Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні



бет1/11
Дата20.09.2023
өлшемі78,82 Kb.
#109144
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ëåêöèÿ òà?ûðûáû Õàëû?òû? ïåäàãîãèêàäà?û êåìåë àäàì ?ëã³ñ³ Æîñïà


3 Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі


Жоспар


1.Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері
2.Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” еңбегінің тәрбиелік мәні
3.М.Қашғаридың “Диуани лұғат ат –түрік”еңбегінің тәрбиелік мәні
4. Ахмет Игүнекидің “Ақиқат сыйы” еңбегінің тәлім-тәрбиелік мәні.
5.Қ.А.Иассауидің “Даналық кітабы” еңбегінің маңызы,тәрбиелік мәні
6.Сүлеймен Бақырғанидың “Акырзаман кітабы” еңбегінің тәрбиелік мәні
7. Ұлы тәлімгер Дулатидың тәрбиелік тұжырымдары
8.Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегіндегі этнопедагогикалық,этнопсихологиялық ойлары


Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Келер ұрпаққа ой саларалық, ғалымдар, ақын-жыршы-жыраулар, шешен-билердің ақыл-кеңес берерлік келелі ой-пікірлерін, ғылыми ой толғамдарын үлгі-өнеге ету, меңгерту.


Лекция мазмұны: Келер ұрпаққа ой саларалық, ақыл-кеңес берерлік келелі ой-пікірлерді оқымысты ғалымдар, ақын-жыршы-жыраулар, шешен-билер өздерінің өлең-жырларында шешендік сөздерінде, ғылыми ой толғамдарында, рубаяттарында үлгі-өнеге етіп айтып кеткен. Кейінгі ұрпақ оны ауыздан-ауызға аңыз етіп, айтып, жаттап, жадында сақтап біздің дәуірімізге жеткізген. Ал, көпшілік орта ғасыр ойшылдары араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін жақсы білген. Сол тілдерде өздерінің ой түйіндерін, ғылыми еңбек ретінде жазып, қалдырып кеткен.
Орта Азия және Қазақстан қаласында өмір сүрген, халқына өз еңбектерін үлгі-өнеге, нақыл-насихат, рубаяттар түрінде қалдырып кеткен ойшыл оқымысты, ақын ұлдар түрік системалы ұлттардың ұлт болып бөлінбеген, қойы қоралас, сауда-саттығы аралас, мәдени байлығы көпке ортақ болып келген дәуірде өмір сүргендіктен, біз оларды түрік системалы ұлттардың бәріне ортақ зиялы ұлдар деп қарап, олардың насихат-нақыл сөздерін, тәлім- тәрбиелік ой-пікірлерін өзімізге өнеге тұтамыз.
Осы ойшыл оқымысты ғұламаларды регионалдық тұрғыдан (жер жағдайына қарай) барынша шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз. Шығыс Түркістан өлкесіне жататындар (Ю.Баласағұн, М.Қашғари, А.Йүгінеки) Батыс Түркістан өлкесіне жататындар, яғни, Орта Азия авторлары (А.Яссауи, Қорқыт, Әбілғазы) Алтын Орда авторлары (С.Сари, М.Әлі, Хорезми, Қ.Жалайыри, Дулати).
Ал, жазу ескерткіштерінің түріне қарай, Орхон жазу ескерткіштері (Монғолия жерінен табылғандары ҮІ-ХІғ.ғ.) мен көне Ұйғыр жазу ескерткіштері (“Алтын жарық”жору ІХ-ХІІ ғ.ғ. кітаптары), көне қыпшақ жазу ескерткіштері ХІ-ХҮ ғ.ғ. деп үш топқа бөлуге болады. Жоғарыда айтылған ақын-жырау, ойшыл ғалымдар еңбегі араб, парсы тілдеріне көне ұйғыр және көне қыпшақ жазу ескерткіштері арқылы бізге жеткен.
Енді орта ғасыр ойшылдары дегеніміз кімдер? Олардың халықты тәрбиелеуге арнайы жазған қандай еңбектері бар дегенге тоқталмақпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет