Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері



бет1/8
Дата08.12.2023
өлшемі47,33 Kb.
#135334
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лекция


Ф-ӘД-001/046

3 Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың
негізгі мазмұнын сипаттай алады;
2. Дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық
зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздей алады;
3. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен
мазмұнына түсініктеме жасай алады.
Лекция жоспары:
1. Орта ғасыр батыс философиясы.
2. Орта ғасыр мұсылман философиясы.
3. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
4. Жаңа заман философиясы.
5. Ағартушылық философиясы және француз материализмі
6. Классикалық неміс философиясы
7. Орыс философиясы
8. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы
9. Қазіргі заман батыс философиясы
Лекция мазмұны:
Орта ғасырлық философия
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.
Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ.), капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі түрлі христиан (рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.
Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика ( мектептік ілім) деп атады. Схоластардың талас пікірі – жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар яғни универсалдар (лат. Uneversalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолы айтылады. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебептар адам санасынан, нақты заттар атауынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді және бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталады. Бұл таза объективтік идеалистік бағыт болып табылады. Реалистер іс жүзінде ұғым мен объективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне келгенде Платонның бағытын жалғастырды. Бұған қарама-қарсы екінші бағыт номиналистер (лат. Nomen – есім, атау) бойынша, тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Бұл пікір бойынша, «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланыста болды.
Ортаѓасыр философиясыныњ негізгі міндеті – дінеге ќызмет ету жєне б±л кезењніњ филсофиясыныњ кµтерген негізгі мєселелері:

  1. Ќ±дай мен д‰ниеніњ ќарым-ќатынасы;

  2. Ќ±дай мен адам арасындаѓы байланыс;

  3. Ќ±дайды танып білу жолдары.

Ортаѓасырлыќ Батысевропалыќ филосоифяныњ негізгі ерекшеліктері:

  • Платон мен аристотельдіњ ілімдерін пайдалана отырып, антика философиясына кµњіл бµлу;

  • Антика дєуірінде ќалыптасќан білім мен сенім ара-ќатынасы µзгеріп, білімнен гµрі сенімге берілуі

  • Философтардыњ бар аќыл к‰шін христиан догмаларын дєлелдеуге негіздеп, діни ілімдердіњ єсеріне т‰суі;

  • Єулиелік жазбаларѓа к‰дік туѓызбай, тек сенім арќылы ќ±дайды тану.

Патристика (pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік кқрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осы жағдайда философия өзінің барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды.
Орта ғасырлық философтар екі топқа бөлінді: реалистер, номиналистер:
а) жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. (Фома Аквинский 1225-1274 ж.ж.); б) жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды. Тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы (Росцелин 1050-1112 ж.ж.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет