Лекция тақырыбы: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.07.2023
өлшемі477,55 Kb.
#103989
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
7 Лекция тақырыбы

анықтау –адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы, өз даму 
келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іске асыруға деген іштей 
дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. Бұл жеке тұлғаның кешенді білім алуы, өзінің 
педагог ретіндегі рөлін түсінуі, кәсіби тұрғыда өсуі үшін өзін-өзі дамытуы, түйінді 
құзыркттіліктерді игеруі. Кәсіби өзін-өзі анықтау функцияларының көпшілігі негізінде 
педагог тұлғасының рефлексия дағдылары жатыр. Рефлексия Еуропа философиясының 
дәстүрінде пайда болып, содан кейінгі педагогикаға енген рефлексия жоспарлау, жобалау 
және түзету үшін қажетті "жаңа" кәсіби білім алудың жолы ретінде көрінді. 
Психологияда, рефлексияны карастыруда топ жарғандардың бірі А. Буземан (1925—1926 
ж.). Осы кісінің түсіндіруі бойынша, рефлексия - «сыртқы әлеммен кез келген тәжірибені 
өзіне аудару». Лейбниц үшін, рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл 
бөліп, елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді 
рефлексиялау. «Рефлекстеу» термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой 
жүгіртушілікті сипаттайды. Қорыта келе, ұжымда соның ішінде жас мамандардың кәсіби 
де, тұлғалық та дамуы үшін жасалатын жұмыстардың басында рефлексиялау дағдыларын 
дамыту өте маңызды. Рефлексия әр тұлғаның өзін-өзі танып, дамуындағы басты құрал. 
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, 
бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: кейс, түсіндіру. 


Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы 
ұпайлардың үлестірілуі: 
Жеңіл
деңгей
1.Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламаларға түсінік беріңіз. 
2. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарларын сипаттаңыз. 
3. Кәсiби өсудегі кедергiлерді атаңыз. 
Орта деңгей 
1.Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы рефлексия мәнін түсіндіріңіз. 
2.Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен 
бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік 
ұғымдарын ашықтаңыз. 
3. Кәсіби өзін-өзі анықтау талаптарын сипаттаңыз. 
Күрделі деңгей
1.Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар айырмашылығын 
көрсетіңіз. 
2.Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдарын тұжырымдаңыз. 
3.Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромын тұжырымдаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет