Лекция тақырыбы: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.07.2023
өлшемі477,55 Kb.
#103989
түріЛекция
  1   2   3


№7 Лекция тақырыбы: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы 
1. Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Кәсіби 
әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде 
бағдарламалар жасай алу; 
2. Нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды 
зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу; 
3. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді 
түрде қорғай білу. 
 
2. Лекция мазмұны: Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби 
маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби 
тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың 
ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен 
мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби 
сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы. 
Адамның жан дүниесін терең зерттеген психолог ғалымдар мынадай анық 
ақиқатты байқаған. Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, 
оның бағалы тағдыры қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас 
өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек 
екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола 
бастайды. Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін 
оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең 
маңызды шаруа. Күндердің күнінде белгілі бір өткелге жеткен кезде кез келген адам 
баласын «Адам не үшін өмір сүреді?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақ кез-келген екі 
аяқты ақылды пенденің отыз жастың орта шеніне келгенде сүрінетін сауалы. Психология 
ғылымының ғұламалар былай дейді. Кез-келген істі атқарып, оны соңына дейін жеткізіп 
жасағанда оның мәні мен мағынасы адамның жүрегіне айқын сезіліп тұрмаса пенде ол 
істен міндетті түрде жалығады. Адамның басқа мақұлықтардан айырмашылығы сонда 
мәні кеткен, мағынасы жоғалған жұмыстарды жасаудан жалығып, ақырында мезі болып, 
ол істен түбегейлі бас тартады. Мән мен мағынаны тауып, сезу жолында тазалық пен 
әділдік міндетті түрде болуы шарт. Адам жанының қалауы сол. Адамның өміріне лас 
заттар көп араласа беретін болса, адамның денесіндегі таза, пәк жан жаман күнәләрға 
белшеден бата беруден бас тартып қашады. Орыстың психолог ғалымы Леоньтев «ащы 
кәмпит феномені» деп аталатын тәжірбие жасаған. Мектеп жасына толмаған сәбиге екі 
түрлі міндет жүктейді. Бала бұл жұмыстарды бір орында қаққан қазықтай қозғалмай, 
шағын шеңбердің аясында орындауы шарт. Бірақ бұл мүлде мүмкін емес еді. Бала 
тапсырманы бір жерден екінші бір жерге қозғалғанда ғана орындай алады. Егер бала 
тапсырылған міндетті бір орында бұлжытпай орындаса, ақысына тәтті кәмпит алады. 
Бірақ бала әрі ойланып бері ойланып, тапсырма тек қозғалған жағдайда ғана толық 
бітетінін түсінеді. Енді тәжірибе жасаушы ғалым бөлмеге сәбиді жалғыз қалдырып, өзі 
сырттан бақыламақ болады да бір сылтау айтып бөлмеден шығып кетеді. Осы сәтті 
пайдаланған сәби шартты бұзып, жылжып барып айтқан тапсырманы орындайды. 
Артынша ғалым бөлмеге кіріп, ештеме байқамаған кісіше, тапсырманы тексереді 
де, риза болған кейіпте уәде бойынша балаға тәтті кәмпитті ұсынады. Ең қызығы жаңа 
ғана өте маңызды болып көрінген тәтті кәмпиттің табан астында сәби үшін мәні 
жоғалады. Ол арам жолмен табылып тұрған тәтті кәмпитті жеуден түбегейлі бас тартады. 
Мұндай сәтте кейбір жаны нәзік сәбилер жылап та жіберуі мүмкін. Әлі дүние кірімен 
былғанбаған баланың таза жаны әділетсіз жолмен келген тәтті кәмпитті ала алмай қатты 
қиналады. Міне осылайша әр істелген іс тек адалдық пен тазалықтың негізінде мәнге ие 
болады. Адамның жануардан айырмашылығы да осы арада деп қорытады ғалымдар. 
Өкінішке орай бала өсіп, дүние кіріне былғанған сайын баяғы тазалығын жоғалта береді. 
Ақырында керісінше әділетсіз істерден ләззат алатын «қиянатшыл нәпсі» сезімі адам 
денесіне біржола қожалық етеді. Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін, мағынасын белгілі 


бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның 
мәні де тезірек байқалады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара 
жатқан өмір деген абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға 
болады.Өмірдің мәнін анықтау үшін сенің өмірің бітіп, аяқталып қалса да мәңгі жалғаса 
беретін түпсіз нәрсемен анықталуы тиіс дейді ғалымдар. Олай болса өзін ұлы тұлға 
сезінетін адамдар тәкәппарлықтан тыйылуға тура келеді. Әр адам «Мен жерді тіреп тұрған 
негізгі ұстын не болмаса күллі ғаламның кіндігі емеспін. Сондықтан менен де маңызды, 
менен де қадірлі нәрсе болуы тиіс. Менің найзағайдай жалт еткен шолақ ғұмырым ұшы 
қиыры жоқ мәңгіге созылып жатқан бітпес бір ғұмырдың титімдей бөлшегі деп 
ойлансын». Осы бір өте елеусіз көрінетін бір адамның ғұмыры әлемдегі өз орнын дұрыс 
анықтап, қоғамдағы «кетігін» тауып қаланғанда ғана мәні ашылады. Ал ол адам өмірде 
өз орнын табу үшін өзге адамдардың өз орындарын табуына кесірін тигізбеуі керек. 
(Өкінішке орай барлық жерде, ұжымда, жұмыста, қызметте адамдар керісінше әрекет 
еткісі келіп тұрады) Міне, осылайша гармония, сыйластық, барлық адамға деген игі тілек, 
жақсы ниет дүниеге келеді. Осы мақсаттарға жету жолында көп адамның айнымас 
темірқазығы ретінде жармасатын құнды заты — Құдай.Ерте замандарда адамдар сауаты 
саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай 
алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің 
туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды 
қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-
сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, 
қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» 
«Тағдырымның 
мәні 
не?»-деген 
сұрақтармен 
басы 
қата 
бастады. 
Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-
ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап 
берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен 
бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. 
Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте 
өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз 
адамдар қоғамда жетіп артылады. Кейін келе дін әсері әлсіреп, утилитаризм 
деген этикадағы тың бағыт, жаңа «ауру» пайда болды. Бұл қолмен ұстап, көзге көретін 
заттарды бағалап, соларға табынаудан барып шыққан мәдениет. Бұл ағымның негізгі 
қозғаушы күші — коммунизм. Яғни көзге көрінетін нәрселерді ғана бағалап, сол үшін 
адам бар өмірін арнауы керек. Жалпы осы мақсатқа жету үшін барлығынан тайсалмауға 
болады. Тіпті коммунистер көздеген мақсатқа жету жолында бұқара халықты 
құрбандыққа шалса да түк етпейді деп санайды. Юлий Шрейдер атты философ 
«утилитаризм — барлық абсолютті нәрселерден уақытша ғана өмір сүретін жетістіктерді 
жоғары бағалайтын болғандықтан, этиканы түбінен шірітіп құртады» деп есепетейді. Бұл 
ілім қоғамға үстем болғанда, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін санаулы ғана адам сұрыптап 
беріп отырады. Ал, қалған бұқара халық солармен айтқанымен жүріп-тұруы керек.Шыны 
керек, бұл Ұлы Сұрақтың жауабын көп іздеп, еңбектенген, сол арқылы қоғамға жаңалық 
әкелген данышпан — Лев Толстой болды. Толстой атамыздың жанайқайы бүкіл Орыс елі 
тұрмақ, еуропа жұртын да дүр сілкіндірді. Орыс әулиесі «өмірдің мәні адам рухының 
үздіксіз дамып, бойындағы Құдай сипаттарын барынша ашу. Құдай рухын нәпсі 
қалауының қара балшығынан аршып алып, күллі жаратылысқа деген махаббатын ояту» 
деп түйді. Ақылман Толстой жас жеткіншектерге арнап жазған «Өздеріңе сеніңдер» деген 
өсиетінде, «Балалықпен қоштасқан соң саналарыңды «Мен кіммін? Мен бұл өмірде не 
істеп жүрмін?-деген сұрақтар мазалағанда, бұл сұрақтардың жауабын таба алатындарыңа 
сенімді болыңдар. Сұрақтарға жауап іздегенде данышпан, даналар ұсынған жауаптар 
саналарыңда, туыстарың айтқан пікірлермен сәйкес келмесе қорқып, шошымаңдар. Пікір 
қайшылығынан әсте де қорқуға болмайды. Керісінше, пікір қайшылығының ұлғайуы сенің 
Құдай сипаттас рухыңның ояна бастағанының айқын белгісі. Дәл осы екі жауаптың бір-


біріне сәйкес келмеуінің астарында өмірдің шын мағынасы көміліп жатыр. Он 
бес жасымда осы сұрақтар алғаш рет мені де мазалап бастағанда өз бетімше жауап 
беруден қаймыққам. Айналамдағы адамдардың тынымсыз қайталай беретін қате пікірін 
мен де еріксіз қабылдағам. Осы қате қадамның азабын өте ұзақ тарттым. Ия, сонымен аса 
құрметті өскелең ұрпақ бөтен адамдардың өздері түсінбесе де таңып сөйлейтін 
пікірлеріне мән берместен, шынайы түрде өмірлеріңнің мәнін ашып, түсініп алуға 
тырысыңдар. Сендердің бұл талпыныстарың жас адамның бойындағы жәй ғана 
орындалмайтын арман, құлшыныс қой деп бейпіл сөйлейтін адамдардың сөзіне әсте құлақ 
аспаңдар. Жан дүниелеріңде алғаш рет Құдай сипаттас сезімдерің ояна бастағанда оның 
қаншалықты маңызды екенін барынша терең сезініп, бұл ең Ұлы сезімнің әлсіз 
жалынын сөндіруге жол бермеңдер. Керісінше жастық шақтың барлық күш қуатын 
пайдаланып бұл шоқтың өршеленіп жануына бар күш жігерлеріңді салыңдар. Дәл осы рух 
сәулесінің күш алып, алаулап жануына барлық адамның ең ұлы қуанышы мен бақыты 
байланған».Алайда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында өмірдің мәні деген мәселе басқа 
қырынан қайта қаралды. Себебі, жаңа ғасырдың басындағы жұмыссыздық салдары адам 
санасына соққы боп тиіп, көп адам қайғы-қасіретке ұшырайды. Ең қызығы мемлекет 
жұмыссыз халыққа аштан өлмейтін ас-су беріп отырса да, құр босқа ішіп-жеп жата 
беруден жалыққан адамдар өмірінің мәнін жоғалтып, ақыл естерінен айрылады. Екінші 
дүние жүзілік соғыстан соң өндіріс индустриясын жақсы жолға қоя білген Еуропа мен 
АҚШ адам өмірін айтарлықтай жақсартты. Алайда бұл проблемалар олардың ішкі рухани 
әлемінде болатын күйреу сезімін шешіп бере алмайды. Осы құбылысты дәл байқаған 
Американдық псхологтар «жексенбілік невроз» деген жаңа диагноз қояды. Психолог 
мамандарға келіп шағымданған менеджерлер демалыс күндері жан дүниелерінің құлазып 
тұратыны туралы айта бастайды. Жағдайлары жақсы болса да жүрегінде үңірейіп тұрған 
бос апанды әйел, бала-шағасы толтыра алмайтындарын айтады. Осындай проблемалардан 
құтыла алмаған көптеген менеджерлер ақырында ақыл-есінен айрылып қаңғып кеткен. 
Адамдaрдың өмір мәнін табуға ұмтылатын талпынысын жан-жақты зерттеген психолог 
ғалымдардың тағы біреуі — Виктор Франкл еді. Ол «адамдарды талпындырып тұратын 
күш-өзінің өмір сүруінің түпкі мағынасын тапсам деген ой. Көптеген адамдар өзін-өзі 
өлтірудің, жынданып кетудің, араққа салынып кетудің, наркотикке ұрынудың негізгі 
себебі осы сұрақтың жауабын таба алмай шатасуда деп пікір түйген. Виктор Франкл 
екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында Австрияда тұрып жатты. Фашистік Германия 
Австрияны басып алған соң ұлты еврей Франклдің жағдайы мүшкіл болады. Ол сол кездің 
өзінде хәм атақты психолог, ғалым болғандықтан АҚШ оны қуана-қуана 
шақырады. Бірақ Франкл қартайған ата-анасын жау қолына қалдырып кетуге дәті бармай 
отбасында қалады. Көп ұзамай фашистер оны тұтқындап, лагерге әке-шешесімен бірге 
тоғытады. Лагерде ата-анасы ұлдарының қолында қайтыс болады. Адам жанының құпия 
сырларын зерттеп үйренген ғалым лагерде де тұтқын жандардың тіршілігін жіті бақылап 
зерттей береді. Тұтқындарды мал секілді қорлай беретін фашистер түрмедегі кез келген 
бейшараны әр түрлі сылтаумен өлтіріп тастауға ұмтылып тұратын. Концлагерге алғаш 
келіп кіргенде көбінің ойы мынадай болатын. Бұл жерден денсаулығы темірдей жастар 
мен мығым денелі азаматтар ғана тірі шығатын шығар. Біз секілді жасы келіп, шау 
тартқандар мына азапқа бір апта да шыдамас деп қайғырады. Арада үш жыл өткенде 
жағдай мүлде басқаша болып өзгереді. Осы арада кітаптан үзінді келтіре кететін мынадай 
қызықты фактілер бар. «Өзін өзі өлтіру туралы ой біздің әр қайсымызды да мазалайтын. 
Айналаңда адамдар топырлап өліп, ажал қаупі әр күн, әр сағат сайын төбеңде төніп тұрған 
соң еріксіз өлу туралы ойлап кетесің. Мен түрмеге түскен күні кешке өзіме өзім «сымға 
барып асылмаймын» деп серт бердім. Бұл фраза тұтқындар арасында жиі қолданылатын. 
Ауыр азап пен ит қорлыққа шыдай алмаған кейбір бауырлар өте жоғары кернеудегі тоғы 
бар сым тартылған қоршауға барып асылып қалатын». Осылайша Франкл әу бастан ақ 
миынан өзін өлтіру туралы ойларды аластап қуып шығады. Керісінше түрмеде 
денсаулығы мықты күшті азаматтардан гөрі кеудесінде үміті күшті, алда арманы бар, 


өмірінде белгілі бір мақсатқа ұмтылған ақжүрек адамдар әлдеқайда шыдамды әрі өміршең 
боп шығады екен. Тамақтарын тығылып жеген, біреудің нанын ұрлаған, тапқан дәрілерін 
өзі ғана ішіп емделгендер, ауыр жұмыста өзінің ғана шаруасын тындырып жолдасымен 
жұмысы болмаған өзімшіл жас жігіттердің түгелге жуығы түрмеде ажал құшты деп 
жазады. Тіпті керек десеңіз фашистерге сатылып, жағдайы жақсы болды дегендердің 
өздері сүзектен өліп жатты. Қақаған аязда жолдасына соңғы киімін, мұзда тұрғанда жалаң 
аяқ қалып қойған досына екі етігінің біреуін шешіп берген, сабындай қара нанды бөлісіп 
жеген альтруистер түрменің тозағынан тірі шығады. Осыдан барып, «Адам жаны сірі. 
Егер ол өлмеймін деп үлкен мақсатқа талпынатын болса азап тартып бұзылған, күйреген 
тәнін қалпына қайтадан келтіріп алады» деп түйін жасайды. Франкл түрмеде жатып және 
мынадай қызық құбылысты дәл байқаған. Түрменің іші адам шошитын жер болса да 
жанға қуат болар қуанышты сәтті ол жерден де табуға болатын дейді. Ауыр жұмыстан 
өлейін деп әрең келген соң біздерді тамақ ішуге асханаға жіберетін. Ол жерде бізбен бірге 
қамауда жатқан Ф. есімді аспаз бартын. Оның басқалардан айрымашылығы сол, ешқашан 
тұтқындарға сорпа құйғанда олармен тамыр-таныстығына, туыстығына қарамайтын. 
Өзгелер болса танысы не туысы келе қалса қазанның түбін қопарып, сорпаның қоюуын 
құйып беруге барын салып бағатын. Ф. Аспаздың сол болмашы әділдігінің өзі кеудені 
қуанышқа толтырып, адам рухына әл беретін. Лагерде кімнің ажал құшатынын алдын ала 
оп-оңай білуге болатын. Әдетте, тұтқындардың біреуі болашақ өмірден үмітін үзсе өмірі 
де сол мезгілде қоса үзілетін. Ертеңгі күннен жақсылық күтуден біржолата түңілген 
жігіттер күнделікті ісінен жаңылатын. Таң ертең тұрып жуынбайтын. Қатарға барып 
қосылмайтын. Ұрып, соғып, қорқыту оларға ешқандай әсер етпейтін. Тіпті бірнеше күн 
далаға да шықпастан үлкен, кіші дәретіне былғанып жата беретін. Ең соңғы күні 
қалтасының қуысына тығып қойған ең соңғы шылымын алып шегеді. Сол кезде оның сол 
күні өлетіні анық болады. Олармен тілдескенде маған беретін жауабы әманда біреу еді: 
«Маған келешектен күтетін дым да қалған жоқ!». Менің түрмедегі және бір танысым 
қызық жағдайда жан тапсырды. Бір күні ол маған өзінің ғажайып түс көргенін айтып 
берді. Түсінде бір дауыс оған менен білгің келген нәрсе болса сұрай 
бер мен сұрақтарыңа жауап берем деп тіл қатыпты. Мен: түрмедегі мына азап қашан 
бітеді деп сұрадым. Дауыс маған «30 наурызда бітеді» деп жауап берді. Бұл оқиға 1945 
жылдың ақпан айында болды. Менің досым осы көрген түсін айтқанда оның өмірге деген 
құштарлығы өте жақсы болатын. Кеудесі де үміт пен сенімге толатын. Себебі, ол көрген 
түсін Құдайдан келген аян деп нық сенетін. Арада зымырап бір ай өте шықты. Әне-міне 
дегенше 29 наурыз да болды. Бірақ біздің азат болатын түріміз жоқ. Сол күні кешке менің 
досымның ыстығы көтеріліп, ауырып, мазасы қаша бастады. Ол ертеңіне түрмеден 
босанып шықпайтынан көзі жеткен соң бірден құлазып, құлдырап кетті. Келесі күні 
азанда ол қайтыс болды. Адамның жаны туралы білетін кісі бұл құбылысты қиналыссыз 
түсінеді. Адам жаны үміттен кесіліп, жанына тірек болар сенім таппағанда денсаулықтағы 
иммун жүйесі де қоса құлдырайды. Менің досымның сенімі күйреп, үміті үзілгенде денеде 
қолайлы сәтті күтіп жатқан сүзектің бүкіл вирусы асқынып шыға келді. Осылайша ол бір 
күнде үмітсіздіктің құрбаны болды. Бірақ қалай болғанда да түсінде естіген дауыс оған 
дұрыс жауап берген. Расында да оның азапты өмірі 30 наурыз күні тоқтады ғой.Түрмеде 
өзін өзі өлтіреуге әркеттенген тұтқындарды құтқарып қалуға рұқсат етілмейтін. Фашистер 
өлгісі келгендерді ана дүниеге кедергісіз шығарып салғанды жақсы көретін. Мысалы, 
асылып жатқан адамдардың арқанын кесіп, оларға көмек көрсетуге тыйым салынған. Мен 
қасымдағы екі жолдасымды ажалдан алып қалдым десе де болады. Олардың екеуі де 
«Бізде болашақ жоқ. Ертеңгі күннен күтетін дәнеме де қалған жоқ» деп асылуға іштей 
дайындық қылып жүрген. Мен олардың екеуімен де сырластым. Сөйтсем біреуінің 
кішкентай баласы туыстарына еріп, шетелге өтіп кетіпті. Ол әлі сонда тірі екен. Мен оған 
қалайда сол балаға тірі жету керек. Онымен жолығып, ары қарай жаңа өмір бастауға 
мүмкіндік мол деп сендірдім. Ал екіншісі ғылыммен терең айналысатын ғалым екен. Ол 
соғысқа дейін бірнеше кітап та шығарып үлгерген. Бірақ жұмысы толық аяқталмаған. Мен 


оған қалай да тірі қалып, сол кітаптарды жазып бітіру керек деп үгіттей бастадым. 
Расында да сәлден соң оның кеудесінде үміт оты күшейіп, болашаққа ұмтыла бастады. 
Кейін екеуі де аман қалды.Азапқа толы төрт жыл артта қалған соң Франкл тұтқыннан 
босап шығады. Сол кезде оның түрінен адам шошитындай еді. Арсиған сүйектерді құр 
терімен қаптап қойған секілді. Бұрынғы үйі боса да жоқ. Кабинеті, кітаптары, бомбаның 
астында қалды. Он бес жыл көз майын тауысып, зерттеп жазған докторлық 
дисертациясын фашистер өртеп жіберген. Түрмеде ата-анасы, әйелі бақилық болып кетсе 
де, Франкл жаңа өмір бастайды. Кейін келе сырқаттанып жатқан ауру адамдарға өмірдің 
мәні туралы мазмұнды әңгімелер айтып, сырқат кісілердің жаңа өмір бастауына жәрдем 
қылады. Бұл ғылымды «логотерапия» яғни өмірдің шаттықа толы мән-мағынасын табу 
арқылы бақытты тағдырға қол жеткізетін ғылым деп атайтын. Ол осы ілімді дамыту 
арқылы ең атақты ғалымға айналады. Ғылыми атағы жөнінен онымен теңдес келетін 
ешкім жоқ еді. Көптеген қуатты елдердің президенттері, ғалымдары, философтары 
онымен жолығысып, өмірдің мәні туралы сөйлескісі келіп, өтініш жасайтын. Өмірдің 
мағынасын іздеу деген ұмтылыс кез келген адамға туа бітетін мінез. Осы 
талпыныстың шынайылығы мен тұрақтылығы пенденің бүкіл өмірінің қай 
арнаға ауатынын анықтап тұрады. Уақытша қызыққа алданып, өмірінің мағынасын 
жоғалтып алған адам бейне бір ауасыз бос кеңістікке шығып кетіп, қалқып жүргендей 
жағымсыз сезімге шырмалады. Бұл өмірде табан тірейтін тиянақты ештеме таппаған ғаріп 
жандар небір бақытсыздықты бастан өткереді. Оны психолог ғалымдар «экзистенциалды 
вакуум» деп атаған. Дәл осы «тіршілік вакуумы» адам тағдырында кездесетін күллі 
қасірет пен қайғының қайнар бұлағы деп санайды. Ең қызығы Франкл «өмірдің мәні рақат 
пен қызық» деп есептейтін философтарға үзілді кесілді қарсы шығады. Керісінше дәл осы 
қызық қуалайтын құмарлық адам өмірінің мәнін жояды. Сондықтан адамдар қиындықпен 
ізденіп, осы әлемге жасырылған өмір сырын тапсын деп қорытындылай келе бөтен 
адамды жақсы көріп, арланбай оның қызметін қылып, әжетіне риясыз жарағанда 
адамның өзі де тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Неғұрлым ол қасындағы серігіне, 
жолдасына, әріптесіне көмектесіп, соның көңілін тауып шаруасына жегілсе 
соғұрлым оның адамгершілік қасиеттері шыңдалып, ешкімге тәуелсіз тұлғаға айналады 
деп түйіндейді. Осылайша Освенцумдағы тозақи түрмеден тірі шыққан Виктор Франкл 
1997 жылы 92 жасында дүниеден көшті. Франклдың «адамзатқа пайдам тисе» деген игі 
арманы оны өмірдің ең қиын белестерінен аман-есен алып өтіп, ақыл есі алжымаған 
айқын қалпында о дүниеге салтанатпен шығарып салды. Сөз соңында оқушыларға 
мынадай ақиқаттарды бірнеше мәрте қайталап айтып, саналарына сіңіруге тырысу керек. 
Балалар сендер бұл дүниеге қасыңдағы жолдасыңды, сабақ беретін ұстаздарыңды күн 
сайын қуантып, оларға шаттық силау үшін ғана келдіңдер. Бозбала кезіңнен қартайып шау 
тартқанша сенің міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық силау. 
Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне 
қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, бодау, ақы күтпестен 
бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ! 
Елбасы: «Өмірдің мәні – Аллаға құлшылық етіп, Отанға адал қызмет қылу» «Бәрі 
өмірдің мәнін танығысы келеді… Мен аз жасаған жоқпын, өмірден алған тәжірибеме 
қарап айтарым, өмірдің мәні неде деп ойлану құр дүние. Өмірдің мәнін Жаратушы Алла 
туған кезде қанымызға сіңірген, сондықтан, әуел баста-ақ қай уақытта не істейтініміз, 
қашан оқу оқимыз, қашан үйленіп, қанша жыл өмір сүріп, қашан өмірмен 
қоштасатынымыз маңдайымызға жазылып қойған… Сондықтан, өмірдің мәні не деп 
ойлаудың қажеті жоқ. Тағдыр деген бар… Тағдырдан бір сәт те кейін, не ілгері жүре 
алмаймыз. Бірақ, адамзат су тасқынынан сақтанамын деп, жер сілкінісінен қашамын деп 
шара қолданады ғой, үстіңе көлік құлап келе жатса, сен секіріп қашасың ғой. Сол сияқты, 
тағдырдың кейбір сынақтарымен сен күресе аласың және жеңе де аласың», — деген 
Елбасы өмірдің мәнін алыстан емес, өмір сүріп отырған бүгінгі күннен іздеу керектігін 
еске салды. «Сондықтан, өмірдің мәні қарапайым адам үшін – жақсы өмір сүру, өз 


Отаныңның болашағы үшін еңбектену. Бүгінгі күнмен өмір сүру. Ал, біз «қай жерден 
қателестім екен» деп үнемі не кешегі күнмен, «ертең не болар екен деп» не ертеңгі күнмен 
өмір сүреміз… Біз ертең не болатынын білмейміз ғой. Қазір мен осы жерде сөйлеп 
тұрмын, 5 минуттан кейін бұл тарихқа айналып шыға келеді… Енді оралмайтын нәрсені 
ойлап не қажеті бар? Кеткен кетті ғой… «20,30 жылдан кейін не болар екен деп» тағы 
айтамыз. Біз, тіпті, ертең не болатынын білмейміз. Табиғат пен Жер-ана соншалықты 
«нәзік», оның айналасында неше түрлі қауіп бар. Адам басына келетін неше түрлі нәрсе 
бар. Оның барлығын ойласаң, өмір сүре алмайсың. Алла бізге жан берген кезде қашан 
өлетініңді айтқан жоқ, оны білетін болсақ, өмірдің өзі сұмдық болар еді. Сондықтан, 
өмірдің мәні, дінімізде айтылғандай, Аллаға қызмет ету, дұрыс өмір сүру…Өкінішке 
қарай, адамзаттың барлығы тура жолмен жүрмейді. Өмірдің мәні – жақсы, дұрыс өмір 
сүру, жақындарыңды жақсы көру, Отаныңды сүю, ұрпағыңа болашақ қалдыру», — деп 
Н.Назарбаев өз ойын қорытты. 
Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа 
тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен 
дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш 
басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді 
мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын 
бойға сіңіруіміз керек. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның 
болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана 
тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, 
бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры 
тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең 
басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр 
жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы 
мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, 
кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында 
сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен 
ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен 
озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. 
Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. 
Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, 
жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық-
тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік 
қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы 
жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен 
бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. 
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік 
қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ 
ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет 
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті 
алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», 
«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша 
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Қанымызға сіңген 
көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің 
толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. 
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы 
прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған 
жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды 
жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың 
ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. 
Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы 


жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, 
Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған 
даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар 
миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен 
шөлге айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы. Біз жаңғыру 
жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп 
жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді 
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен 
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда 
шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, 
қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті 
көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби 
тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – 
мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. 
Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең 
іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. 
Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға 
шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш 
идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. 
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және 
болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа 
жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең 
бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм 
мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды. Ұлттық жаңғыру 
деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. 
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. 
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. 
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? 
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру 
ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін 
көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін 
қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, 
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының 
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің 
бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық 
әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. 
Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен 
дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті 
екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі 
мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл 
жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. 
Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен 
жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі 
ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. 
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. 
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа 
тұстарынан бас тарту керек. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің 
қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған 
жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен 
ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан 


басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік 
мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің 
салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. 
Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі 
кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір 
дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, 
жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер-
туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз 
білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 
елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім 
екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында 
білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді 
бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау-
мағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады. 
Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт-
тарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті. Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым 
алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға 
ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да 
ешкімнің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат 
ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана 
тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. 
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір 
ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. 
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. 
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. 
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. 
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. 
Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа 
интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады. 
Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң-
ғыруы еді. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен 
жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз 
бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік 
беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына 
түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының 
дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде 
мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана 
қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың 
беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін 
өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп 
келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. 
Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, 
саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды 
дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі. Көптеген проблема әлемнің қарқынды 
өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында 
қалуынан туындайды. 
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби 
байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай 
және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей. Еуропалық Одақтың 
400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа 
да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар 
ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, 


жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе бұған да 
тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, ол 
дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не 
болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны 
алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір 
салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы 
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің 
тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы 
держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай-
даланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық 
болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық 
зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, 
терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде 
қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. 
Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар 
ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың 
байыбына барып, түсіне де алмай қалады. 
Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-
әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі 
дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы 
қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – 
кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-
психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді 
жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы 
процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі 
болып саналады.Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік 
өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол 
кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.Сондықтан, 
тұлғалық-кәсібилік даму, өсу — адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі 
басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, 
өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады. .А. 
Абульханова, Э.Ф. Зеера, Е.А. Климова, Н.С. Пряжникова, П.Г. Щедровицкйдың кәсіби 
өзін-өзі анықтаудағы рефлексия мәні туралы ойларын дамытсақ, кәсіби өзін – өзі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет