Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет25/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Эпителий ұлпасының жіктелуі. Эпителийді жіктеу негізіне клетка пішіні мен қабат саны алынады. Эпителий қабат санына қарай бір және көп қабатты эпителий болып бөлінеді.
1). Бір қабатты бірқатарлы эпителийдің пішіні әр түрлі келеді. Ол жалпақ, куб тәрізді және цилиндр тәрізді эпителий болып бөлінеді.
а) Жалпақ эпителий көп бұрышты пішінді клеткалардан тұрады. Бұл эпителий кейбір мүшелердің ішкі қабатын, өкпе альвеолдарының ішкі бетін және дененің қуысын астарлайды.
б) Куб тәріздес эпителийде клеткалардың биіктігі мен ені тең болып келеді. Мұндай эпителий көптеген бездердің сыртқа шығарғыш түтіктерін және бүйректің зәр жинау каналшасының қуысын қаптайды.
в) Призма тәріздес эпителийдің клеткалары басқалардан биігірек және 4, 6 қырлы призма тәрізді болады. Бұл эпителий ішектің, асқазанның және кейбір басқа органдардың қуыстарын қаптайды.
Бірқабатты эпителийлердің ішінде пішіні мен биіктігі әркелкі клеткалардан тұратын көп қатарлы эпителий де болады. Мұндай эпителийдің үстіне тек призма тәрізді клеткалар орналасады, бокал тәрізділері олардың арасында жатады. Көп қатарлы эпителийде клеткалардың биіктігі бірдей болмағандықтан ядролары әр түрлі деңгейде орналасады. Олар көптеген мүшелердің тыныс жолдарының, аралық жыныс аппаратының, сыртқа шығару түтігінің қабырғаларын жауып тұрады. Бір қабатты эпителийлер клетканың сыртқы бөлімінде кірпікшелер түзілуі арқылы күрделенеді. Кірпікшелері бар эпителий жұлынның орталық каналын, тыныс жолдарын және жатырдың шырышты қабығын төсейді.
Көп қабатты эпителийдің бөлінуі сыртқы қабатын құрайтын клетканың пішініне негізделді. Көп қабатты эпителий көп қабатты шағын эпителийге және көп қабатты призмалы эпителийге бөлінеді. а) Көп қабатты шағын эпителий терінің үстіңгі қабатын, ауыздың, жұтқыншақтың және қынаптың кілегей қабықтарын астарлайды. б) Көп қабатты призмалы эпителийдің сыртқы қабатындағы клеткалар призмалы болса, басқа қабаттарда алмұрт тәрізді немесе өзге пішінді болып келеді. Мысалы: ол көздің дәнекер ұлпалы қабығында болады. Эпителийлер қызметіне қарай тері, қорғаныш және трофикалық қызмет атқаратын ішектік, секрет шығаратын безді және целомдық эпителийлерге, сонымен бірге кірпікшелі эпителийлерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет