11- лекция.
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері
Лекция жоспары:
1. Отбасының қызметтері, типтері.
2. Отбасындағы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері.
3. Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің
ролі
Лекция мақсаты:
Отбасы тәрбиесінің негіздері туралы түсіндіру.
Лекция мәтіні:
Отбасы дегеніміз — кішкентай ғана әлеуметтік-психологиялық топ, оның
мүшелері некелік немесе туысқандық қатынастармен, ортақ тұрмыспен және
өзара моральдық
жауапкершілікпен байланысқан, ал ондағы әлеуметтік
қажеттілік қоғамның халықты нақты және рухани өсіріп-өндіруге деген
қажеттілігінен туындайды.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: «Отбасы —
некеге немесе туысқандыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері өзара
ортақ
тұрмыспен,
өзара
көмекпен,
моральдық
және
құқықтық
жауапкершілікпен байланысқан».
С.И.Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» бұл
ұғымға келесідей анықтама
беріледі: «Отбасы —бірге тұратын жақын туысқандар тобы. Ортақ
мүдделермен топтасқан адамдардың бірлестігі».
Əлеуметтанушылық тұрғыда «отбасы» ұғымы, әдетте, ортақ өмір, ортақ
мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тәрбиелеуге
балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп қабылданады.
И.В.Злобинаның «отбасы» ұғымына деген көзқарасы да назар аударарлық,
ол: «Отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылықты, туыстықты, туғандықты, бірге өмір
сүруді, ортақ шаруашылық жүргізуді, бірлесіп тәрбиелеуді,
асырап-сақтауды
қамтитын күрделі құқықтық ахуал болып табылады», дейді.
Осылайша, отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі құрылым
болып табылады, ол қоғамның шағын әлеуметтік тобы; жеке тұрмысты
ұйымдастырудың аса маңызды түрі;
ерлі- зайыптылық одақ; ерлі-
зайыптылардың туыстармен, яғни бірге тұратын және ортақ шаруашылық
жүргізетін ата-аналармен, аға-інілермен, әпке-сіңлілермен, ата-әжелермен және
басқа да туысқандармен, көптарапты қарым-қатынастары.
Отбасы «неке» ұғымымен тамырлас. Бұл ұғымдар ортақ болғанымен, олар
синонимдер емес. Мысалы, орыс тіліндегі «брак» сөзі көне славяндарда «слюб»
— салтанатты түрде уәде ету,«слюбитись» — яғни ортақ келісімге келу деген
мағынаны білдіреді екен.
Неке (ерлі-зайыптылық) — ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік және
жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туындататын,
отбасын құру
мақсатында Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен
тараптардың еркін және толық келісімімен құрылған әйел мен еркектің
арасындағы тең құқылы одақ.
Отбасының атқаратын
функциялары дегенде осы қатынастар жүйесіндегі
(отбасындағы) қандай да бір субъектінің ерекшеліктерінің көрініс беруі,
қажеттіліктерді іске асыру жөніндегі белгілі бір әрекеттер деп түсіну керек.
Функция отбасылық топтың қоғаммен байланысын,
оның қызметінің
бағытын білдіреді. Алайда, функциялардың бір бөлігі өзгерістерге ұшырай
қоймайды, яғни тұрақты қалпын сақтайды, бұл ретте оларды қалыптасқан
немесе дәстүрлі деп атауға да болады. Олардың қатарына мына функциялар
жатады
:
репродуктивтік – өмірге
бала әкелу, халықтың өсіп-өну функциясы;
шаруашылық-экономикалық функция отбасының өмірі мен тұрмысын
ұйымдастыру, отбасылық бюджетті қалыптастыру мен жұмсау мәселелерін
қамтиды;
генеративтік (латынша
regeneratio
— қайта түлеу, жаңару) функциясы
белгілі бір мәртебені, ата-тегін, мүліктерді, әлеуметтік жағдайды мұрагерлікке
алу дегенді білдіреді;
оқу-тәрбие (әлеуметтену) функциясы — әкелік немесе аналық
қажеттіліктерді
қанағаттандыру, балалармен тығыз байланыста болу, оларды
тәрбиелеу, балалардың өмірдегі өз орнын табуы;
бастапқы әлеуметтік бақылау саласы — отбасы мүшелерінің өмірдегі әр
түрлі салалардағы тәртібінің моральдық тұрғыдағы реттелуі, сонымен қатар
ерлі-зайыптылардың,
ата-ана мен баланың, аға және орта буын ұрпақтар
арасындағы өзара қарым-қатынастардағы жауапкершілік пен міндеттердің
реттелуі;
рекреативтік (латынша