Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет49/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Олигодендроглия клеткалары ми мен жұлынның ақ затында да, сұр затында да болады. Олигодендроциттер астроциттерге қарағанда майда. Ағаш тәрізді, қысқа, аздаған өсінділері болады. Клетканың пішіні төрт бұрыш тәрізді, ядросы домалақ, ақ, бір ядрошықты. Эндоплазма торлары жақсы дамыған. Ми мен жұлын нейрондарын қаптап олигодендроциттер капсула түзеді. Ол қабықшаларды миелин қабықшалары деп атайды. Миелин қабықшалары липидтерден тұрады. Миелин нерв импульстарының бір нервтен екінші нервке өтпеуін қамтамасыз етеді. Қан тамырларымен жақындасып нерв ұлпасының қоректену процесіне де қатысады.
Микроглия Гортег клеткаларынан тұрады. Бұл клеткалар майда, ядросы ұзынша, хроматинге бай, бірнеше ядрошықтары болады. Гортег клеткаларында пластинкалық комплексі жақсы дамыған. Микроглия клеткалары жеке-жеке орналасады. Тітіркенгенде пішіндерін өзгертіп, амеба тәрізді қозғалып, фагоцитоз процесіне қатысады. Сонымен бірге бұл клеткаларда май түйіршіктері болады, сөйтіп қорек қоры қызметін де атқарады.
Нейрофибрильдер клетканың тармақтарында жіңішке жіптер тәрізді болып көрінеді. Клетканың денесі мен дендриттерінде олар тығыз киіз тәрізді тор түзеді. Клеткада нейрофибрильдердің орналасуы кейде өзгеріп отырады. Тығыз тор болудың орнына олар жеке баулар түзеді. Сондықтан нейрофибрильдердің орналасу тәртібі клетканың физиологиялық жағдайына байланысты деуге болады. Бірақ бұл мәселе әлі де толық шешілмеген.
Нейрофибрильдердің қызметі осы күнге дейін белгісіз. Кейбір ғалымдар нейрофибрильдердің әр түрлі жағдайын нерв клеткасының қозуына байланыстырады. Сондықтан нейрофибрильдерді нерв жүйесінің қоздырушы негізгі элементі деп санайды. Бұл көзқарасты жақтаушылардың түсінігі бойынша нейрофибрильдер аксон мен дендриттер қосылатын жерде бір нейроннан екінші нейронға көшіп нейрофибрильдер деп аталатын үздіксіз тор түзеді. Сол тор қозуды өткізгіш болады. Бірақта қазіргі уақытта бұл көзқарасты дұрыс деп айтуға болмайды. Өйткені, нейрофибрильдердің үздіксіздігі дәлелденбеген және қалыпты жағдайдағы тірі клетканың құрамында нейрофибрильдердің тұрақты құрылымы анықталмаған. Мысалы, ит балықтың терісіндегі тірі нервтерді қарағанда нейрофибрильдер көрінбейді. Тітіркендірген жағдайда аксондарында жіңішке фибрилярлы құбылыстар пайда болады. Сонымен нейрофибрильдерді нерв клеткасының функциялық жағдайына байланысты уақытша түзілістер деуге болады. Қазіргі теория бойынша нерв жүйесінің қозуды өткізетін негізгі құрылымын нейрон деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет