Лекцияның оқыту нәтижелері: 1 Психология пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын біледі
2. Психология пәнінің мән мәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана біледі
3. Пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіреді
Лекция мазмұны:
Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).
Психология – психологиялық құбылыстардың (жан қуаттрының) пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні – психика. Психика шын мәнінде ерекше зерттеу пән. Психика миға тән қасиет. Ми көптеген қасиетке ие, бірақ психика ерекше қасиет- айнала қоршаған ақиқатты бейнелендіретін қасиет.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі-«псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жантуралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялы-лардың көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңги бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойынның, сезімінің, еркіннің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Сонымен психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі санасының пайда болу, даму және көрініс беру заңдылықтары туралы ғылым.
Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiр-бiрiнен ажыралып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тәннен және көрiнбейтiн жаннан - бiрiнен-бiрi дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тәнiнде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетедi-мыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнiнен уақытша ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр тәжiрибесi негiзiнде топтайды. Әлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс құруға, iс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайым-даулар ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын құрады. Осы бiршама бiлiктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның бәрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық тәжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиетi үлгiлерiнен (мақал-мәтел, ертек, әпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмiр тәжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады.