Лекция. Тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктері Лекция жоспары: Педагогикалық кәсіби қасиеттер



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.02.2022
өлшемі456,03 Kb.
#25361
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
-ұйымдастырушылық қабілеті — оқу-тәрбие үдерістерін дұрыс құра білу

-  қатынастық  сапа—  оқылатын  материалды  көкейге  қонымды  және 

бейнелі  етіп  баяндай  білу,  сөйлеу  мәдениетінің  жоғарылығы,  негізгі  және 

қосалқы информацияларды дәл ажырата білу т. б.; 

нақты  педагогикалық  міндеттерге  сәйкес  оқушыларды  таңдандыра, 

қызықтыра және шабыттандыру білу

 Педагогикалық  мақсаттағы  қиял  мүғалімге  оқушының  жеке  басын 

«жобалауға» және өз еңбегінің нақты нәтижесін көрсетуге жәрдемдеседі. 




Әрбір  студенттің  бейімділігі  —  өз  қабілетін  үнемі  жетілдіріп  отыру, 

институтта оқыған алғашқы күнінен бастап педагогикалық шеберлік сырларын 

меңгеру. 

  Мұғалімнің еңбегінің әлеуметтік құндылығы. 

  Ян  Амос  Коменский  мұғалімдерге  “ең  тамаша  міндетжүктелген,  күн 

астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ” деп жазды. 

  К.Д.Ушинский:  “Мұғалім  ісі  сырттай  қарапайым  болғанмен  –  тарихтағы 

ең ұлы істің бірі”. 

Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. 



Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. 

Мұғалім ең күрделі үдерістерді – жеке адамды қалыптастыру үдерісін 



басқарады. 

Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама 

Мұғалімнің  қызметі  өте  күрделі  әрі  көпсалалы.  Мұғалім  оқушының  жеке 

басының  дамуын,  қалыптасуын,  білім  беру  мен  тәрбие  және  оқыту  үдерісін 

басқарады.  Сондықтан  мұғалімнен  жан-жақты  терең  ғылыми  білім,  жоғары 

педагогикалық  шеберлік,  идеялық  шыныққандық,  саяси-моральдық  қасиет, 

табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі. 

Мұғалім  еңбегі  өзінің  мақсаты,  мазмұны  және  қоғамдағы  алатын  орны 

жағынан  ең  құрметті  болып  танылған.  Педагогикалық  қызмет  қиындығы  мол 

қызмет.  Себебі,  ол  бір-екілі  ғана  баланы  тәрбиелемейді,  ондаған  әр  түрлі 

қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, түсінігі 

мен  көзқарасы  әр  деңгейдегі  жасөспірімдерді  тәрбиелейді.  Олардың 

әрқайсысының  өзіндік  жекелеген  ерекшелігін  дамытады,  ынтымақты  тату, 

жарасымды  ұжымға  топтастырады.  Әр  балаға  жеке  адам  деп  шынайы 

қамқорлық  жасайды.  Адам  жанында,  қоғамды  да,  табиғи  ортаны  да  ізгілікке 

бөлейтін  пәрменді  ерекше  құрал  –  мәдениет.  Ал  мұғалім  мәдениетінің  қайнар 

көзі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім 

болашақтың  мүсіншісі  бола  алады  деген  сұрақ  туатыны  заңды.  Қазіргі  заман 

мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктің бірі  – жастарға рухани тұрғыдан 

ықпал  жасауды  күшейту,  сол  арқылы  еліміздің  нағыз  белсенді  азаматын, 

еңбеккерлерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім 

табиғат,  қоғам,  адам,  айнала  қоршаған  дүние  туралы  үнемі  ізденіп  біліммен 

қаруланғаны шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі де бала, ал 

оның  дамуының,  тәрбиесінің  заңдылықтарын  жете  білу  –  бірінші  кезектегі 

міндет. 


Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады. Себебі, 

бала  пассивті  материал  емес.  Мұғалім  еңбегі  өте-мөте  ептілікті,  сезгіштікті, 

шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім – бала жанын сезе білуге, 

түсінуге  бейім,  онымен  үнемі  бірге  болудан,  араласудан  жалықпайтын  және 

одан өзіне зор ләззат алатын адам. 

Мұғалімнің  балаға  деген  махаббаты  оның  бойындағы  барлық  қасиеттерді 

ауыстыра  алмайды,  қайта  басқа  қасиеттердің  айқын  көріне  түсінуіне  негіз 

болады.  Мұғалімнің  балаға  шынайы  сезіммен,  құрметпен  қарауы  балада  да 

мұғалімге деген сыйлау сезімін тудырады. Мектеп өміріне көз салсақ, балалар 



бір қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы немесе 

жек  көреді,  содан  кейін  біртіндеп  мұғаліммен  бірге  оның  беретін  физика  не 

химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан, балаға шын 

ықыласы  бар  мұғалімнің  өзінің  мамандық  қызметіне  де  қызығушылығы  арта 

түсетінін  көруге  болады.  Л.Н.Толстой  мұғалім  өз  ісіне  деген  сүйіспеншілікті 

оқушыға  деген  сүйіспеншілікпен  біріктіре  алмаса,  онда  ол  –  шын  мәніндегі 

қазіргі заманның мұғалімі бола алмайтынын өсиет етіп айтқан. 

Мұғалім  еңбегінің  ерекшелігі  оның  баламен  үнемі  қарым-қатынаста 

болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің 

жалпы  мәдениетінің  жоғары  дәрежеде  болуы  оның  интеллектуальдық 

мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық үдерісті тиімді 

ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. 

Қазіргі жағдайда басты міндеттердің бірі – білім сапасын арттыру алдынғы 

орынға  қойылып  отыр.  Сондықтан  мұғалімнің  білімділігі,  интеллектуалдық 

мүмкіндігі  жоғары  болған  сайын  оның  шәкірттерінің  білімге,  ғылымға  деген 

қызығушылығының  артуына  ықпалы  күшейе  түседі.  Сөйтіп,  мұғалім  өз 

заманының  ең  білімді,  мәдениетті  адамы  бола  отырып,  оқушыны  оқи  білуге, 

білім  ала  білуге  үйретеді.  Білімді  үнемі  толықтырып  отыру  күрделі  ғылыми 

пәндерді  терең  әрі  және  жан-жақты  игеру  қазіргі  мұғалімге  қойылатын  басты 

және айқын  талап. Бұл  үшін білім дәрежесі  ғана  шешуші мәнге ие болмайды. 

Оған қоса білімнің дәлдігі, жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. 

Адамның  педагогикалық  қызметке  жарамдылығы  білімнің  молдығында  ғана 

емес,  сол  білімнің үздіксіз  дамып  отыратындығында,  меңгеруге  ыңғайлылығы 

мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы 

тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мұғалімнің ғылыми 

білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда 

ол  мұғалімнің  кәсіптік  дәрежесінің  бір  ғана  көрсеткіші  бола  алады.  Алған 

білімді 


педагогикалық 

қызметтің 

мақсатымен, 

әдіс-жағдайларымен 

байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады. 

Өз  бетінше  ойлай  білу,  қиын  динамикалық  жағдайларда  жол  таба  білу  - 

қазіргі  заман  мұғаліміне  тән  кәсіби  бейне.  Ойлау  үдерісінің  әрдайым 

педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы 

мен әрекетіне өзіндік сипат береді. Бүгінгі мұғалім- балаларға білім беруші ғана 

емес,  сонымен  бірге  олардың  жаңадан  ғана  қалыптасып  келе  жатқан  сана  – 

сезімін  жоғары  дәрежедегі  рухани  байлыықтармен  байытушы,  балаларды 

қоғамдық  пайдалы  еңбекке  деген  қажеттілікті  оятушы,  оларды  өз  бетінше 

жаңалық  ашуға  ,  жаңалық  жасауға  үйретуші  әлеуметтік  белсенділігі  бар  жеке 

адамды  тәрбиелеуші.  Сондықтан  мұғалім  оқушылардан  осы  қасиеттерді  көру 

үшін,  ең  алдымен,  осындай  жақсы  жақтарды  өз  бойында  тәрбиелеуі  тиіс. 

Мұғалім  ешбір  қажымайтын,  өз  ісін  сүйетін,  өзінің  шығармашылық  деңгейін 

әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі. 

Мұғалім  -  өз  пәнін  оқытудың  әдістерін  жете  игерген,  шығармашылық 

еңбек  ететін,  педагогикалық  шеберлігін  үнемі  жетілдіретін  маман. 

Педагогикалық  шеберлік  –  идеялық-саяси  бағыттың,  жалпы  мәдениеттің, 

мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Мұғалім 



еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. 

Сөз  жоқ,  дарындылық,  аса  қабілеттілік  қай  мамандықта  болмасын  кездеседі. 

Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикалық 

шеберлік – кейбіреулерге ғана табиғаттың таңдап берген сыйы емес, ол үздіксіз 

ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына 

деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы. 

Шығармашылық  ізденіс  еңбектің,  мамандықтың  барлық  саласына  да  өте 

қажет,  ал  мұғалім  үшін,  ол  -  ұстаздық  дарындылыққа  жетудің  жолы, 

педагогикалық  еңбекте  шешуші  орын  алады.  Себебі  мұғалім  еңбегінің 

объектісі  –  жансыз  дүние  емес,  құрал-жабдық  өндірісі  де  емес,  өте  күрделі, 

қарама-қайшылықты  әрі  нәзік  тірі  организм,  жас  ұрпақтың  рухани  дүниесі. 

Мұғалімде  педагогикалық  қабілет  пен  бейімділіктің  болуы  –  оның  еңбегінің 

нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері 

мектептегі  кезден-ақ  біртіндеп  көріне  бастайды  да,  педагогикалық  жоғары 

оқумен әрі қарай дамып жетіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет