Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет16/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Метафаза кезінде хромосомалар экватор бойындағы бір жазықтықта, метафаза тақтасын құрай орналасады. Бұл кезге дейін ұршық толық қалыптасқан және оның жіптерінің екі түрін табуға болады: біреулері оның негізін түзген сияқты бүкіл клетка бойына тартылады және клетка орталығының екеуін де бір-бірімен жалғастырады, екіншілері (олардың саны хромосомалар санына дәл келеді) бір шетімен центросомаға, басқа шетімен хромосоманың центромеріне бекіген.
Тартылу арқылы центромералардың да екіге бөліне бастағанын осында байқауға болады. Метафазаның ең соңында хромосомалар центромерлер ауданында ажырайды.
Хромосомалардың ажырауы және олардың әр түрлі полюстерге ажырауынан бастап митоздың үшінші кезеңі - анафаза жүреді. Бұл уақытта ұршықтың тартылушы жіптерінің қысқаруы немесе туыс хромосомалардың бірін-бірі тебу процесі жүреді. Онан әрі тиісті клетка орталықтарының маңына топтасушы хромосомалар деспиралданады. Ядрошықтар, ядролық қабықшалар түзіле бастайды. Туыс клеткалардың бірінен-бірін бөлетін мембраналар пайда болады, органеллалар жаңа клеткалар арасында таралады. Митоздың бұл соңғы, төртінші кезеңі - телофаза деп аталады. Телофаза кезінде туыс клеткалар ажырап, цитокинездің нәтижесінде олар толық оқшауланады.
Митоздың ұзақтығы кейде минуттармен есептеледі, бірақ еш уақытта бір жарым сағаттан аспайды.
Эндомитоз. Кейбір жағдайда цитотомиясыз (клеткалардың бөлінуінсіз) ДНҚ молекулаларында көптеген репликация жүреді. Бұл құбылыс эндомитоз деп аталады. Эндомитоз – бұл клетканың іштей бөлінуі. Интерфаза кезінде еселенген хромосомалар бір клетканың ішінде қалып қояды (2n→ 4n. 6n. 8n т.с.с). Эндомитозда еселенген хромосомаларды клетканың екі полюсіне ажырататын ахроматин жіпшелері түзілмейді, яғни митотикалық аппараттың қатысуынсыз жүреді. Ағзаларға әр түрлі мутагендік факторлар әсерінен клеткалар мутациялық өзгергіштікке ұшырайды. Осының салдарынан клетка элементтері еселеніп кетеді. Эндомитоз полиплоидты клеткалар түзілуінің көзі болып табылады, мұнда хромосомалар жиынын өселеп өскен клеткалар пайда болады. Мұндай клеткалар, мысалы: бауырда болады. Бауырда ондаған және жүздеген ядролары бар клеткалар кездеседі.
Өсімдік немесе жануар клеткалары кей жағдайда тікелей екіге бөлінеді, оны амитоз деп атайды. Амитозда ядро бунақталып бірден сатылардан өтпей бөлінеді. Клеткалардың амитоз жолымен бөлінуі сыртқы ортаның мутациялық факторларына байланысты (патологиялық ісік, рак клеткалары) болады.
Амитоз. Клетканың амитоздық бөлінуінде біріншіден бөліну жіпшелері пайда болмайды, екіншіден хромосомалар митоздағыдай ширатылмайды. Көбіне клетка ядросы созылып барып, ортасы жіңішкеріп, ядро екіге бөлініп кетеді. Артынан цитотомия немесе плазматомия жүреді. Амитоз кезінде кейде клеткалар бөлінбей, оның орнына көп ядролы клеткалар пайда болады. Амитоз - бұл клетканың тура бөлінуі. Оның генеративті, дегенеративті және реактивті деген үш түрі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет