Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет51/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Рефлекторлық доға. Нейрондар өзара байланыстар жасап, ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің жауап беру реакциясы – рефлексті жүзеге асырады. Қарапайым рефлекстер жолын алып қарағанда оның біріншісішеттегі рецептордан, екіншісі сезімталды нерв талшығынан, үшіншісіжұлын миынан, төртіншісіқозғалтқыш нерв талшығынан, бесіншісі – жұмысшы органнан тұратыны анықталады. Организмнің реакциясы шеттегі сезімтал нерв ұштарының тітіркену себебінен пайда болған қозуды жұлын миына жеткізіп, онан қозғалтқыш нерв талшығы арқылы жұмысшы органның (мысалы, еттің немесе бездің т. б.) әрекетін туғызудан басталады.
Жұлын миын көптеген клеткалардан (нейрондардан) тұратын сұр және нейроглия орналасқан нерв талшықтарынан тұратын жұлын миының көлденең кесіндісінен жақсы көруге болады. Жұлын миы қосқыш арқылы байланысқан екі бөліктен тұрады. Бөліктердің алдыңғы аралық жағында тереңдеу келген – алдыңғы саңылау, артқы бөлігінде – артқы саңылау айқын көрінеді.
Қарапайым рефлекс сезімтал, байланыстырушы және қозғалтқыш нейрондардың қатысуы арқылы орындалатын процесс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет