Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні



бет7/11
Дата20.09.2023
өлшемі78,82 Kb.
#109144
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ëåêöèÿ òà?ûðûáû Õàëû?òû? ïåäàãîãèêàäà?û êåìåë àäàì ?ëã³ñ³ Æîñïà

Ахмет Иассауидің өсиеттерінен
Ғаріп, пақыр жетімдерді қылған шадман,
Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,
Халықтан естіп бұл сөздерді айттым, міне…
Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар ол пендеге пәруардігер.
Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар
Хақ Мұстафадан естіп, айттым мұны…
Дүние күшін қам жеме, хақтан өзгені сөз деме,
Кісі малын сен жеме, сират көпірін де тұтар.
Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,
Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер…
Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер
Тозақта жүзмың азап тартар, достар…
Әділетсіз, залым патша болғаны-ай,
Ортасына өңшең қудың толғаны-ай!
Бірін-бірі жиналысып, қолпаштап,
Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.

Білгірі заман ақыр залым болды,


Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды.
Сойқанды елге ашық айта алмаудан,
Ішіме менің дертті жалын толды.
Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен,
Халық қана дүниеге ие бұл.


Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы» атты еңбегінің мәні
Ақындығымен ардақталып, білімділігімен құрметке ие болып Хакім (білімпаз) ата атанған Сүлеймен Бақырғани Түркістан қаласында туып (туған жылы белгісіз), 1186 жылы қайтыс болған. Ол Құлқожа Ахметтің жолын қуған, оның аса берілген сопы мүриті. Ақын ұстазының үлгі-өнегесін жалғастырып, Бақырғани да дінді, алланың ақ жолын уағыздайтын өлеңдер жазған. Ақынның өлеңдер кітабы “Бақырғани кітабы” немесе “Ақырзаман кітабы” деп аталады. Ақын өлеңдерінде сопылық дәстүр дәріптеледі. Сонымен қатар, ол насихат өлеңдері арқылы оқырмандар мен тыңдаушыларды адамгершілікке-имандылыққа тәрбиелейді, шын ғашықтықтың қадір-қасиетін жырлап, бақытқа жетудің бір жолы білім алу екенін уағыздайды. Ақынның діни (мистикалық) аңыздарға сәйкес жазылған оқиғалы өлеңдері өсиетті өнегесімен оқырмандарды имандылыққа, қайырымдылыққа баурайды.
Сүлеймен Бақырғанидің сюжетке құрылған өлең ұүлгілері одан кейінгі қазақтың қиссашыл ақындарының бұрыннан белгілі, аңыз болған оқиғаларды жаңғыртып айту (нәзирашылдық) сарындарына әсер еткен үлгі – нұсқа болды.
“Бақырғани кітабы” 1897 жылы Қазан баспасында жарық көрген болатын. Қазақтың қзіргі тіліне қайта жаңартып, аудару ісі енді қолға алынып, ақынның өлең өрнектері ұлттық тәлім-тәрбиеміздің кәдесіне аса бастады.
Ақын ең әуелі еңбек тәрбиесін өлең өрнектерінің өнегелі өзегі етіп, еңбек ету үшін әрбір адам ерте тұру керек дейді:
Сәріде тұрғандар
Қиындықпен күресе алар,
Алладан үлес алар.
Еріншектер жатып алар:
Ел ризығынан қапы қалар,- деп, “Таңсәріден тұрмай ісің бітпейді”, “Таңсәріден тұруды әдет қыл” деп еді. Халқымыздың “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”, “Ерте тұрған жігіттің ырысы бар, Ерте тұрған әйелдің бір ісі бар” деген кейіннен қалыптасқан мақалдарының алғашқы, көне заманғы ой бастауларын Баласағұни жырынан байқаймыз.
Иманыңның шамын жандыр,
Рухыңды суға қандыр,
Мұң-зарыңды есте қалдыр,
Сәре уақыты болғанда,-деп ақын жан сусындайтын жақсылыққа бел байлап, бет алуды, имандылықтың -яғни кісілік пен адамгершіліктің өтесіне шығудың әдепті әрекетін жасауды өсиет етеді. Мұң – зарсыз пенде болмайды, сол қасіреттен арылу үшін ерте тұрып әрекет жаса дейді. Ақын:
Әлемге нұр шашылады,
Адам бағын асырады,
Дәулет кені ашылады,
Сәрі уақыты болғанда, –деп, адамның бақыты, бақ-дәулетті болуы, оның өмір тірлігіне құлшына кірісуіне байланысты екенін ескертіп, жалпы адам баласын жарық дүниедегі жақсылықты игеруге шақырады.
Сопылық сол міндетің:
Парыз, уәжіп, сүндеттің
Орындап ісін күнбе-күн
Шариғаттың шырағын
Көтеріп, ұста қолыңмен
Жүр діндарлық жолымен, –деп, ақын діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Сопы болу – Аллаға адал берілу. Алла жолын адамгершілік пен имандылыққа бастайтын жол деп, ақын сопылық парыз бен уәжіпті орындауға қатаң талап қояды.
Хакім ата сопылық – тақуалық зор адамгершілік қасиетті көрсетеді, әрбір адам өзінің адамгершілік қасиетін сақтау үшін, нәпсіге берілмей, қанағатсыздыққа қарсы күресе білу керек деп біледі:
Сопымын деп тасыдың,
Пендесі болдың нәпсінің
Боласың ғой сен пенде
Ахиретте шерменде, –деп, нәпсісін жеңе алмаған адамның, ахиретте шерменде болатынын қатаң ескертеді. Шын мәнінде, өз нәпсісін жеңе алмаған адам адамгершілік қасиетін жойып алатынын өмір көрсетеді. “Күштімін деп мақтанба ақыл білсең, Күшті болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!” деп, Баласағұниден сегіз ғасыр кейін айтқан Абай өсиетінен сол ерте заманғы данышпан бабаларымыздың өнеге-өсиеттерін дамыта түсіп, даналық шыңын көрсеткенін байқаймыз.
Ақын өз заманындағы жалған сопыларды:
Нақыл айтып, күнә деп,
Өзін сопы деп білдіреді.
Дем слып, арқасын ұрып
Бір нәрсені(қолыңа) ілдіреді.
Иманын алмақ үшін,
Шайтан күнә жасатады,
Сөйтіп “сопы” шатасады, –деп, қатты сынайды. Алланың құлы болмай, құлқынның құлы болған күнәкарлар елді бүлдіретінін, тәлім-тәрбиені тәркі ететінін ақын ашына жырлайды.
Өлмейтіндей есіріп,
Өлер кезде есірік,
Өз шырағын өшіріп,
Қарғыс атқан – дүниеқор
Ұлды атадан айырып,
Қызды анадан айырып,
Қанатынан қайырып,
Зар жылатқан – дүниеқор,–деп, ақын адамгершіліктің қас-жауы – дүниеқорлық екенін ызалана жырға қосады. Дүниеқор – мейірімсіз, қайырымсыз, қатігез бейне, ол адамның қанын төгіп, ел бүлдіреді. Дүниеқор сол қулығынан соққы көріп өзін “қарғыс атып” түбінде азап тартатынын ақын ашық айтады.
“Өлу үшін туады барлық адам
Өлемін деп ойламас арсыз надан”,–деп, ақын бұл дүниеден сыйласып өткеннен артық қызық жоқ екенін ескртеді. Халқымыздың “дүние қоңыз” деген сөз қисындары осы бір данышпандық ой түйіндерінен туған болу керек. “Дүние – жалған” екенін ақын:
Жан-тәнімді қинадым
Мал-мүлікті жинадым,
Ойран болды өлгенде
Кең дүниеге сыймадым, –деген өлең жолдарымен дәлелдейді. Ол әрбір адамның іс-әрекеті адамдық қасиетті сақтау үшін жасалуы қажет екенін, адамдық бейнені сақтау үшін әрбір іс-әрекет пен мінез-құлық құбылыстарының шегі болатынын:
Тәтті тағам жеп көрдім,
Сауық-сайран өткердім:
Қалпын ұқпай олардың
Білместікті көп көрдім,–деп тұжырымдайды. Ақын өмірдегі “қанағат”, “қалып”, “шек” деген қасиетті ұғымдарды әркім естен шығармай адамгершілік “шектен” шығып кетпеуін ескертеді.
Жолына түсіп пасықтың,
Мешіттен бекер қашыппын
Надандармен дос болсам,
Данышпаннан қашықпын,–деп, өкінген ақын, жас ұрпақты сондай содырлы қателіктерден аулақ болуға шақырады.
Бақырғани бабамыз дінді уағыздаушы ғана емес, ұрпақтарын адамгершілікке тәрбиелеуші тәлімгер ақын. Оның отты жырлары мен философиялық ойлары, өмір заңдылықтары туралы қисынды тұжырымдары қазақ халқының ұлттық (этностық) тәлім-тәрбиесінің бір өрнегі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет