Мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігі Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі. Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» - қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені. «Құзырлылық» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Құзірет - нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қалыптастырады. Құзіреттілік тәсіл- қазіргі таңда мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.