Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия


Іn situ (орналасқан жерінде, өз орнында) гибридтеу әдісі



бет24/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Іn situ (орналасқан жерінде, өз орнында) гибридтеу әдісі ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтерінің бір ізділігін өз орнында, яғни гистологиялық препаратта анықтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында нақтылы гендердің хромосома бойында орналасуын және олардан транскрипцияланған (көшірілген) өнімдердің (мРНҚ) ұлпалар ішінде таралуын зерттеуге болады.
Ұлпаларды организмнен тыс (in vitro) зерттеу әдістері оларды жасанды жағдайда (қоректік орта, температура) өсіруге, яғни ұлпалық дақылдарды қолдануға негізделген. Бұл әдісті тұтас организмнен бөліп алынған тірі ұлпалар қызметтерін, олардың өсуіне, дифференциялануына (пісіп жетілуіне), синтездік, секреторлық және т.б. процестеріне әртүрлі факторлардың әсерлерін зерттеу үшін қолданады.
Соңғы жылдары ұлпаларды өсіру медициналық практикада трансплантация (ұлпаларды бір жерден екінші жерге қондыру) үшін материал алуға қолданылады (ұлпалық инженерия). Мысалы трансплантат (қондырым) ретінде – қан тамырларының қабырғасын құрайтын эндотелиоциттерді, лейкозды емдеу үшін қажет сүйектің қызыл кемігін және т.б. өсіреді.
9 Лекция тақырыбы: Эпителий ұлпасының жіктелуі, морфологиясы,
қызметі, дамуы және регенерациясы


Эпителий ұлпасының маңызы және жалпы сипаттамасы. Организмнің сыртын қаптап және ішкі органдардың қуыстарын төсейтін болғандықтан бұл ұлпаны эпителий немесе шекаралық ұлпа деп атайды. Сонымен қатар организммен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасу процесі осы ұлпа арқылы орындалады. Мысалы терінің үстіңгі мүйізді қабаты тығыз болғандықтан терең қабатындағы ұлпаларды қорғайды. Ішек каналының ішкі қабырғасын төсейтін эпителий тағамның қатты бөлшектерінің әсерінен және ішкі ортаға көптеген ауру қоздыратын бактериялардың өлуінен сақтайды және қоректендіру қызметін атқарады, өйткені қорытылған тамақ эпителий арқылы қанға сіңіріледі. Кейбір эпителий клеткалары организмнің тіршілік әрекетіне қажетті заттар бөліп шығарады. Ол заттарды секрет деп, ал оларды бөліп шығаратын клеткаларды безді немесе секреторлы клеткалар деп айтады. Яғни эпителий ұлпасының тағы бір маңызды қызметіне секрет шығару қызметі жатады.
Бүйрек каналшаларын төсейтін эпителийдің безді клеткалары зат алмасу процесінде түзілген зиянды өнімдерді бөледі.
Эпителий клеткалары жете маманданғанына қарамастан бөлінуге қабілеттілігін жоймайды, клеткалардың тобын немесе қабатын түзеді. Эпителий клеткаларының жаңарып отыру қабілеті өте жоғары. Организмнің сырт жағында орналасатын ұлпа үшін мұндай қасиеттің маңызы өте зор. Эпителий дәнекер ұлпалардың үстінде орналасып, одан мембрана арқылы бөлінеді. Ішкі мембрана дәнекер ұлпа мен эпителийді тығыз байланыстырады. Ол эпителий мен дәнекер ұлпасынан дамиды. Дәнекер ұлпасынан өткен қан ішкі мембрана арқылы эпителийге жеткізіледі. Өйткені эпителийде қан тамырлары болмайды. Эпителий клеткасында дөңгелек немесе сопақ болып келетін бір ядро болады. Клетканың протоплазмасында органоидтардың бәрі орналасып, әсіресе хондриосом және ішкі торлы аппарат оңай көрінеді. Эпителий клеткасы полярлы шекарада орналасуына байланысты клетканың үстіңгі (апикальды), астыңғы (базальды) бөлімі айқын көзге түседі. Эпителий клеткалары мен клеткалық түзілістердің бәрі үстіңгі бөлімінен астыңғы бөліміне бағытталып орналасады. Бұл жағдайда ядро үнемі астыңғы бөлімде жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет