Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет9/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Лизосомалар. Лизосомалар (грекше “лизео” - ерітемін, “сома” – дене деген сөз) диаметрі 0,2-0,4 мкм болатын көпіршіктер. Лизосомалардың қызметі – түрлі химиялық қосылыстар мен құрылымдарды клеткаішілік қорыту. Лизосоманың ішінде нуклеин қышқылдары, белок, май және көмірсуларды т. б. органикалық қосылыстарды қорытатын ферменттер болады. Цитоплазмаға енген қоректік зат бөлшегіне лизосомалар жақындап, онымен қосылады да ас қорыту вакуолын түзеді. Қоректік зат бөлшегінің қорытылуы нәтижесінде түзілген заттар цитоплазмаға сіңіп клетканың қажетіне жұмсалады. Лизосома ферменттері клетканың өлі бөліктерін, кейде тіпті бүтін клетканың өзін қорытады. Оның осы қасиеті қажетсіз болып қалған мүшелерді жоюға пайдаланылады. Мысалы, бақа ит-шабағының құйрығы ит-шабақ өскен соң лизосома ферменттерінің әрекетіне байланысты жойылады. Клеткада үнемі жаңа лизосомалар түзіледі. Лизосомалар біріншілік және екіншілік лизосомалар болып бөлінеді. Біріншілік лизосомалар (диаметрі 100 нм) болатын белсенді емес органоид, екіншілік лизосомалар – ас қорыту процесі жүретін органоид, олар біріншілік лизосомалардан пайда болады. Олар гетеролизосомаларға (фаголизосомларға) және аутолизосомаларға (цитолизосомларға) бөлінеді. Алғашқысында клеткаға пиноцитоз және фагоцитоз жолымен келіп түскен материал қорытылады, ал екіншісінде өзінің қызметін аяқтаған клетканың өзінің құрылымдары жойылады. Ас қорыту процесі аяқталған екіншілік лизосомалар қалдық денешіктер (телолизосомалар) деп аталады. Оларда гидролаза ферменттері болмайды және құрамында қорытылмаған материал болады. Лизосома ферменттері цитоплазма рибосомаларында синтезделеді де, олар эндоплазмалық тордың каналдары арқылы Гольджи аппаратына жеткізіледі. Гольджи аппаратының қуыстарында лизосомалар қалыптасып, цитоплазмаға өтеді.

4 Лекция тақырыбы: Мембранасыз органеллалар: рибосомалар, арнаулы органоидтар, жасуша орталығы құрылысы,


химиялық құрамы, қызметі


Мембранасыз органеллалар. Рибосомалар. Рибосомалар жұмыр пішінді, диаметрі 20-30 нм келетін денешіктер. Клеткада бірнеше мыңдаған рибосомалар болады. Олар түйіршікті эндоплазмалық тор мембраналарына орналасады немесе цитоплазмада бос жатады. Оның құрамына белок және рибосомалық РНҚ кіреді. Рибосомалар мөлшері әртүрлі үлкенді-кішілі екі бөлшектен құралады. Рибосомаға ядродан информациялық РНҚ (и-РНҚ), ал цитоплазмадан тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ) келеді. Рибосомалардың қызметі – ақуызды синтездеу. Айта кететін жағдай цитоплазмада бос жатқан рибосомалар синтездеген ақуыз клетканың өз қажетіне пайдаланылса, ал эндоплазмалық тор мембранасына орналасқан рибосомалар синтездеген ақуыз клеткадан сыртқы ортаға шығарылып, сонда жұмсалады. Ақуыз синтезі бірнеше ондаған рибосомалар тобын біріктіру арқылы жүзеге асатын күрделі процесс. Рибосомалардың мұндай тобын полирибосома немесе полисома деп атайды.
Электронды микроскоп арқылы, цитоплазмада бұрын жарық микроскобымен көрінбейтін, нәзік және күрделі үш өлшемді талшықты және түтікті цитоқаңқа анықталды. Бұл тірек-қимыл жүйесін үш түрлі мембраналы емес органоидтар: микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер (микрофибриллалар) құрайды. Алдыңғы аталған екі құрылымдар өзара жеңіл бірігіп және ажыратылып отыратын глобулды (шар пішінді), ал соңғылары – олардан гөрі тұрақты болатын фибрильді (талшықты) ақуыз суббірліктерінен тұрады. Цитоқаңқаның атқаратын қызметтері: 1) жасуша пішінін қалыптастыру, сақтау; 2) тұтас жасушаның және оның ішіндегі қимылдарын қамтамасыз ету. Мысалы: заттардың бағыты, тасымалдануы, цитоплазмада органоидтардың орын ауыстыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет