Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні


Ұлы тәлімгер Дулатидың тәрбиелік тұжырымдары



бет8/11
Дата20.09.2023
өлшемі78,82 Kb.
#109144
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ëåêöèÿ òà?ûðûáû Õàëû?òû? ïåäàãîãèêàäà?û êåìåë àäàì ?ëã³ñ³ Æîñïà

Ұлы тәлімгер Дулатидың тәрбиелік тұжырымдары

Мұхаммед Хайдар Дулати (Хайдар Мырза) 1499 жылы Ташкет қаласында дүниеге келіп , 1551 жылы Үндістанда Кашмир уәлаятында қайтыс болған. Ол аса құнды “Тарих-и Рашиди” тарихнамасы мен “Жаһаннама” дастанының авторы, асқан тәлімгер, ойшыл оқымысты, көрнекті әскер басшысы. Қазақтың Дулат тайпасынан шыққан қайраткер.


“Тарих-и Рашиди” (1541 жылы Кашмир қаласында жазылған) кітабынан көркем тілмен жазылған тарихи нақтылықтармен қатар, автордың асқан сыпайылығын, әдептілігі мен имандылығын, инабаттылығын, халық қамын ойлайтын кемеңгер ойшылдығын көреміз. Ол аталған шығармаларында қазақ халқының қонақжайлылық, меймандостық, жомарттық пен мырзалық қасиеттерін жоғары бағалап, болашақ ұрпаққа оны үлгі-өнеге етті.
Мұхамед Хайдар Дулати бүкіл Әлемнің Екінші ұстазы аталған Әл Фарабиден кейін, оның данышпандық пікірлерін толықтырып, ел басқарушының қандай болу керек деген сауалға он түйінді тұжырымды нұсқа етіп ұсынады:

  1. Басшы әрқашанда өзі басқарып отырған елдің қатардағы азаматы санатында қарапайым іскер болсын.

  2. Басшы қарауындағы адамдардың күнделікті мұң-мұқтажын, талап-тілегін ылғи да қанағаттандыру ісін жүзеге асырып отыруға тиіс.

  3. Басшының киім киісі, тамақ ішуі, жүріс-тұрысы барынша қарапайым болып, басқалардан ерекшеленбегені дұрыс.

  4. Басшы аз сөйлеп, көп тыңдасын, оның жүзі–жылы, тілі-жұмсақ, ойы-байсалды болсын.

  5. Басшы кем-кетік, жарлы-жақыбай адамдармен жиі жүздесіп, пікірлесуге ерінбейтін, барынша кішіпейіл, қарапайым жан болу қажет.

  6. Басшыға елдің ішкі-сыртқы жауларының қауіп төндіретін тәсілдерін алдын ала болжай алатын көрегендік,көсемдік қасиет жарасады.

  7. Ел басшының дін қайраткерлерімен ауық-ауық ақылдасып, олардың батасын алып жүргені тиімді. Ал айналасында жүрген кейбір жылпос, жағымпаз, ниеті бұзық, кесапат адамдардан іргені аулақ салып, олармен әңгіме дүкен құрудан бойын аулақ ұстаған жөн.

  8. Басшы – қол астындағы қара халыққа барынша адал, әділ, өтірік уәде беріп, көлгірсімейтін, кем-кетік мұқтаж адамдарға шынымен жаны ашып, көмектесетін қамқоршы тұлға.

  9. Басшы айналасындағы уәзірлері мен көмекшілері қылмыс жасаса, халыққа қиянат көрсетіп, қатігез болатын болса, оларды барынша қатал жазалауы керек.

  10. Басшы қандай нәрсенің жұртқа қолайсыз, тиімсіз екенін сезе қалса, тіпті мұның сәл-пәл белгісін байқаған заматта,оны тез аңғара алатындай алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі болуы – шарт.

Данышпан ғұлама әрбір адамның басында болатын жеті түрлі күнәдан сақ болуды уағыздайды. Олар:

  1. Алланың мейір-шапағатынан күдер үзіп, оның қаһарынан қорықпау; теріс қылық жасауды әдетке айналдыру.

  2. Әр түрлі құдайға, пұтқа табыну.

  3. Біреуге жалған куәлік беру, ант ету; адал адамды қаралау, кісіні сиқырлықпен дуалау.

  4. Ұрлық жасау, біреудуң жазықсыз қанын төгу.

  5. Асты былапыт ішу, арақ-шарапқа әуестік, нәпсі құмарлық.

  6. Ұрыс кезінде бас сауғалау

  7. Ата-ананы сыйламау, олардың тілін алмау.

Ұлы тарихшы тарихи тұлғалар туралы мәлімет бергенде олардың тәлім-тәрбиелік ерекшеліктерін көркем сипаттап, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге қылып көрсете білген.
“Парасаттылық қылыш пен жебеден әлдеқайда асып түседі. Ақылдың алдында ашу мен түрлі қырсық атаулы бас иеді. Парасат жүрген жерде бейбітшілік орнайды, жақсылыққа қол жетеді … Арамза, оңбаған адамдар екіжүзді келеді, олардан іргені аулақ салып отырған абзал” деп, данышпан тәлімгер ұрпақты адамгершіліктің шыңына бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет