Н.Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г.Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды.
Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:
1) Біріншісі (Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді.
2) Екіншісі (Т.Кампанелло, Т.Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады.
3) Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) – жаңа заман материализмнің негізін салушы болып есептеледі. Жаңа ғылымның міндеті – адамның табиғатқа үстемдігін арттыру, ал ол үшін ғылым заңдарын танып-біліп, соларға сәйкес әрекет ету болды. Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
— Ағылшын философы Т.Гоббс (1588-1679). Материя, оның пікірінше, мәңгі, бірінші, ал жеке денелер екінші.
— Француз философы Р.Декарт (1596-1650) керісінше, бірінші орынға ақыл-ойды қойып, тәжірибенің рөлін төмендетті – оны ақыл-ой нәтижелерін жай тәжірибеде тексеру ғана деп қарады.
— Нидерланд философы – Б.Спиноза (1662-1677) философияға геометриялық әдісті енгізді. Спиноза табиғат қана шын өмір сүреді деп санады. Діннің шығу себебін ол адамдардың надандығынан, белгісіз болашақ алдындағы қорқынышынан іздейді.
— Джон Локк (1632-1704) – ағылшын материализмнің ірі өкілі, ол білімді діни сенімге бағындыруға қарсы шықты.
— Ағылшындық идеалист Дж. Беркли (1685-1753) материализмді теріске шығарды.
— Ағылшынның екінші бір субъективтік идеалисі Д.Юм (1711-1776) Берклидың ілімін агностицизм бағытында дамытты.
Жинақтай айтқанда, Беркли және басқа идеалистер материалистік көзқарастың дамуына кедергі жасауға тырысқанымен, оның ілгері жылжуын тоқтата алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет