Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет18/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Лептонема ядрода ұзын, жіңішке, өзінен көлденең жолақтылық байқалатын хромосомалардың диплоидты (2n) жиынтығымен сипатталады,
байқалады.
Зигонема кезінде гомологиялық хромосомалар коньюгацияланады, оның үстіне бұл коньюгация “ысырма” түйменің тез жабылуын еске түсіреді, центромерадан басталады және аса дәлдікпен (генге генді “тықпалау”) коньюгацияланушы хромосомалардың бүкіл ұзына бойына жүреді.
Зигонеманың соңынан бірінші бөліну профазасының ең ұзақ сатысы – пахинема басталады. Пахинема кезінде гомологиялық хромосомалар тығыз байланысқан және биваленттер деп аталады. Осы сатыдағы коньюгациялану кезінде әрбір хромосоманың екі хроматидтен, ал әрбір биваленттің төрт хроматидтен (тетрадалардан) тұратыны байқалады. Пахинема сатысында белгілі бір хромосомалардың белгілі бір учаскесіне бекінген ядрошықтар жақсы көрінеді.
Диплонема центромералардан бастап коньюганттарды тебу күштерінің көрінуімен (“ысырма” түйме ағытылады) сипатталады. Бұл сатыда бұралу, ал кейде хромосомалардың үзілген бөліктерімен алмасу - айқасу немесе кроссинговер жүреді, гендердің жаңа комбинациялары бар хромосомалардың пайда болуы арқасында тұқым қуалаушылық өзгергіштігі кенет артады.
Профаза диакинезбен аяқталады. Хромосомалар спиральданады, ядро қабықшасы ыдырайды және мейоздың екінші кезеңі - бірінші бөлінудің метафаза І-і басталады. Митоз бен мейоздың метафазалары сырттай ұқсас, бірақ мейоз кезінде тетрадалардан тұратын биваленттер клетканың экваторын бойлай жатады.
Бірінші бөлінудің анафаза І-і митоздың анафазасына ұқсас, бірақ әрбір полюске бір хроматидтен емес екі хроматидтен тарайды.
Бірінші бөлінудің телофаза І-і әдетте екінші - эквациялық бөлінудің (Мейоз ІІ) профаза ІІ-не өтеді, онан соң метафаза ІІ, анафаза ІІ басталады және редукциялық бөліну телофаза ІІ-мен аяқталады, оның ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы (1n) болады. Сонымен мейоздың екінші бөлінуі жыныс клеткаларының пайда болуымен аяқталады.
Мейоздың генетикалық-биологиялық маңызы мынада:

  1. Коньюгация және кроссинговер барысында гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы. Демек, ата-анларының белгі-қасиеттері өзара алмасып, жыныс клеткаларында тұқым қуалау өзгергіштігі пайда болады.

  2. Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі, яғни жаңа формалардың пайда болуы.

  3. Хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі.

Сонымен, мейоздық екі бөліну нәтижесінде біріншіден хромосомалар саны екі есе кемиді, екіншіден жас жиынтықтардағы хромосомалардың әр түрлі комбинациялары арқасында тұқым қуалау өзгергіштігі артады. Хромосомалар жұптарының мүмкін болатын комбинацияларының саны n-дәрежелі 2-ге тең, ондағы n-гаплоидты жиынтығы хромосомалар саны. Мысалы дрозофилада мүмкін болатын комбинациялардың саны 24=16 болады. Мейоздың нәтижесінде пайда болатын адам хромосомалары комбинацияларының потенциалды өзгергіштігі 223 болуы мүмкін.
Егер бұған кроссинговер кезіндегі, мейоздың бірінші бөлінуі профазасының диплонемалары мен мутациялар кезіндегі өзгергіштіктің арту мүмкіндіктерін қоссақ, онда неліктен өзгергіштіктің сарқылмас қоры болатыны түсінікті.

7 Лекция тақырыбы: Жасушаның тіршілік циклі: жасушаның өсуі, дифференциялануы және жасуша патологиясы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет